Патшалар 2-жазба 12:1—21

  • Жоғас — Яһуда патшасы (1—3)

  • Жоғастың ғибадатхананы жөндеуі (4—16)

  • Сириялықтардың шабуылы (17, 18)

  • Жоғастың қаза болуы (19—21)

12  Жоғас+ Иқудың+ билік құруының жетінші жылы патша болып, Иерусалимде 40 жыл билік етті. Оның анасы бер-шебалық Сибия еді+.  Діни қызметкер Еходай нұсқау беріп отырған кездің бәрінде Жоғас Ехобаның алдында ұнамды әрекет етіп жүрді.  Тек ғибадат төбелері+ жойылмады. Халық сол жерлерде құрбандық шалып, құрбандық түтінін түтетуін жалғастыра берді.  Бір күні Жоғас діни қызметкерлерге былай деді: “Ехобаның үйіне қасиетті садақа+ ретінде әкелінген ақшаның бәрін, яғни адам басынан алынатын алымды+, сондай-ақ жан басына белгіленген құн ретінде берілген ақша мен Ехобаның үйіне арнап жүрек қалауымен берілген ақшаның бәрін жинаңдар+.  Оны діни қызметкерлер таныс-тамырларынан алып, Құдай үйінің жөнделуі тиіс жерлеріне жаратсын+”.  Бірақ Жоғастың билік құруының жиырма үшінші жылына дейін діни қызметкерлер Құдай үйінің жөндеуді қажет ететін жерлерін әлі де қалпына келтірмеген еді+.  Сондықтан Жоғас патша Еходай+ мен басқа да діни қызметкерлерді шақырып алып: “Неге Құдай үйін жөндемей жатырсыздар? Ақшаны үйді жөндеуге жұмсамайтын болсаңыздар, бұдан былай таныс-тамырларыңыздан ештеңе жинамаңыздар”,— деді+.  Діни қызметкерлер келісіп, енді жұрттан ақша жинамаймыз, әрі Құдай үйінің жөндеу істерін мойнымызға алмаймыз деп шешті.  Сонда діни қызметкер Еходай бір жәшік алып+, үстіңгі жағынан тесік жасады да, Ехобаның үйінің кіреберісінің оң жағына, құрбандық ошағының жанына қойып қойды. Кіреберісті күзететін діни қызметкерлер Ехобаның үйіне арнап әкелінген ақшаны сол жерге салатын болды+. 10  Жәшікке көп ақша жиналып қалғанын көрсе, патшаның хатшысы мен бас діни қызметкер келіп, Ехобаның үйіне арнап әкелінген сол ақшаны жинап алып, санап шығатын+. 11  Сосын саналған ақшаны Ехобаның үйіндегі жөндеу жұмыстарын басқарушыларға беретін. Олар болса Ехобаның үйін жөндеп жатқан ағаш ұсталары мен құрылысшылардың+, 12  тас қалаушылар мен қашаушылардың жалақысын төлейтін. Сонымен қатар Ехобаның үйін жөндеуге қажетті ағаш, қашалған тас сатып алатын және жөндеу жұмыстарының басқа да шығынын жабатын. 13  Бірақ Ехобаның үйіне арнап әкелінген сол ақшаға күміс керсендер, шам сөндіргіштер, табақшалар мен кернейлер+, сондай-ақ Ехобаның үйіне арналған басқа да алтын-күміс заттар жасатылған жоқ+. 14  Ақшаның бәрі жұмысшыларға берілетін де, олар оны Ехобаның үйін жөндеу жұмыстарына жарататын. 15  Ақшаны жұмысшыларға үлестіретін адамдардан есеп талап етілмейтін, себебі олар сенімді адамдар еді+. 16  Ал айып+ пен күнәні өтейтін құрбандықтар үшін берілетін ақша Ехобаның үйіне әкелінбейтін. Олар діни қызметкерлерге тиесілі болатын+. 17  Сол кезде Сирия патшасы Хазаел+ Ғатқа+ қарсы аттанып, оны жаулап алды. Бұдан кейін ол Иерусалимге шабуыл жасауды шешті+. 18  Яһуда патшасы Жоғас болса Яһуда еліне патшалық еткен ата-бабасы Жосафат, Жорам және Ахазияның қасиетті сый-тарту ретінде ұсынғандарының бәрін, сондай-ақ өзі ұсынған қасиетті сый-тартуларды және Ехобаның үйі мен патша үйіндегі қазыналардан табылған бар алтынды алып, Сирия патшасы Хазаелге жолдады+. Сонда ол Иерусалимнен кері шегінді. 19  Жоғастың басқа да істері Яһуда патшаларының тарихы баяндалған кітапта жазылған. 20  Жоғастың қызметшілері оған қастандық жасап+, оны Силлаға апарар жолдағы Бет-Миллода*+ өлтіріп кетті. 21  Оны Шимат ұлы Жозақар, Шомер ұлы Ехозабад деген қызметшілері өлтірген еді+. Олар Жоғастың сүйегін арғы атасы Дәуіттің қаласына қойды. Жоғастың орнына ұлы Амазиях патша болды+.

Сілтемелер

Еврей сөзінің мағынасы “үйінді үйде”.