Ошия 3:1—5
3 Сосын Ехоба маған: “Қайтадан бар да, басқа еркектің сүйіктісі болып, азғындық жасап жүрген сол әйелді жақсы көр+. Сол сияқты, Ехоба да басқа тәңірлерге бет бұрып+, мейіз күлшелер* ұсынуды ұнататын Исраил халқын жақсы көреді+”,— деді.
2 Мен 15 күміс ақша және 1,5 хомер* арпа төлеп, әйелді қайтарып алдым.
3 Сөйтіп, оған: “Сен ұзақ уақыт менімен бірге тұрасың. Енді азғындық жасап, басқа еркекпен жақындаспа. Мен де сенімен жақындаспаймын”,— дедім.
4 Себебі Исраил халқы да ұзақ уақыт бойы патшасыз+, әміршісіз, құрбандықсыз, қасиетті бағанасыз, ефодсыз+, пұттарсыз*+ өмір сүреді.
5 Содан кейін Исраил халқы қайта оралып, Құдайлары Ехобаны+ және патшалары Дәуітті+ іздейтін болады. Соңғы күндері олар Ехобаның ізгілігін көру үшін, терең қастерлеу сезімімен оның алдына келеді+.
Сілтемелер
^ Яғни жалған ғибадатта қолданылатын күлшелер.
^ 1 хомер 220 л-ге тең. Ә14 қосымшасын қараңыз.
^ Сөзбе-сөз “терафим”, яғни отбасы тәңірлері.