Ошия 5:1—15

  • Ефрем мен Яһудаға шығарылған үкім (1—15)

5  “Тыңдаңдар, діни қызметкерлер+,Ден қойыңдар, уа, Исраил үйі,Құлақ салыңдар, уа, патшаның үйі,Сендерге сот жүргізіледі. Өйткені Миспа үшін құрылған тұзақсыңдар,Табордың+ үстіне лақтырылған торсыңдар.   Жолдан тайғандар* қанды судай ағызды. Олардың бәріне ескертемін*.   Ефремді жақсы білемін,Исраил менен жасырын емес. Уа, Ефрем, бейберекет азғындыққа салындың. Исраил өз-өзін арамдады+.   Олардың істері Құдайға қайтуларына мұрша бермейді,Өйткені араларында азғындық рухы кең тараған+. Олар Ехобаны мойындамайды.   Исраилдің өркөкіректігі өзіне қарсы куә болды+. Исраил мен Ефрем өз қылмыстарынан сүрінді. Олармен бірге Яһуда да шалынды+.   Олар отар-табындарымен Ехобаны іздеді,Бірақ оны таба алмады. Өйткені Құдай олардан алшақтап кеткен еді+.   Олар бөтен балаларға әке болып,Ехобаға сатқындық жасады+,Бір ай оларды меншігімен қоса жалмап қояды*.   Гибеяда мүйіз керней тартыңдар+,Рамақта да кернейлетіңдер+! Бет-Әбенде+ атой салыңдар! Уа, Бениямин, сенің соңыңнан келеміз!   Ей, Ефрем, жазаға тартылған күні адам шошитын күйге түсесің+. Исраил руларына шүбәсіз болатын жайттарды жарияладым. 10  Яһуда әміршілері шегара белгісін жылжытқандарға ұқсайды+. Олардың үстіне қаһарымды судай төгемін. 11  Дұшпандарына еруге бел буғандықтан,Ефрем қысым көріп, әділ жазасын алып күйреуде+. 12  Сондықтан мен Ефрем үшін киімге түсетін күйе сияқты,Яһуда үйі үшін бүлдіретін шірік іспетті болдым. 13  Ефрем өз ауруын, Яһуда өз жарасын байқағанда,Ефрем Ассирияға барып+, ұлы патшаға хабаршы жіберді. Бірақ ол сендерді айықтыра алмады,Жараларыңды жазу қолынан келмеді. 14  Мен Ефрем үшін жас арыстандай,Яһуда үйі үшін күшті арыстандай боламын. Өзім оларды паршалап, тастап кетемін+. Оларды сүйреп әкетемін, ешкім құтқармайды+. 15  Мен орныма ораламын,Олар күнәсінің салдарын көргенше, сол жерде қаламын. Сонда олар ықыласыма ие болуға тырысады+. Қатты қиналғанда, мені іздейтін болады+”.

Сілтемелер

Немесе “бүлікшілер”.
Немесе “оларды жөнге саламын”.
Мүмкін: “олар бір айдың ішінде құрып кетеді”.