Ошия 8:1—14

  • Пұтқа табынушылықтың салдары (1—14)

    • Жел еккен дауыл орады (7)

    • Исраил Жаратушысын ұмытты (14)

8  “Аузыңа мүйіз керней ал+! Халық келісімімді орындамай+, заңымды бұзғандықтан+,Жау Ехобаның үйіне бүркіттей шүйлігіп келеді+.   Олар: —Уа, Құдайымыз, біз, Исраил, сені білеміз,— деп қатты дауыстайды+.   Исраил ізгі нәрседен бас тартты+. Ендеше, жау оның соңынан қусын.   Олар өздеріне патшалар тағайындады, бірақ менсіз,Олар өздеріне әміршілер тағайындады, бірақ менің рұқсатымсыз. Алтын-күмістерінен пұттар жасады+, бұлары түбіне жетеді+.   Уа, Самария, бұзау мүсініңді лақтырып тастадым+. Саған менің қаһарым қайнайды+. Қашанғы былғаныштан тазара алмай жүрмексің?   Бұл мүсін Исраилден шықты. Оны қолөнерші жасады, ол — шынайы Құдай емес. Самария бұзауының күл-талқаны шығатын болады.   Олар жел еккендіктен, дауыл орады+. Бидай сабақтарының ешбірінде дән болмайды+. Бірде-бір масақтан ұн алынбайды. Дән бола қалса да, оны бөтендер жалмайды+.   Исраилді жау жұтып қояды+,Енді олар бөтен халықтардың арасында+ Керексіз ыдыс секілді болып қалады.   Өйткені олар, жалғыз жүрген құландай, Ассирияға кетті+. Ефрем өзіне ашыналар жалдады+. 10  Олар ашыналарды бөтен халықтардан жалдаса да,Мен оларды бір жерге жинаймын. Олар патша мен әміршілер салған ауыртпалықтан қиналатын болады+. 11  Өйткені Ефрем құрбандық орындарын көбейтіп, күнә жасады+. Құрбандық орындары оларды күнәға батырды+. 12  Мен оған көптеген ережеден тұратын заңымды жазып бердім,Бірақ мұны олар жат нәрсе деп қарастырды+. 13  Олар маған сый-тартуға құрбандықтар ұсынып, ет жейді,Бірақ мен, Ехоба, бұларын жаратпаймын+. Қылмыстарын есіме алып, күнәлары үшін жазаға тартамын+. Олар Мысырға қайта оралды*+. 14  Исраил Жаратушысын ұмытып+, ғибадатханалар соқты+. Яһуда болса бекіністі қалаларын көбейтті+. Бірақ мен оның қалаларын отқа ораймын,Ол әр қаланың мұнарасын жалмап қояды+”.

Сілтемелер

Мүмкін: “қайта оралады”.