Патшалар 2-жазба 2:1—25
2 Ехоба Ілиясты+ құйынмен көкке көтеріп әкетпек болғанда+, Ілияс пен Еліше+ Ғылғалдан+ шыққан болатын.
2 Ілияс одан: “Осында қалшы, себебі Ехоба мені Бетелге жіберіп отыр”,— деп өтінді. Бірақ ол: “Тірі Құдай Ехобаның және сіздің алдыңызда шын айтамын*, мен сізді тастамаймын!”— деді. Содан екеуі Бетелге+ қарай ылдилады.
3 Бетелде пайғамбарлар ұлдары* Елішенің алдынан шығып: “Ехоба бүгін қожайының әрі жетекшіңді алып кететінін білесің бе?”+— деді. Ол болса: “Иә, білемін. Үндемеңдер!”— деп жауап берді.
4 Ілияс Елішеден: “Еліше, осында қалшы, себебі Ехоба мені Иерихонға+ жіберіп отыр”,— деп өтінді. Бірақ ол: “Тірі Құдай Ехобаның және сіздің алдыңызда шын айтамын*, мен сізді тастамаймын!”— деді. Содан екеуі Иерихонға келді.
5 Иерихонда пайғамбарлар ұлдары Елішеге келіп: “Ехоба бүгін қожайының әрі жетекшіңді алып кететінін білесің бе?”— деді. Ол болса: “Иә, білемін. Үндемеңдер!”— деп жауап берді.
6 Ілияс тағы да одан: “Осында қалшы, себебі Ехоба мені Иорданға жіберіп отыр”,— деп өтінді. Бірақ ол: “Тірі Құдай Ехобаның және сіздің алдыңызда шын айтамын*, мен сізді тастамаймын!”— деді. Содан екеуі Иорданға қарай беттеді.
7 Иорданның бойында тұрғандарында, пайғамбарлар ұлдарының елуі келіп, алысырақ жерден қарап тұрды.
8 Сол кезде Ілияс шапанын+ шешіп, орады да, судың бетін ұрып қалып еді, су қақ айырылды. Сөйтіп, екеуі құрғаған өзен арнасымен арғы бетке өтті+.
9 Олар арнаның арғы бетіне жеткенде, Ілияс Елішеге: “Қасыңнан әкетілмей тұрғанымда айт, менен не тілейсің?”— деді. Бұған Еліше: “Еншіме сіздегі рухтан+ екі есе берілсе екен+”,— деп жауап берді.
10 Бұған ол: “Өтінішің қиын екен. Егер қасыңнан әкетілгенімді көрсең, өтінішің орындалады. Ал көрмесең, орындалмайды”,— деді.
11 Осылай екеуі әңгімелесіп бара жатқанда, кенет от болып жалындаған атты арба+ араларынан өте шығып, екеуін ажыратып жіберді. Ал Ілияс құйынның ішінде көкке көтеріліп кетті+.
12 Бұны көрген Еліше: “Әкем-ау, әкем! Исраилдің арбасы, оның салт аттылары!”— деп айғайлады+. Ілияс көзінен ғайып болғанда, ол үстіндегі киімін ұстай алып, айырып жіберді+.
13 Бұдан кейін Ілиястың жерге түсіп қалған шапанын+ алды да, кері қайтып, Иорданның жағасына келді.
14 Сосын қолындағы Ілиястың шапанымен суды ұрып: “Ілиястың Құдайы Ехоба қайда?”— деді. Еліше су бетін ұрып қалғанда, су қақ айырылды да, ол өзеннің арғы бетіне өтті+.
15 Иерихондағы пайғамбарлар ұлдары анадай жерден Елішені көргенде: “Ілиястың рухы Елішеге қоныпты!”+— десті. Сосын оның алдынан шығып, жерге дейін иіліп тағзым етті.
16 Олар Елішеге: “Қызметшілеріңіздің қасында 50 мықты кісі бар. Солар барып, қожайыныңызды іздеп келсінші. Оны Ехобаның рухы* көтеріп алып, таулардың не аңғарлардың біріне тастап кеткен болар”,— деді+. Бірақ ол: “Қажет емес, бармасын”,— деп жауап берді.
17 Бірақ олар қадалып сұрап қоймағандықтан, Еліше өзін ыңғайсыз сезініп: “Жарайды, барсын”,— деді. Пайғамбарлар ұлдары әлгі 50 кісіні жіберді де, олар Ілиясты үш күн бойы іздеп, таба алмады.
18 Олар Иерихонда+ қалған Елішеге қайта оралғанда, ол: “Сендерге бармаңдар деген едім ғой!”— деді.
19 Біраз уақыт өткен соң қала тұрғындары Елішеге былай деді: “Мырза, қаланың тұрған орны жақсы екенін өзіңіз де білесіз+. Бірақ суы нашар, сондықтан жері құнарсыз*”.
20 Сонда ол: “Маған бір жаңа табақшаға тұз салып әкеліңдер”,— деді. Олар әкеліп берді.
21 Сосын ол су көзіне барып, оған табақшадағы тұзды тастап+, былай деді: “Ехоба мынаны айтады: —Мен мына суды тазарттым. Бұдан былай ол өлімге де ұшыратпайды, жерді құнарсыз да етпейді*”.
22 Елішенің айтқан сөзіне сай, сол су көзі күні бүгінге дейін таза.
23 Сол жерден ол Бетелге қарай өрледі. Жол бойында келе жатқанында, қаладан біраз жасөспірім балалар шығып, оны: “Ей, тақыр бас, көтеріле бер! Көтеріл, ей, тақыр бас!”— деп мазақ ете бастады+.
24 Ақырында ол кері бұрылып, қарады да, Ехобаның атымен оларға қарғыс айтты. Сонда тоғайдан екі ұрғашы аю+ шыға келіп, 42 баланы талап тастады+.
25 Еліше болса сапарын жалғастырып, Кармил тауына+ барды, сосын Самарияға қайта оралды.
Сілтемелер
^ Немесе “Ехобаның тірі екеніндей және сіздің тірі екеніңіздей хақ сөзім”.
^ “Пайғамбарлар ұлдары” деген тіркес пайғамбарларға нұсқау берілетін мектепке не пайғамбарлар қауымдастығына нұсқаса керек.
^ Немесе “Ехобаның тірі екеніндей және сіздің тірі екеніңіздей хақ сөзім”.
^ Немесе “Ехобаның тірі екеніндей және сіздің тірі екеніңіздей хақ сөзім”.
^ Немесе “желі”.
^ Мүмкін: “сондықтан түсік тастатады”.
^ Мүмкін: “түсік те тастатпайды”.