Патшалар 2-жазба 4:1—44

  • Елішенің жесір әйелдің ыдысындағы майын көбейтуі (1—7)

  • Шунемдік әйелдің қонақжайлылығы (8—16)

  • Оның ұлды болуы және одан айырылуы (17—31)

  • Елішенің өлген баланы тірілтуі (32—37)

  • Елішенің улы көжені ішуге жарамды етуі (38—41)

  • Елішенің жұртты нанға тойдыруы (42—44)

4  Бірде пайғамбарлар ұлдарының*+ бірінің әйелі Елішеге: “Қызметшіңіз, менің күйеуім, қайтыс болды. Өзіңіз білетіндей, ол өле-өлгенше Ехобадан қорқып өтті+. Енді болса бізге қарыз берген адам келіп, екі ұлымды өзіне құл етуге әкетпекші”,— деп жылап келді.  Еліше одан: “Саған қандай көмек көрсетейін? Айтшы, үйіңде не бар?”— деп сұрады. Әйел: “Үйімде бір құмыра майдан басқа ештеңе жоқ!”— деп жауап берді+.  Сонда Еліше әйелге мынаны тапсырды: “Көршілеріңе барып, бос ыдыстарын сұрап ал. Мүмкіндігінше көп ыдыс сұрап әкел.  Сосын ұлдарыңмен бірге үйіңе кір де, есікті жауып алып, майыңды сол ыдыстарға құй. Толғандарын шетке қоя бер”.  Бұдан кейін әйел кетіп қалды. Ол ұлдарымен бірге үйіне кіріп, есікті жауып алды да, балалары беріп отырған ыдыстарға майын құя бастады+.  Ыдыстар толғанда, ол баласына: “Тағы бір ыдыс әкелші+,— деп сұрап еді, ол: —Басқа ыдыс жоқ”,— деді. Сол заматта май ақпай тоқтап қалды+.  Әйел шынайы Құдайдың адамына келіп, болған жайтты айтып берді. Сонда ол: “Енді майды сатып, қарыздарыңды төле. Ал қалған ақшаны балаларыңмен күн көруге жарат”,— деді.  Бірде Еліше Шунемге+ барды. Сол қалада бір ауқатты әйел тұратын. Ол қоярда-қоймай Елішені қонақасына шақырды+. Содан бері Шунемнен жолшыбай өткен сайын Еліше сол әйелдің үйіне кіріп, тамақтанатын.  Бір күні әйел күйеуінен: “Бізге келіп жүрген кісінің Құдайдың киелі адамы екенін білемін. 10  Сол кісіге арнап шатырымызға шағын бөлме салып+, ішіне төсек, үстел мен орындық, бір шам қойып қояйықшы. Үйімізге келгенде, сол жерге түнеп тұрсын”,— деп өтінді+. 11  Бір күні Еліше сол үйге қонуға келіп, жатпақ болып шатырдағы бөлмеге көтерілді. 12  Ол қызметшісі Гехезиге+: “Шунемдік+ әйелді шақыршы”,— деді. Қызметшісі шақырғанда, әйел келді. 13  Сонда Еліше Гехезиге: “Оған мынаны айтшы: —Біз үшін сонша әбігерге түстің+. Сол үшін саған не істегенімді қалайсың+? Сен туралы патшаға+ не әскербасына бірауыз сөз айтайын ба?”— деді. Бірақ ол: “Өз жұртымның арасында тұрып жатырмын ғой, маған еш қауіп жоқ”,— деп жауап берді. 14  Еліше: “Онда оған қандай жақсылық істесек екен?”— деп сұрады. Гехези: “Оның ұлы жоқ+, ал күйеуі егде тартып қалған”,— деді. 15  Сол-ақ екен Еліше: “Оны шақыршы”,— деді. Қызметшісі оны шақырғанда, әйел есік алдына келіп тұрды. 16  Сонда Еліше оған мынаны айтты: “Келесі жылы осы уақытта ұлыңды бауырыңа басып отырасың”+. Бірақ әйел: “Жоқ, мырза, сіз шынайы Құдайдың адамысыз. Күңіңізді алдай көрмеңіз”,— деді. 17  Сөйтсе де әйел құрсақ көтеріп, Еліше айтқандай, келесі жылы сол уақытта ұл бала туды. 18  Бала өсіп қалған кезде, бір күні әдеттегідей орақшылармен жүрген әкесіне барды. 19  Бір уақытта бала: “Ойбай, басым! Басым ауырып барады!”— деп безек қақты. Әкесі қызметшісіне: “Оны анасына апар”,— деп тапсырды. 20  Ол баланы алып, анасына апарды. Бала анасының алдында түске дейін отырып, қайтыс болды+. 21  Сосын әйел баласын алып, шынайы Құдайдың адамы жататын төсекке жатқызды да+, есікті жауып, шығып кетті. 22  Ол күйеуін шақырып алып: “Мен шұғыл шынайы Құдайдың адамына барып келуім керек. Бір қызметші мен есек жіберші”,— деп өтінді. 23  Күйеуі оған: “Неге оған бүгін бармақсың? Бүгін Жаңа туған ай мейрамы+ не Демалыс күні емес қой,— деп еді, әйелі: —Уайымдама, бәрі де жақсы”,— деп жауап берді. 