Патшалар 2-жазба 21:1—26

  • Манаса — Яһуда патшасы; оның қанішерлігі (1—18)

    • Иерусалим талқандалады (12—15)

  • Амон — Яһуда патшасы (19—26)

21  Манаса+ 12 жасында патша болып, Иерусалимде 55 жыл билік етті+. Оның анасының аты Хепсиба болатын.  Манаса кезінде Ехоба исраилдіктердің алдынан қуып шыққан халықтардың жеркенішті істерін қайталап+, Ехобаның алдында ұнамсыз істер істеді+.  Ол әкесі Езекия құртып жіберген ғибадат төбелерін+ қайта соқты, Бағалға арнап құрбандық орындарын және қасиетті бағана*+ да жасады. Осылай Исраил патшасы Ахабтың істеріне еліктеді+. Бұнымен қоймай, бүкіл көк әскеріне табынып, соларға қызмет етті+.  Ертеректе Ехоба: “Мен өз есімімді Иерусалимде орнықтырамын”,— деген еді+. Ал Манаса Ехобаның үйінде құрбандық орындарын жасады+.  Ол Ехобаның үйінің екі ауласында+ күллі көк әскеріне+ арнап құрбандық орындарын жасады.  Сонымен қатар ол өз ұлын құрбандыққа шалып, отқа өртеді, сиқырлықпен айналысты, белгілерге қарап, болашақты болжады+, аруақ шақырушылар мен көріпкелдер тағайындады+. Осылай Ехобаға ұнамайтын істерді көптеп істеп, оны қорлады.  Манаса өзі жасатқан қасиетті бағана*+ мүсінін Ехобаның үйіне қойып қойды. Ал осы үй жөнінде Құдай Дәуіт пен оның ұлы Сүлейменге былай деген еді: “Мен осы үйде, сондай-ақ күллі Исраил руларының арасынан таңдап алған Иерусалим қаласында өз есімімді мәңгіге орнықтырамын+.  Исраил халқы өз қызметшім Мұса арқылы берген Заңымды толықтай ұстанып, бұйрықтарымның бәрін мұқият орындап жүрсе+, мен енді қайтып ешқашан оларды ата-бабаларына берген осы жерден аластатып, қаңғыртып жібермеймін+”.  Бірақ жұрт тыңдамады. Манаса оларды теріс жолға түсіріп, әбден адастырды. Олар кезінде Ехоба исраилдіктердің алдынан құртып жіберген халықтардан+ да бетер зұлымдық жасады. 10  Ехоба мынадай хабармен талай рет пайғамбарларын жіберді+: 11  “Манаса патша осындай жиренішті істер істеп, өзіне дейін осында өмір сүрген аморлықтардан+ да асып түсті+. Ол жеркенішті пұттарымен Яһуданы күнәға батырды. 12  Сондықтан Исраилдің Құдайы Ехоба мынаны айтады: —Мен Иерусалим қаласы мен Яһуда елін зор пәлеге ұшыратамын+. Сол туралы естіген адамның құлағы шыңылдайтын болады+. 13  Мен Иерусалимнің үстінен Самарияға+ қолданған өлшеуіш жіпті керемін+, Ахабтың үйіне қолданған тіктегішті қолданамын+. Жұрттың босаған табақты сүртіп, төңкеріп қоятынындай, мен де Иерусалимнің халқын тып-типыл етіп құртып жіберемін+. 14  Меншікті халқымның тамтығын тастап кетіп+, жауларының қолына беремін. Барлық жаулары оларды талан-тараж етіп, олжалайды+. 15  Өйткені олар маған ұнамсыз істер істеп, ата-бабалары Мысырдан шыққаннан күні бүгінге дейін мені қорлауды қояр емес+”. 16  Манасаның Яһуда халқының Ехобаға ұнамсыз істер істеуіне түрткі болып, күнәға батқаны өз алдына, ол Иерусалимді о шетінен бұ шетіне дейін кінәсіз адамдардың қанына толтырды+. 17  Манасаның басқа да істері мен жасаған күнәлары Яһуда патшаларының тарихы баяндалған кітапта жазылған. 18  Ақырында ол ата-бабаларына қосылды да, сүйегі өз үйіндегі баққа, Ұзаның бағына қойылды+. Ал орнына ұлы Амон таққа отырды. 19  Амон+ 22 жасында патша болып, Иерусалимде екі жыл билік етті+. Оның анасы жотпалық Харуздың қызы Мешулемет болатын. 20  Амон әкесі Манаса сияқты, Ехобаның алдында ұнамсыз істер істеді+. 21  Ол әкесі жүрген жолдардан таймай, әкесі қызмет еткен жеркенішті пұттарға қызмет етіп, соларға табынды+. 22  Осылай ата-бабаларының Құдайы Ехобадан безіп кетті, ол Ехобаның жолымен жүрмеді+. 23  Ақыры қызметшілері Амонға қастандық жасап, патшаны өз үйінде өлтіріп кетті. 24  Бірақ халық Амон патшаға қастандық жасағандардың бәрін өлтіріп, әкесінің орнына ұлы Жосияны патша етіп қойды+. 25  Амонның басқа да істері Яһуда патшаларының тарихы баяндалған кітапта жазылған. 26  Оның денесі Ұзаның бағына қойылды+, ал орнына ұлы Жосия+ патша болды.

Сілтемелер

Түсіндірмедегі “Қасиетті ағаш бағананы” қараңыз.
Түсіндірмедегі “Қасиетті ағаш бағананы” қараңыз.