Ошия 7:1—16
7 “Исраилді айықтырмақ болған сайын,Ефремнің де қылмысы ашылып+,Самарияның зұлымдығы+ әшкере болады.
Өйткені олардың істейтіні — қулық-сұмдық+,Ұрылар үйлерге бұзып кіріп, қарақшылар далада тап беруде+.
2 Бірақ олардың бар зұлымдығын есіме алатыным қаперлеріне кірмейді+.
Өздерінің жаман істеріне әбден шырмалған.
Бұларының бәрі менен жасырын емес.
3 Олар залымдығымен патшаны,Қулық-сұмдығымен әміршілерді мәз қылады.
4 Бәрі шетінен неке адалдығын бұзушылар,Олар наубайшының жаққан тандырындай,Қамыр ашығанша, оты көселмесе де, лаулап жана береді.
5 Патшамызға арналған той күні әміршілер ауырды,Яғни шараптан олардың ашуы қозды+.
Патша мазақтағыштарға қолын берді.
6 Олар жақындағанда, жүректері жанған тандырдай ыстық*.
Наубайшы түні бойы ұйықтайды,Таңертең тандырда лаулатып от жағады.
7 Олардың барлығы тандырдай ысып,Өз билеушілерін жалмайды.
Патшаларының бәрі құлап+,Бірде-біреуі мені көмекке шақырмайды+.
8 Ефрем бөтен халықтармен араласып кетті+.
Ол екінші бетіне аударылмаған нан іспетті.
9 Бөтендер күшін жалмаса+ да, ол мұны білмейді.
Басындағы шашы ағарса да, мұны байқамайды.
10 Исраилдің өркөкіректігі өзіне қарсы куә болды+,Осының бәріне қарамастан, олар Ехоба Құдайларына қайтпады+,Оның ықыласын іздемеді де.
11 Ефрем аңғал көгершіндей парықсыз+.
Көмек сұрап, біресе Мысырды шақырады+,Біресе Ассирияға барады+.
12 Қайда барса да, олардың үстіне торымды тастаймын,Аспанда ұшқан құстар сияқты жерге түсіремін.
Қауымдарына берілген ескертуге сай жазалаймын+.
13 Менен қашқаны үшін олар қасіретке қалады!
Маған қарсы күнә жасағаны үшін ойран болады!
Оларды құн төлеп азат етпекші едім,Бірақ мен туралы өтірік айтты+.
14 Олар төсекте жатып, еңіреп жылағанымен,Мені шын жүректен көмекке шақырмады+.
Астық пен жаңа шарап болсын деп, өздерін тілгілейді,Олар маған қарсы бас көтерді.
15 Мен оларды тәрбиелеп, қолдарын нығайтсам да,Жамандық ойластырып, маған қарсы шықты.
16 Олар бет бұрды, бірақ шынайы* ғибадатқа емес.
Жібі босап қалған садақ іспетті сенімсіз+.
Әміршілері ащы тілдерінің кесірінен семсерден өледі.
Сол үшін олар Мысыр елінде күлкі-мазаққа қалады+”.
Сілтемелер
^ Мүмкін: “қулық-сұмдықтарымен жақындағанда жүректері жанған тандырдай”.
^ Немесе “асқақ”.