Ошия 14:1—9

  • Ехобаға қайта оралуды өтіну (1—3)

    • Мадақтау сөздерін ұсыну (2)

  • Опасыз Исраилді сауықтыру (4—9)

14  “Уа, Исраил, Құдайың Ехобаға қайта орал+,Себебі сен өз қылмысыңның кесірінен сүріндің.   Мына сөздермен Ехобаға қайта оралып: —Қылмысымызды кешіре көр+, бізден жақсы нәрсені қабыл ала көр. Жас бұқаларды құрбандыққа ұсынғандай, саған мадақтау сөздерін ұсынамыз+.   Ассирия бізді құтқармайды+. Бұдан былай атқа мініп жүрмейміз+,Қолымызбен жасаған заттарға “Уа, Құдайымыз!” дейтін болмаймыз. Өйткені жетімге мейір-шапағат көрсететін өзіңсің ғой+,— деңдер.   Мен оларды сауықтырамын+, енді опасыздық жасамайды. Оларға деген ашуым қайтқандықтан+,Оларды өз еркіммен жақсы көремін+.   Мен Исраилге шық іспетті боламын,Сонда ол лалагүлдей құлпырады,Ливан ағашындай тамыр жаяды.   Ол өркен жайып,Даңқы зәйтүн ағашындай шығады,Жұпар иісі Ливан ағашындай аңқиды.   Халқым қайтадан мені саялайды. Олар егін егіп, жүзім іспетті гүлдейді+. Оның атағы Ливан шарабындай болады.   Ефрем: —Пұттардың енді маған қажеті не?— дейтін болады+. Өзім оған көңіл аударып, қамын жасаймын+. Мен жайқалған аршадай боламын. Саған жемісті өзім беремін”.   Кім дана? Сол осы жайттарды ұғып алсын. Кім парасатты? Сол осыларды біліп алсын. Өйткені Ехобаның жолдары түзу+,Әділдер сол жолдармен жүреді,Ал күнәкарлар сүрініп құлайды.

Сілтемелер