Патшалар 2-жазба 6:1—33

  • Елішенің балтаны су бетіне шығаруы (1—7)

  • Елішенің сириялықтардың жоспарын аян етіп отыруы (8—23)

    • Ехоба Елішенің қызметшісінің көзін ашты (16, 17)

    • Ехобаның сириялықтардың санасын соқыр етуі (18, 19)

  • Самарияда аштық жайлауы (24—33)

6  Пайғамбарлар ұлдары+ Елішеге былай деді: “Сіздің қасыңызда тұрып жатқан жеріміз біз үшін тым тар болып жатыр.  Рұқсат етсеңіз, Иорданның бойына барайық. Әрқайсысымыз сол жерден бір-бір бөрене алып, өзімізге үй салып, сонда тұрайық”. Ол: “Бара беріңдер”,— деп жауап берді.  Олардың біреуі: “Сіз де қызметшілеріңізбен бірге барыңызшы,— деп еді, ол: —Жарайды, барайын”,— деді.  Осылай Еліше олармен бірге жүрді. Бәрі Иорданның бойына келіп, ағаш кесе бастады.  Сонда біреуі ағаш шауып жатқанда, балтасының басы ұшып кетіп, суға түсті. Ол: “Әттеген-ай, мырза! Оны қолдана тұруға сұрап алып едім!”— деп безек қақты.  Шынайы Құдай адамы: “Ол қай жерге түсті?”— деп сұрады. Әлгі кісі сол жерді көрсетіп еді, Еліше ағаштың бір бөлігін кесіп алып, сол жерге лақтырып жіберді. Сол кезде балтаның басы су бетіне қалқып шықты.  Еліше әлгі кісіге: “Оны шығарып ал”,— деді. Ол қолын созып, балтаның басын судан шығарып алды.  Сирия патшасы Исраил еліне соғыс ашып+, қызметшілерімен ақылдасып, қостарын қай жерлерге тігетіндерін келісті.  Сонда шынайы Құдай адамы+ Исраил патшасына: “Байқа, пәлен жерден өтпе, сириялықтар сол жаққа қарай келе жатыр”,— деген хабар жіберді. 10  Исраил патшасы болса шынайы Құдай адамы айтқан жерге хабар жіберді. Осылай Еліше Исраил патшасын ескертіп отыратын, ал патша сол жерге жоламайтын. Осындай жағдай бірнеше рет болды+. 11  Бұған Сирия патшасы қатты ашуланды. Ол қызметшілерін жинап алып: “Арамыздағы қайсысың Исраил патшасының жағындасыңдар? Кәне, айтыңдар!”— деді. 12  Сонда қызметшілерінің бірі: “Патша ием, ешқайсысымыз да оның жағында емеспіз. Сіздің жатын бөлмеде айтқан сөзіңізге дейін Исраил патшасына жеткізіп жүрген — Исраил елінің пайғамбары Еліше+”,— деп жауап берді. 13  Патша бұған: “Барып, оның қайда жүргенін біліңдер. Адамдарымды жіберіп, оны қолға түсірейін!”— деді. Кейінірек патшаға “Еліше Дотанда+ екен” деген хабар жетті. 14  Патша дереу сол қалаға қалың қолмен қоса, аттар мен соғыс арбаларын жөнелтті. Олар түн жамылып келіп, қаланы қоршап алды. 15  Шынайы Құдай адамының қызметшісі таңертең ерте тұрып, далаға шыққанда, қаланы қоршап алған аттар мен соғыс арбаларын көрді. Ол: “Құритын болдық, мырза! Енді қайттік?!”— деп айғайлап жіберді. 16  Бірақ Еліше: “Қорықпа+! Біздің жағымыздағылар олардың жағындағылардан әлдеқайда көп+!”— деді. 17  Сосын: “Уа, Ехоба, оның көзін аша көрші, көрсін!”+— деп дұға етті. Сол заматта Ехоба оның қызметшісінің көзін ашты. Қараса, Елішенің айналасындағы тауларды от болып жалындаған аттар мен соғыс арбалары+ қаптапты+. 18  Сириялықтар Елішеге жақындағанда, ол Ехобаға дұға етіп: “Мыналардың көздерін соқыр етші”,— деп сұрады+. Сонда ол Елішенің өтініші бойынша, жауды соқыр етіп қойды. 19  Бұдан кейін Еліше оларға: “Сендер іздеген жол да, қала да бұл емес. