Патшалар 2-жазба 15:1—38

  • Азариях — Яһуда патшасы (1—7)

  • Исраилдің соңғы патшалары: Зәкәрия (8—12), Шалум (13—16), Менахем (17—22), Пекахия (23—26), Пеках (27—31)

  • Жотам — Яһуда патшасы (32—38)

15  Исраил патшасы Еробоғамның* билік құруының жиырма жетінші жылы Яһуда патшасы Амазиях+ ұлы Азариях*+ патша тағына отырды+.  Ол 16 жасында патша болып, Иерусалимде 52 жыл билік етті. Оның анасы иерусалимдік Ехолия еді.  Ол әкесі Амазиях сияқты, Ехобаның алдында ұнамды істер істеп жүрді+.  Тек ғибадат төбелері жойылмады+. Халық сол жерлерде құрбандық шалып, құрбандық түтінін түтете берді+.  Ехоба патшаны алапес ауруына шалдықтырды+. Осылай ол өмірінің соңына дейін ауруынан айықпай, бөлек үйде тұрды+. Ал бұл уақытта патша ұлы Жотам+ сарайдағы істерді басқарып, халыққа төрелік етті+.  Азарияхтың басқа да істері+ Яһуда патшаларының тарихы баяндалған кітапта жазылған.  Ақырында Азариях ата-бабаларына қосылды да+, сүйегі Дәуіттің қаласына, ата-бабаларымен бірге қойылды. Ал орнына ұлы Жотам таққа отырды.  Яһуда патшасы Азарияхтың+ билік құруының отыз сегізінші жылы Еробоғам ұлы Зәкәрия+ Самарияда патша болып, Исраил еліне 6 ай билік етті.  Ол ата-бабалары сияқты, Ехобаның алдында ұнамсыз істер істеді және Исраилді күнәға батырған Набат ұлы Еробоғамның күнәларынан айырылмады+. 10  Ақырында Ябес ұлы Шалум қастандық ойластырып, Иблеғамда+ оны өлтірді де+, орнына өзі патша болып алды. 11  Зәкәрияның басқа да істері Исраил патшаларының тарихы баяндалған кітапта жазылған. 12  Осылайша Ехобаның Иқуға айтқан “Өзіңнен кейінгі төрт ұрпағың+ Исраил тағына отырады” деген сөздері орындалды+. Бәрі де сол айтылған сөздерге сай болды. 13  Ябес ұлы Шалум Яһуда патшасы Ұзияхтың+ билік құруының отыз тоғызыншы жылы патша болды. Оның Самарияда билік еткеніне бір ай болғанда, 14  Тирса қаласынан+ Ғади ұлы Менахем келді. Ол Ябес ұлы Шалумды+ өлтіріп, орнына өзі патша болып алды. 15  Шалумның басқа да істері және оның ойластырған қастандығы жайлы Исраил патшаларының тарихы баяндалған кітапта жазылған. 16  Бұдан кейін Менахем Тирсадан шығып, Типсақ қаласын талқандады, ал қала мен аймағындағы адамдарды қырып тастады. Өйткені олар оған қала қақпаларын ашпаған еді. Менахем оларды қырып салып, жүкті әйелдердің іштерін жарып өлтірді. 17  Яһуда патшасы Азарияхтың билік құруының отыз тоғызыншы жылы Ғади ұлы Менахем Исраилге патша болып, Самарияда 10 жыл билік етті. 18  Ол Ехобаның алдында ұнамсыз істер жасап, Исраилді күнәға батырған Набат ұлы Еробоғамның күнәларынан өмірінің соңына дейін айырылмады+. 19  Ассирия патшасы Пул+ Исраилге қарсы аттанды. Сонда Менахем Пулға 1000 талант* күміс беріп, оның қолдауымен өз патшалығын нығайтпақ болды+. 20  Менахем бұл күмісті Исраилдегі беделді әрі бай адамдардан күшпен жинап алды+. Патша олардың әрқайсысынан 50 шекел* күмістен жинап, Ассирия патшасына берді. Осыдан кейін Ассирия патшасы Исраилден кері шегінді. 21  Менахемнің+ басқа да істері Исраил патшаларының тарихы баяндалған кітапта жазылған. 22  Ақырында Менахем ата-бабаларына қосылды да, оның орнына ұлы Пекахия патша тағына отырды. 23  Яһуда патшасы Азарияхтың билік құруының елуінші жылы Менахем ұлы Пекахия Самарияда патша болып, Исраил еліне екі жыл билік етті. 24  Ол Ехобаның алдында ұнамсыз істер жасап, Исраилді күнәға батырған Набат ұлы Еробоғамның күнәларынан айырылмады+. 25  Пекахияның көмекшісі Ремалиях ұлы Пеках+ оған қарсы қастандық ұйымдастырды. Ол ғалақаттық 50 кісімен бірге Самариядағы патша сарайының бекініс мұнарасына келді де, патшаны Арғоб және Ариях деген кісілерімен бірге өлтіріп тастады. Бұдан кейін, өзі оның орнына патша болып алды. 26  Пекахияның басқа да істері Исраил патшаларының тарихы баяндалған кітапта жазылған. 27  Яһуда патшасы Азарияхтың билік құруының елу екінші жылы Ремалиях ұлы Пеках+ Самарияда патша болып, Исраил еліне 20 жыл билік етті. 28  Ол Ехобаның алдында ұнамсыз істер жасап, Исраилді күнәға батырған Набат ұлы Еробоғамның күнәларынан айырылмады+. 29  Исраил патшасы Пекахтың тұсында Ассирия патшасы Тиглатпаласар+ елге шабуыл жасап, Ион, Әбел-Бет-Мағақ+, Янұх, Кедеш+, Хасор, Ғалақат+, Ғалилеяны және бүкіл Нафталим жерін+ басып алып, тұрғындарын Ассирияға айдап әкетті+. 30  Ақырында Елах ұлы Хошия+ Ремалиях ұлы Пекахқа қарсы қастандық ойластырып, оны өлтірді де, орнына өзі патша болды. Бұл оқиға Ұзиях ұлы Жотамның+ билік құруының жиырмасыншы жылы болды. 31  Пекахтың басқа да істері Исраил патшаларының тарихы баяндалған кітапта жазылған. 32  Исраил патшасы Ремалиях ұлы Пекахтың билік құруының екінші жылы Яһуда патшасы Ұзиях+ ұлы Жотам+ патша болды. 33  Патша тағына отырғанда, ол 25 жаста еді. Ол Иерусалимде 16 жыл билік етті. Оның анасы Садықтың қызы Еруша болатын+. 34  Жотам әкесі Ұзиях сияқты, Ехобаның алдында ұнамды істер істеп жүрді+. 35  Бірақ ғибадат төбелері жойылмады. Халық сол жерлерде құрбандық шалып, құрбандық түтінін түтетуді жалғастыра берді+. Жотам патша Ехобаның үйінің жоғарғы қақпасын салды+. 36  Оның басқа да істері Яһуда патшаларының тарихы баяндалған кітапта жазылған. 37  Жотамның тұсында Ехоба Сирия патшасы Ресинді және Ремалиях ұлы Пекахты+ Яһудаға шабуыл жасата бастады+. 38  Ақырында Жотам ата-бабаларына қосылды да, сүйегі ата-бабаларының қасына, арғы атасы Дәуіттің қаласына қойылды. Оның орнына ұлы Ахаз патша тағына отырды.

Сілтемелер

Яғни ІІ Еробоғам.
Мағынасы “Ехоба көмектесті”. Ол келесі тармақтарда Ұзиях деп аталады: П2ж 15:13; Ш2ж 26:1—23; Иш 6:1; Зәк 14:5.
1 талант 34,2 кг-ға тең. Ә14 қосымшасын қараңыз.
1 шекел 11,4 г-ға тең. Ә14 қосымшасын қараңыз.