Патшалар 1-жазба 4:1—34

  • Сүлейменнің сарайындағы лауазымды қызметкерлер (1—19)

  • Сүлейменнің тұсындағы өркендеу (20—28)

    • Халық қауіпсіз өмір кешіп, өз жүзімдігі мен інжірінің астында отырды (25)

  • Сүлейменнің даналығы мен нақыл сөздері (29—34)

4  Сүлеймен патша күллі Исраил еліне билік құрды+.  Оның қарамағындағы лауазымды қызметкерлері мыналар болды: Садық+ ұлы Азариях — діни қызметкер,  Шишаның ұлдары Елихореп пен Ахия — хатшы+, Ахилуд ұлы Жосафат — шежіреші+,  Еходай ұлы Бенаях+ — қолбасшы, Садық пен Әбиятар+ — діни қызметкер,  Натан+ ұлы Азариях — аймақ әкімдерінің басы, Натан ұлы Забуд — діни қызметкер әрі патшаның досы+,  Ахишар — үй басқарушы, Абда ұлы Адонирам+ — басыбайлы қызметшілердің+ қараушысы.  Сүлейменнің бүкіл Исраилдің үстінен қарайтын 12 аймақ әкімі болды. Олар патша мен оның үй ішінің ас-сумен қамтамасыз етілуіне жауапты еді. Әкімдер сол міндеттерін кезекпен жылына бір ай бойы атқаратын+.  Олардың аты-жөндері келесідей: Ефрем таулы өңірінің әкімі — Хұр ұлы;  Мақас, Шағалбим+, Бет-Шамиш пен Елон-Бет-Ханан әкімі — Декер ұлы; 10  Арубот әкімі — Хесед ұлы (Соқот пен бүкіл Хефер жері соның қарамағында еді.); 11  Дордың жоталы аймағының әкімі — Әбинадап ұлы (Ол Сүлейменнің қызы Тафатқа үйленген еді.); 12  Танақ пен Мегиддоның+ және Саретан маңында, Езрехелден төменде жатқан күллі Бет-Шеған аймағының+, сондай-ақ Бет-Шеғаннан Әбел-Мехола мен Екмоғам аймағына+ дейінгі жердің әкімі — Ахилуд ұлы Баған; 13  Рамот-Ғалақаттың+ әкімі — Гебер ұлы (Оның қарамағында Ғалақаттағы+ Манаса ұлы Жайырдың+ шатырлы ауылдары және Башандағы+ Арғоб өңірі+ де болды. Бұл өңірде дуалмен қоршалып, мыс ысырма салынған 60 үлкен қала бар еді.); 14  Маханаим+ әкімі — Иддо ұлы Ахинадаб; 15  Нафталим әкімі — Ахимағас (Ол Сүлейменнің Басемат деген қызын алды.); 16  Ашир жері мен Беғалоттың әкімі — Хушай ұлы Баған; 17  Исахар жерінің әкімі — Паруах ұлы Жосафат; 18  Бениямин+ жерінің әкімі — Ела ұлы Шимей+; 19  Ғалақат+ жерінің, яғни аморлықтардың патшасы Сихон+ мен Башан патшасы Ог+ билік еткен жердің әкімі — Ұри ұлы Гебер. Аты аталған аймақ әкімдерінің үстінен бір әкім қойылған еді. 20  Құм қиыршықтарындай көп Яһуда мен Исраил елі+ ішіп-жеп, қуанышпен өмір кешіп жатты+. 21  Сүлеймен болса Евфраттан+ філістірлер жері мен Мысырдың шегарасына дейінгі барлық патшалықтарға билік жүргізді. Олар Сүлейменнің көзі тірісінде оған қызмет етіп, салық төлеп тұрды+. 22  Сүлейменнің сарайында күнделікті жұмсалатын азық-түлік мөлшері келесідей еді: 30 кор* таңдаулы ұн, 60 кор өзге ұн; 23  бордақыланған 10 және жайлаудан әкелінген 20 ірі қара мал, 100 қой, сондай-ақ бұғы, киік, елік, семіртілген көкектер. 24  Сүлеймен Евфраттың+ батыс жағындағы Типсақтан Газаға+ дейінгі аймаққа және ондағы барлық патшаларға билік жүргізді. Оның қарамағындағы аймақтардың бәрінде тыныштық болды+. 25  Сүлейменнің тұсында Даннан Бер-Шебаға дейінгі Яһуда мен Исраил елі қауіпсіз өмір кешіп, әрқайсысы өз жүзімдігі мен інжірінің астында отырды. 26  Сүлейменнің арбаларға жегетін жылқысына арналған 4000* ат қорасы және 12 000 жылқысы* бар еді+. 27  Аймақ әкімдері Сүлеймен патша мен оның дастарқанынан ішіп-жейтіндердің бәрін азық-түлікпен қамтамасыз ететін. Олардың әрқайсысы өз кезегін атқаратын айда қажеттінің бәрі жеткілікті болуын қадағалайтын+. 28  Сондай-ақ әрқайсысы өз міндетіне сай, арбаға жегілетін және басқа да аттарға арнап, қажет болған жерлерге арпа мен сабан жеткізіп тұратын. 29  Құдай Сүлейменге асқан даналық пен ақыл-парасат және теңіз жағасындағы құм қиыршықтарындай мол түсінікке толы жүрек сыйлады+. 30  Сүлейменнің даналығы бүкіл шығыс елдері мен Мысыр данышпандарының даналығынан асып түсті+. 31  Ол барлық адамдардан ақылды болды. Оның даналығы езарахтық Етаннан+, Махолдың ұлдары Хеман+, Қалхол+ және Дардадан да артық болып, атағы айналадағы барлық халықтарға тарады+. 32  Сүлеймен 3000 нақыл сөз құрастырды+, 1005 өлең жазды+. 33  Ол Ливандағы қарағайлар сияқты алып ағаштар жөнінде ғана емес, дуалдан өсіп шығатын сайсағыз+ сияқты кішкентай өсімдіктер туралы да, сондай-ақ аңдар+, құстар+, бауырымен жорғалаушылар*+ және балықтар жайында тәлім беретін. 34  Сүлейменнің даналығын тыңдауға барлық ұлт өкілдері келетін. Оның даналығы туралы естіген патшалар да шартараптан келіп жататын+.

Сілтемелер

1 кор 220 л-ге тең. Ә14 қосымшасын қараңыз.
Кей қолжазбалар мен параллель тармақтарда осы сан көрсетілген. Басқа біреулерінде 40 000 делінген.
Немесе “салт атты жігіті”.
Бұған жәндіктер де кіруі мүмкін.