Патшалар 1-жазба 22:1—53

  • Жосафаттың Ахабпен одақтасуы (1—12)

  • Михаяның пайғамбарлығы (13—28)

    • Алдамшы рухтың Ахабты алдауы (21, 22)

  • Рамот-Ғалақатта Ахабтың қаза болуы (29—40)

  • Жосафаттың Яһудаға билік етуі (41—50)

  • Ахазия — Исраилдің патшасы (51—53)

22  Сирия мен Исраил елінің арасында үш жыл соғыс болмады.  Ал үшінші жылы Яһуда патшасы Жосафат+ Исраил патшасы Ахабқа келді+.  Исраил патшасы қызметшілеріне: “Рамот-Ғалақаттың+ біздікі екенін білесіңдер ме? Біз болсақ оны сириялықтардан тартып алмай қарап отырмыз”,— деді.  Сосын Жосафаттан: “Менімен бірге Рамот-Ғалақатты қайтарып алуға барасың ба?”— деп сұрады. Ол Исраил патшасына: “Екеуміз бірміз: менің халқым — сенің халқың, менің жылқым — сенің жылқың”,— деп жауап берді+.  Бірақ бұдан кейін: “Ехоба не дер екен, алдымен соны сұрап білші+”,— деді+.  Содан Исраил патшасы 400-дей пайғамбарды шақыртып, олардан: “Рамот-Ғалақатты қайтарып алу үшін соғысайын ба, жоқ па?”— деп сұрады. Олар: “Өрлеп барып, соғысыңыз, Ехоба оны патшамызға береді”,— деді.  Жосафат болса: “Мұнда Ехобаның пайғамбары бар ма екен? Сол арқылы да сұрап көрейік”,— деп ұсынды+.  Бұған Исраил патшасы: “Ехобадан сұрап білуге болатын тағы бір пайғамбар бар+. Оның аты Имлах ұлы Михая. Бірақ мен оны жек көремін+. Ол ешқашан мен туралы жақсы пайғамбарлық айтпайды, айтатыны — тек жамандық+,— деген еді, Жосафат: —Патша, олай деме”,— деп қарсылық білдірді.  Сонда Ахаб сарай қызметкерлерінің бірін шақырып алып: “Тездетіп Имлах ұлы Михаяны алып кел”,— деп тапсырды+. 10  Исраил патшасы Ахаб пен Яһуда патшасы Жосафат патша киімін киіп, Самария қақпасының алдындағы қырманда өз тақтарында отырған еді. Ал әлгі пайғамбарлардың бәрі олардың алдында пайғамбарлық етіп жатты+. 11  Бір уақытта Кенанах ұлы Седекия темір мүйіздер жасап алып: “Ехоба мынаны айтады: —Сириялықтарды мына мүйіздермен сүзгілеп, жойып жібересің”,— деді. 12  Қалғандарының бәрі де тап солай пайғамбарлық етіп: “Рамот-Ғалақатқа көтеріліп, жеңіске жетесіз. Ехоба оны патшамызға береді!”— деп жатты. 13  Михаяны шақыруға келген хабаршы оған: “Пайғамбарлардың бәрі патшаға тек жақсы хабар айтуда. Сенің сөздерің де солардың бірінікіндей болсыншы. Сен де жақсы хабар айт”,— деді+. 14  Бірақ ол: “Тірі Құдай Ехобаның алдында шын айтамын*, Ехоба не айт десе, мен соны айтамын”,— деп жауап берді. 15  Ол патшаның алдына келгенде, патша одан: “Михая, Рамот-Ғалақатты қайтарып алу үшін соғысайық па, жоқ па?”— деп сұрады. Ә дегеннен ол: “Иә, соғыс, жеңіске жетесің. Ехоба оны патшаға береді”,— деп жауап берді. 16  Патша оған: “Ехобаның атынан маған тек шындықты айт деп қанша рет саған ант-су ішкізуім керек?”— деді. 17  Сонда ол былай деді: “Күллі Исраилдің бағушысы жоқ қойлардай тау-тауларда бытырап жүргенін көріп тұрмын+. Ехоба мынаны айтады: —Бұлардың қожайыны жоқ, тыныштықпен бәрі үйді-үйіне қайтсын”. 18  Мұны естігенде, Исраил патшасы Жосафатқа: “Ол мен туралы жақсы пайғамбарлық айтпайды, айтатыны тек жамандық демеп пе едім?”— деді+. 19  Михая былай деп қосты: “Ендеше, Ехобаның сөзін тыңда, мен тақта отырған Ехобаны+ және оның оң жағы мен сол жағындағы күллі көк әскерін көрдім+. 20  Ехоба: —Ахаб Рамот-Ғалақатқа барып, сол жерде қаза болу үшін оны қайсысың алдайсың?— деп сұрап еді, біреуі мынаны, екіншісі ананы ұсынып жатты. 21  Ақырында Ехобаның алдына бір рух*+ келді де: —Оны мен алдаймын,— деді. Ехоба: —Қалай?— деп сұрағанда, 22  ол: —Мен барып, пайғамбарларының аузындағы алдамшы рух боламын+,— деді. Сонда ол: —Сен оны алдап, ісің алға басады. Бар да, айтқаныңды істе,— деп тапсырды. 23  Осылай Ехоба сол алдамшы рух арқылы мына пайғамбарларыңның бәрінің жалған сөйлеуіне жол беріп отыр+. Бірақ Ехоба сені пәлеге ұшыратуды шешіп қойған+”. 24  Сонда Кенанах ұлы Седекия Михаяның қасына барып, жағынан салып жіберді де: “Ехобаның рухы мені тастап, қалай саған барып қонды екен?!”— деді+. 25  Бұған ол: “Қалай екенін түпкі бөлмеге кіріп жасырынғаныңда білесің”,— деп жауап берді. 26  Сонда Исраил патшасы былай деді: “Михаяны қала әкімі Амон мен патша ұлы Жоғашқа алып барыңдар да: 27  —Патша мынаны бұйырды: “Мына кісіні түрмеге жабыңдар+. Мен аман-есен оралғанша, оған нан мен суды тиістісінен аз беріңдер!” деңдер”. 28  Бұған Михая: “Егер сен аман-есен келсең, мен арқылы Ехобаның сөйлемегені+!— деді де: —Уа, халайық, бәрің де тыңдап алыңдар!”— деп қосты. 29  Сонымен, Исраил патшасы мен Яһуда патшасы Жосафат Рамот-Ғалақатқа аттанды+. 30  Исраил патшасы Жосафатқа: “Мен киімімді ауыстырып, ұрысқа араласамын. Ал сен патша киіміңмен шық”,— деді. Сөйтіп, Исраил патшасы киімін ауыстырып+, ұрысқа араласты. 31  Сирия патшасы болса соғыс арбаларының үстінен қойылған 32 басшыға+: “Кішігіне де, ұлығына да алаңдаушы болмаңдар! Тек Исраил патшасымен шайқасыңдар!”— деп бұйырды. 32  Жосафатты көріп, олар: “Дау жоқ, мынау — Исраил патшасы”,— деп ойлап, ат басын соған қарай бұрды да, оған бас салмақ болды. Жосафат болса айғайлап, көмек сұрай бастады. 33  Соғыс арбаларының басшылары оның Исраил патшасы емес екенін түсінгенде, бірден кері бұрылды. 34  Сол кезде біреу садағын керіп, ата салып еді, жебе дәл Исраил патшасына тиіп, сауытының қатпарлары қосылған жерден кіріп, денесіне қадалды. Сонда ол арбакешіне: “Ат басын кері бұрып, мені шайқастан алып шық! Мен қатты жараландым!”— деді+. 35  Бірақ сол күні шайқас ушығып, Ахаб арбасын сириялықтарға қарама-қарсы қойып, ішінде тік тұруға мәжбүр болды. Кешқұрым ол көз жұмды+, ал жарасынан аққан қан соғыс арбасында кілкіп жатты. 36  Күн батарда исраилдіктердің қосында “Әркім өз қаласына, өз жеріне қайтсын!” деген айқай естілді+. 37  Осылай патша қаза болды. Оның сүйегі Самарияға әкелініп, сонда қойылды. 38  Патшаның соғыс арбасы Самариядағы хауызда жуылды, ал қанын иттер жалады. Бұл кезде хауызда жезөкшелер шомылып жатқан еді*. Осылай Ехобаның сөзі жүзеге асты+. 39  Ахабтың басқа да істері, піл сүйегімен+ қапталған сарайы, салған қалалары жайлы Исраил патшаларының тарихы баяндалған кітапта жазылған. 40  Ақырында Ахаб ата-бабаларына қосылды да+, орнына ұлы Ахазия+ таққа отырды. 41  Аса ұлы Жосафат+ Исраил патшасы Ахабтың билік құруының төртінші жылы Яһуда елінің тағына отырған еді. 42  Ол 35 жасында патша болып, Иерусалимде 25 жыл билік етті. Оның анасы Шилкидің қызы Азуба еді. 43  Жосафат әкесі Асаның+ жолынан таймай, Ехобаға ұнамдыны істеп жүрді+. Бірақ оның тұсында ғибадат төбелері жойылған жоқ. Халық бұрынғысынша сол жерлерде құрбандық шалып, құрбандық түтінін түтете берді+. 44  Жосафат Исраил патшасымен бейбіт қарым-қатынаста болды+. 45  Оның басқа да істері, ерліктері мен жүргізген соғыстары жайлы Яһуда патшаларының тарихы баяндалған кітапта жазылған. 46  Ол әкесі Асаның заманынан қалып қойған ғибадатханалардағы бұзылған еркектердің*+ көзін құртып, елді тазартты+. 47  Сол уақытта Едом+ жерінде патша болмайтын, елді аймақ әкімі басқаратын+. 48  Жосафат Опырдан алтын әкелу үшін Тарсис кемелерін жасатты+. Бірақ олар Есион-Геберде апатқа ұшырап, сол күйі сапарға шықпады+. 49  Сол жолы Ахаб ұлы Ахазия Жосафатқа: “Сенің кемелеріңмен менің де қызметшілерім барсын”,— деп ұсынған еді. Бірақ ол келіспеген болатын. 50  Ақырында Жосафат ата-бабаларына қосылды да+, сүйегі солардың қасына, арғы атасы Дәуіттің қаласына қойылды. Оның орнына ұлы Жорам+ таққа отырды. 51  Ахаб ұлы Ахазия+ Яһуда патшасы Жосафаттың билік құруының он жетінші жылы Исраил тағына отырып, Самарияда Исраил еліне екі жыл билік етті. 52  Ол Ехобаның алдында қайтпай зұлымдық жасап, әкесі+ мен шешесінің+ және Исраил елін күнәға батырған Набат ұлы Еробоғамның+ жолымен жүрді. 53  Ол әкесінің істерінен айырылмай, Бағалға қызмет етіп+, соған бас ұруымен Ехобаны қорлай берді+.

Сілтемелер

Немесе “Ехобаның тірі екеніндей хақ сөзім”.
Немесе “періште”.
Мүмкін: “Патшаның соғыс арбасы жезөкшелер шомылатын Самариядағы хауызда жуылды, ал қанын иттер жалады”.
Ғибадатханаларда еркектермен азғындық жасайтын еркектер.