Патшалар 1-жазба 6:1—38

  • Сүлейменнің ғибадатхана соғуы (1—38)

    • Түпкі бөлме (19—22)

    • Керубтер (23—28)

    • Бедерлер, есіктер мен ішкі аула (29—36)

    • Ғибадатхана жеті жыл шамасында салынып бітті (37, 38)

6  Исраилдіктер Мысыр елінен шыққаннан кейінгі 480-інші жылы+, Сүлейменнің Исраилге патшалық еткен төртінші жылының зив* айында+, яғни екінші айда, ол Ехобаға арнап киелі үй* сала бастады+.  Сүлеймен Ехобаға арнап салған үйдің ұзындығы 60, ені 20, биіктігі 30 шынтақ* еді+.  Қасиетті бөлменің* алдындағы кіреберістің+ ені киелі үйдің еніндей, яғни 20 шынтақ, ал ұзындығы 10 шынтақ болды.  Сүлеймен киелі үйдің терезелерін сыртқа қараған жағын тарлау+, ішкі жағын кеңдеу етіп жасады.  Сосын үйді айналдыра, екі жағы мен арт жағын бойлай, жанама бөлмелер салды+.  Төменгі қабаттағы бөлмелердің ені 5, ортаңғы қабаттағылардікі 6, ал жоғарғы қабаттағылардікі 7 шынтақ еді. Арқалықтармен біріктірілетін қабырғаларды теспеу үшін, киелі үйдің сыртқы қабырғаларын айналдыра кертпештер жасалды+.  Киелі үйдің өзі болса қашалып әкелінген дайын тастардан тұрғызылды+. Сондықтан құрылыс кезінде балға, балта сияқты темір құралдардың дыбысы естілмеді.  Жанама бөлмелердің төменгі қабатының кіретін жері киелі үйдің оңтүстік жағында болды+. Сол жерден айналма баспалдақ арқылы екінші және үшінші қабаттарға да көтерілуге болатын.  Сүлеймен құрылыстың осы бөлігін бітірген соң+, киелі үйдің төбесін бөренелермен және қарағай тақтайлармен+ жапты. 10  Ал киелі үйді айналдыра әрқайсысының биіктігі 5 шынтақ жанама бөлмелер салып+, оларды қарағайдан жасалған арқалықтар арқылы киелі үймен біріктірді. 11  Осы кездері Ехоба Сүлейменге сөзін арнап мынаны айтты: 12  “Менің жарлықтарымды орындап, шешімдерім мен барлық бұйрықтарымды ұстанып жүрсең+, саған және өзің соғып жатқан осы үйге қатысты әкең Дәуітке берген уәдемді орындаймын+. 13  Мен исраилдіктердің арасында тұратын боламын+, халқым Исраилді ешқашан тастап кетпеймін+”. 14  Сүлеймен киелі үйдің құрылысын жалғастырып, 15  қабырғаларының ішкі жағын қарағай тақтайлармен қаптады. Ол қабырғалардың ішкі жағын еденнен төбесіне дейін ағашпен қаптап шықты. Ал еденге арша тақтайларын+ төседі. 16  Сосын киелі үйдің төр жағынан 20 шынтақ өлшеп алып, сол жерді еденнен төбесіне дейін қарағай тақтайлармен бөліп, түпкі бөлме+, яғни Ең қасиетті бөлме жасады+. 17  Ең қасиетті бөлменің алдындағы Қасиетті бөлменің+ ұзындығы 40 шынтақ болды. 18  Киелі үйді қаптаған қарағай тақтайларға жабайы қарбыздар+ мен ашылған гүлдердің+ өрнектері ойып салынды. Үйдің іші ешбір тасы көрінбейтіндей етіп қарағай тақтайлармен қапталды. 19  Сүлеймен киелі үйдің түпкі бөлмесін+ Ехобаның келісім сандығын қою үшін жасады+. 20  Бөлменің ұзындығы да, биіктігі мен ені де 20 шынтақ болды+. Патша бөлменің ішін саф алтынмен, ал құрбандық үстелін+ қарағай тақтайлармен қаптады. 21  Ол киелі үйдің ішін түгел алтынмен қаптады+, сосын түпкі бөлменің+ (ол да алтынмен қапталған еді) алдына алтын шынжыр тартып қойды. 22  Сүлеймен киелі үйдің ішін түгел алтынмен қаптады. Түпкі бөлменің алдындағы құрбандық үстелін де толықтай алтынмен қаптады+. 23  Бұдан кейін түпкі бөлмеге қою үшін самырсыннан* екі керуб+ жасады, олардың әрқайсысының биіктігі 10 шынтақ болды+. 24  Бірінші керубтің әр қанатының ұзындығы 5 шынтақтан, бір қанатының ұшынан екіншісінің ұшына дейін 10 шынтақ еді. 25  Екінші керубтікі де 10 шынтақ болды. Екі керубтің де көлемдері мен сырт пішіндері бірдей еді. 26  Екеуінің де биіктігі 10 шынтақтан болатын. 27  Сүлеймен керубтерді+ түпкі бөлмеге қойды. Олардың жайылған қанаттарының бір ұшы бөлменің ортасында өзара түйісіп, екінші ұшы екі жақтағы қабырғаға тиіп тұрды. 28  Ол керубтерді де алтынмен қаптады. 29  Киелі үйдің ішкі және түпкі бөлмелерінің қабырғаларына айналдыра керубтің бейнелері+, пальма ағашы+ мен ашылған гүлдің+ өрнектері ойып салынды. 30  Ал бөлмелердің едені алтынмен қапталды. 31  Патша түпкі бөлменің қабырғасының бестен бір бөлігіне* есік ойығын істеді, сосын оған самырсыннан жарма есік, екі жағына екі бағана, сондай-ақ жақтауларын жасады. 32  Ол самырсын есіктерге керуб бейнелерін, пальмалар мен ашылған гүлдердің өрнектерін ойып салды да, алтынмен күптеп, керубтер мен пальма ағаштарының үстін бедерледі. 33  Сүлеймен Қасиетті бөлменің қабырғасының төрттен бір бөлігіне* де есік ойығын жасап, жақтауларын самырсыннан істеді. 34  Ол аршадан екі есік жасады. Әр есіктің екі жағындағы бүктемелі жармалары айналмалы топсаларға ілінді+. 35  Есіктерге керуб бейнелерін, пальма ағаштары мен ашылған гүлдердің өрнектерін ойып салып, алтынмен қаптады. 36  Бұдан кейін Сүлеймен үш қатар қашалған тастар мен бір қатар қарағай бөренелерден ішкі ауланың+ дуалын салды+. 37  Сүлеймен патшалық құрған төртінші жылдың зив* айында Ехобаға арналған киелі үйдің іргетасы қаланды+. 38  Ал он бірінші жылдың бул* айында, яғни сегізінші айда, киелі үйдің жоспарда+ көрсетілген бөліктерінің бәрі майда-шүйдесіне дейін салынып бітті. Осылайша ол киелі үйдің құрылысына жеті жыл жұмсады.

Сілтемелер

1 шынтақ 44,5 см-ге тең. Ә14 қосымшасын қараңыз.
П1ж 6:3, 5, 17, 33-те сөзбе-сөз “ғибадатхана”.
Сөзбе-сөз “май ағашынан”. Алеппо самырсыны болса керек.
Мұнда жақтаулардың қалай жасалғаны не есіктің көлемі жөнінде айтылып тұрса керек.
Мұнда жақтаулардың қалай жасалғаны не есіктің көлемі жөнінде айтылып тұрса керек.