Ошия 4:1—19

  • Ехоба Исраилдің ісін қарастырады (1—8)

    • Елде Құдай туралы білім жоқ (1)

  • Исраилдің пұтқа табынушылығы мен бейберекет азғындығы (9—19)

    • Азғындық рухы оларды адастырды (12)

4  Уа, Исраил халқы, Ехобаның сөзін тыңда,Ехоба осы елдің тұрғындарының ісін қарастырады+. Себебі бұл елде шындық та, айнымас сүйіспеншілік те,Құдай туралы білім де жоқ+.   Жалған ант беру, өтірік айту+, кісі өлтіру+,Ұрлық жасау, неке адалдығын бұзу+ кең етек алған,Қан төгістен қан төгіс+.   Міне, сондықтан бұл жер қайғырып+,Әрбір тұрғыны тоз-тоз болып, құриды. Даладағы аңдар мен аспандағы құстар,Тіптен теңіздегі балықтар да қырылады.   “Бірақ халқыңды ешкім ұрсып, сөкпей-ақ қойсын+,Өйткені олар діни қызметкермен дауласудан тайынбайтын адамдар+.   Сондықтан тіпті күндіз сүрінетін боласыңдар,Сендермен бірге пайғамбар да түнде жүргендей шалынады. Мен аналарыңның үнін өшіремін*.   Мені танып-білмегендіктен, халқымның үні өшеді*,Мені танып-білуден бас тартқандарың үшін+,Мен де сендерді діни қызметкерім болудан шеттетемін. Құдайларыңның заңын ұмытқандарың үшін+,Мен де сендердің балаларыңды ұмытамын.   Діни қызметкерлер көбейген сайын,Олар маған қарсы күнә жасауын да көбейтті+. Мен олардың салтанатын масқарамен алмастырамын*.   Олар халқымның күнәсінің есебінен тамақтанып,Оның қылмыс жасағанын көксеуде.   Діни қызметкермен не болса, халықпен де сол болады. Оларды жүрген жолдары үшін жауапқа тартамын,Істеген істерінің зардабын тартқызамын+. 10  Олар жейді, бірақ тойынбайды+,Бейберекет азғындық жасайды, бірақ балалы болмайды+. Өйткені Ехобаға еш құрмет көрсетпейді. 11  Азғындық, ескі шарап пен жаңа шарапАдамды дұрыс ниеттен айырады+. 12  Халқым ағаш пұттарымен ақылдасып,Таяқтары* не айтса, соны істейді. Азғындық рухы оларды адастырды,Азғындықтың кесірінен Құдайларына бағынғысы келмейді. 13  Тау бастарында олар құрбандық шалуда+,Төбелерде құрбандық түтінін шығаруда. Саясы жақсы болғандықтан,Емен, стиракс пен әрбір үлкен ағаштың түбінде де құрбандық әкелуде+. Сол себепті қыздарың азғындыққа барып,Келіндерің неке адалдығын бұзады. 14  Мен қыздарыңды азғындық жасағаны үшін,Келіндеріңді неке адалдығын бұзғаны үшін жауапқа тартпаймын. Өйткені еркектердің өздері салдақылармен оңаша қалады,Ғибадатханадағы жезөкшелермен бірге құрбандық шалады. Мұндай надан+ халық құриды. 15  Уа, Исраил, сен азғындыққа салындың+,Алайда, Яһуда, сен мұндай күнә жасама+. Ғылғалға+ да, Бет-Әбенге+ де барма,“Бұл — Ехобаның тірі екеніндей хақ!” деп ант беруші болма+. 16  Исраил қырсық сиырдай қасарысып алған+. Енді Ехоба оларды тоқты іспетті жайылымға жая ма? 17  Ефрем пұттарға үйір болып кеткен+,Өз бетімен жүре берсін! 18  Ол сырасы біткенде,Бейберекет азғындыққа салынады. Оның билеушілері* ұятты істерге құмар+. 19  Жел оны қанаттарына орап әкетеді*,Сонда ол құрбандықтары үшін ұятқа қалады”.

Сілтемелер

Немесе “жоямын”.
Немесе “жойылады”.
Мүмкін: “олар менің салтанатымды масқарамен алмастырды”.
Немесе “сәуегейдің таяғы”.
Сөзбе-сөз “қалқандары”.
Немесе “сыпырып тастайды”.