Ошия 9:1—17

  • Ефрем күнәларының кесірінен Құдайдан алшақтады (1—17)

    • Халық өздерін ұятқа қалдыратын құдайға бағыштады (10)

9  “Уа, Иерусалим, шаттанба+,Өзге халықтар сияқты қуанба. Өйткені азғындығыңның кесірінен Құдайыңнан алшақтап кеттің+. Әр қырманда азғындық жасап тапқан сыйақыңды ұнаттың+.   Енді қырман мен жүзім сығатын орын сені асырамайды,Жаңа шарап та болмай қалады+.   Олар бұдан былай Ехобаның жерінде тұрмайды+,Қайта, Ефрем Мысырға оралады,Ассирияда арам нәрселер жейтін болады+.   Ендігәрі олар Ехобаға шарапты тарту етіп төкпейді+,Құрбандықтарына ол риза болмайды+. Бұлары қасірет наны іспетті. Одан жегендердің бәрі арамдалады. Өйткені олардың наны өздеріне ғана арналған,Ол Ехобаның үйіне әкелінбейді.   Ехобаға бағышталған мейрам күні,Бас қосып жиналған күні не істемексіңдер?   Міне, елдің тас-талқаны шыққандықтан+, қашуға мәжбүр боласыңдар. Мысыр сендерді жинайды+, ал Мемфис жерлейді+. Күмістен жасалған бағалы заттарыңды қалақай басып,Шатырларыңның ішін тікенді бұта қаптап кетеді.   Құдай сендерді жазалап+,Есесін қайтаратын күндер келе жатыр,Исраил, осыны біліп қой. Пайғамбарың ақымақ болады, рухқа бөленген адамың есінен ауысады. Қылмысың бастан асатындықтан, саған деген өшпенділік те көп”.   Кезінде Ефремнің күзетшісі+ менің Құдайыммен бірге еді+. Ал енді пайғамбарларының+ жолы құс аулаушының тұзағы сияқты. Құдайының үйі өшпенділікке толы.   Исраил халқы Гибеяның күндеріндегідей әбден бұзылған+. Құдай олардың қылмысын есіне алып, күнәлары үшін жазаға тартады+. 10  “Мен Исраилді тапқанда, шөл далада жүзім бұтасын тапқандай болдым+. Ата-бабаларын көргенде, ерте пісетін інжір ағашын көргендей болдым. Бірақ олар Пеғор Бағалына бет бұрып+,Өздерін ұятқа қалдыратын нәрсеге* бағыштады+,Содан олар жақсы көрген сол нәрсесі сияқты жеркенішті болып кетті. 11  Ефремнің сән-салтанаты құс іспетті ұшып кетті. Бойына бала біткен, жүкті болған, босанып жатқан ешкім жоқ+. 12  Тіпті өсірген балалары болған күнде де,Олардан айырамын, бірде-бір адам қалдырмаймын+. Осылай теріс айналған кезімде, олар қасіретке қалады+! 13  Көгалға отырғызылған Ефрем мен үшін Тир+ сияқты болып еді. Ал енді Ефрем өз ұлдарын қырғынға ұшыратуға мәжбүр”. 14  Уа, Ехоба оларға беретініңді бер,Құрсақтарын түсік тастайтын, емшектерін сүт шықпайтын ет. 15  “Олар бар зұлымдығын Ғылғалда+ жасады, сол жерде оларды жек көріп кеттім. Залым істері үшін оларды үйімнен қуып жіберемін+. Оларды бұдан былай жақсы көрмеймін+,Әміршілерінің бәрі шетінен қырсық. 16  Ефрем қатты соққы алады+. Оның тамыры кеуіп, жеміс әкелмейтін болады. Бала туған күнде де, аяулы перзенттерін мерт қыламын”. 17  Өзіне құлақ аспағандықтан+,Құдайым олардан бас тартады. Содан олар халықтардың арасына қаңғып кетеді+.

Сілтемелер

Немесе “құдайға”.