24  Содан әйел есекті ерттеп мінді де, қызметшісіне: “Есекке қамшы бас, өзім айтпайынша тоқтама!”— деп тапсырды. 25  Осылай ол жолға шығып, Кармил тауындағы шынайы Құдай адамына қарай тартты. Шынайы Құдай адамы оны алыстан көріп, қызметшісі Гехезиге: “Қарашы, шунемдік әйел келе жатыр. 26  Алдынан жүгіріп шығып, өзінің, күйеуі мен баласының амандығын сұрап білші”,— деді. Қызметшісі оның айтқанын істеп, алдынан шыққанда, әйел оған: “Бәрі де жақсы”,— деп жауап берді. 27  Ол тау етегіндегі шынайы Құдай адамының қасына келгенде, жығыла кетіп, оның аяғын құшақтай алды+. Гехези келіп, оны итеріп жібермекші еді, шынайы Құдай адамы: “Оған тиме! Қатты қайғыдан оның жаны ауырып тұр. Ехоба бұны менен жасырып, айтпады”,— деп тыйым салды. 28  Сонда әйел: “Мырза, сізге ұлды болайын деп тілек білдіріп пе едім? Жалған үміт бермеуді өтініп ем ғой”,— деді+. 29  Сол-ақ екен Еліше Гехезиге: “Көйлегіңнің етегін беліңе қыстырып ал да+, менің асатаяғымды алып жолға шық. Жолда біреуді кезіктірсең, онымен амандасып жатпа. Сенен біреу аман-саулық сұраса, жауап берме. Барып, менің асатаяғымды баланың бетіне қой”,— деп тапсырды. 30  Бірақ баланың анасы: “Тірі Құдай Ехобаның және сіздің алдыңызда шын айтамын*, мен қасыңыздан кетпеймін”,— деді+. Сонда Еліше орнынан тұрып, әйелмен бірге жолға шықты. 31  Гехези олардан бұрын жетіп, асатаяқты баланың бетіне қойды, бірақ одан өмірдің нышаны байқалмады+. Гехези Елішенің алдынан шығып: “Бала оянбады”,— деді. 32  Үйге кіргенде, Еліше өзінің төсегінде жатқан өлі баланы көрді+. 33  Ол бөлмеге кіріп, есікті жауып алды да, Ехобаға дұға ете бастады+. 34  Сосын төсекке шығып, баланың үстіне жатты да, аузын аузына, көзін көзіне, алақанын алақанына түйістірді. Сонда баланың денесі жыли бастады+. 35  Еліше тұрып, үй ішінде әрі-бері жүрді де, төсекке шығып, қайтадан баланың үстіне жатты. Сол кезде бала жеті рет түшкірді де, көзін ашты+. 36  Еліше болса Гехезиді шақырып: “Шунемдік әйелді шақыр”,— деп тапсырды. Әйел келгенде, ол: “Міне, балаңды ал”,— деді+. 37  Ол бөлмеге кіріп, Елішенің аяғына жығылып, жерге дейін иіліп тағзым етті. Сосын ұлын алып, шығып кетті. 38  Еліше Ғылғалға оралды, бұл кезде елді аштық жайлаған еді+. Пайғамбарлар ұлдары+ оның алдында отырғанда, ол қызметшісіне+: “Үлкен қазанды отқа қойып, пайғамбарлар ұлдарына көже пісір”,— деді. 39  Осылай олардың бірі құлқайыр теріп әкелуге далаға шықты. Ол шырмауық тектес бір өсімдік тауып алып, содан киімінің етегін толтыра жабайы асқабақ жинап алды. Не екенін білмесе де, әлгі жемістерді турап-турап қазанға сала салды. 40  Көже құйылып берілді. Бірақ олар тамақты татып көре сала: “Шынайы Құдай адамы, қазанда у бар!”— деп айғайлады. Ешқайсысы оны іше алмады. 41  Сонда Еліше: “Маған кішкене ұн әкеліңдер”,— деді. Сосын ұнды қазанға салып: “Енді көжені құйып беріңдер”,— деп тапсырды. Осыдан кейін қазанда зиянды ештеңе қалмады+. 42  Бірде Бағал-Шалишадан+ бір кісі келіп, шынайы Құдай адамына алғаш орылған арпа ұнынан пісірілген 20 күлше+, бір қап масақ әкеліп берді+. Еліше болса: “Мұны жұртқа бер, жесін”,— деді. 43  Қызметшісі: “Жүз адамға бұны қалай жеткіземін?— деген еді+, ол мынаны айтты: —Мұны жұртқа бер, жесін. Себебі Ехоба былай дейді: —Олар жеп тояды, тіпті артылып қалады+”. 44  Содан қызметшісі үлестіріп берді. Ехобаның сөзіне сай, жұрт жеп тойды, тіпті артылып та қалды+.

Сілтемелер

“Пайғамбарлар ұлдары” деген тіркес пайғамбарларға нұсқау берілетін мектепке не пайғамбарлар қауымдастығына нұсқаса керек.
Немесе “Ехобаның тірі екеніндей және сіздің тірі екеніңіздей хақ сөзім”.