Патшалар 1-жазба 15:1—34

  • Әбиям — Яһуда патшасы (1—8)

  • Аса — Яһуда патшасы (9—24)

  • Надап — Исраил патшасы (25—32)

  • Бағаса — Исраил патшасы (33, 34)

15  Набат ұлы Еробоғамның билік құруының+ он сегізінші жылы Әбиям Яһуда елінің патшасы болды+.  Ол үш жыл Иерусалимде билік етті. Оның анасы Әбішаломның* немересі Мағақ еді+.  Әбиям әкесі жасаған күнәлардан айырылмады, ол Ехоба Құдайына арғы атасы Дәуіт сияқты бар жүрегімен қызмет етпеді.  Бірақ Ехоба Құдай Дәуіт үшін+ Иерусалимде оның шырағын сөндірмей+, орнына ұлын патша етіп қойды, Иерусалимді де аман сақтап қалды.  Өйткені Дәуіт, хеттік Ұрияның оқиғасын+ есептемегенде, өмір бойы Ехобаға ұнайтынды істеп, оның бұйрықтарының бәрін орындап жүрді.  Робоғам мен Еробоғамның арасында өле-өлгендерінше соғыс тоқтамады+.  Әбиямның басқа істері жайлы Яһуда патшаларының тарихы баяндалған кітапта жазылған+. Әбиям мен Еробоғам да өле-өлгенше бір-бірімен соғысып өтті+.  Ақырында Әбиям ата-бабаларына қосылды да, сүйегі Дәуіттің қаласына қойылды. Ал оның орнына ұлы Аса+ таққа отырды+.  Аса Еробоғамның билік құруының жиырмасыншы жылы Яһуда елінің патшасы болды. 10  Ол Иерусалимде 41 жыл билік етті. Оның әжесінің аты Мағақ болатын+. Мағақ Әбішаломның немересі еді. 11  Аса арғы атасы Дәуіт сияқты, Ехобаға ұнамдыны істеді+. 12  Ол ғибадатханалардағы бұзылған еркектерді* елден аластатты+, ата-бабалары жасаған жеркенішті пұттардың+ да көзін құртты. 13  Аса патша тіпті өз әжесі Мағақты+ патшайым деген атағынан айырды. Себебі ол қасиетті бағанаға* табыну үшін жеркенішті пұт жасаған еді. Патша әжесі жасаған сол жеркенішті пұтты шауып тастап+, Қидрон аңғарында өртеп жіберді+. 14  Ал ғибадат төбелері жойылмады+. Сөйтсе де ол өмір бойы Ехобаға бар жүрегімен қызмет етті. 15  Аса патша әкесі және өзі бағыштаған* алтын-күміс әрі басқа да түрлі бұйымдарды+ Ехобаның үйіне апарып қойды. 16  Аса мен Исраил патшасы Бағаса+ өле-өлгендерінше бір-бірімен соғысып өтті. 17  Исраил патшасы Бағаса Яһудаға қарсы аттанып, Яһуда патшасы Асаның жеріне ешкім кіріп-шыға алмау үшін Рамақ қаласын+ соға бастады*+. 18  Сонда Аса патша Ехобаның үйі мен патша сарайының қазынасындағы бар алтын мен күмісті алып, қызметшілерінің қолына берді де, Дамаскіде тұратын Сирия патшасы Бен-Хададқа жұмсады+. Бен-Хадад Хезионның немересі, Табримонның ұлы еді. Аса патша оған: 19  “Екеуміздің де, әкелеріміздің де арасында жасасқан келісім бар емес пе?! Мен сізге сый ретінде алтын-күміс жіберіп отырмын. Исраил патшасы Бағаса менің жерімнен кері шегіну үшін, келіп, онымен жасасқан келісіміңізден бас тарта көріңіз”,— деген сәлем жолдады. 20  Бен-Хадад Аса патшаның сөзіне құлақ асып, әскерінің қолбасыларын Исраил қалаларына қарсы аттандырып, Ион+, Дан+, Әбел-Бет-Мағақ, бүкіл Кинерет пен Нафталим жерін түгел шапты. 21  Мұны естіген Бағаса Рамақты бекітуді қойып, Тирсаға+ келіп тұрақтады. 22  Аса патша болса яһудалықтардың бірін қалдырмай шақырып алып, Бағаса патша Рамақтағы құрылысқа пайдаланған тастар мен бөренелерді тасып әкелуді бұйырды. Патша солармен Бениямин жеріндегі Геба+ мен Миспа+ қалаларын салды*. 23  Асаның басқа әрекеттері — оның құдіреті, жасаған істері мен тұрғызған қалалары — туралы Яһуда патшаларының тарихы баяндалған кітапта жазылған. Ал қартайған шағында ол аяқ ауруынан зардап шекті+. 24  Аса ата-бабаларына қосылғанда, сүйегі солардың қасына, арғы атасы Дәуіттің қаласына қойылды. Оның орнына ұлы Жосафат+ таққа отырды. 25  Аса патша Яһуда еліне билік құрған екінші жылы Еробоғам ұлы Надап+ Исраил тағына отырып, екі жыл билік етті. 26  Ол Ехобаның көз алдында зұлымдық жасауын қоймай, Исраилді күнәға батырған әкесінің жолымен жүріп+, оның күнәсінан айырылмады+. 27  Исахар руынан шыққан Ахия ұлы Бағаса Надапқа қастандық жасап, філістірлердің қаласы Гибетонда+ оны мерт қылды. Бұл жағдай Надап пен күллі исраилдіктер Гибетонды қоршауға алып жатқанда болды. 28  Бағаса оны Яһуда патшасы Асаның билік құруының үшінші жылы өлтіріп, орнына өзі патша болды. 29  Ол таққа отыра сала, Еробоғамның үй ішін түгел қырып тастап, оның әулетінен тірі жан қалдырмады. Осылайша Ехобаның өз қызметшісі шилолық Ахия арқылы айтқан сөзі жүзеге асты+. 30  Бұл Еробоғамның өзі күнәға батып, Исраилді де күнәға батырғаны үшін, сондай-ақ Исраилдің Құдайы Ехобаны қатты қорлағаны үшін осылай болды. 31  Надаптың басқа да істері Исраил патшаларының тарихы баяндалған кітапта жазылған. 32  Аса мен Исраил патшасы Бағасаның арасында соғыс толастамады+. 33  Яһуда патшасы Асаның билік құруының үшінші жылы Ахия ұлы Бағаса Тирсада Исраил тағына отырып, 24 жыл билік етті+. 34  Ол Ехобаның көз алдында зұлымдық жасауын қоймай+, Еробоғамның жолымен жүріп, оның Исраил елін күнәға батырған істерінен айырылмады+.

Сілтемелер

Абессаломның басқа есімі болса керек.
Ғибадатханаларда еркектермен азғындық жасайтын еркектер.
Түсіндірмедегі “Қасиетті ағаш бағананы” қараңыз.
Немесе “киелі еткен”.
Немесе “бекіте бастады; қайта соға бастады”.
Немесе “бекітті; қайта салды”.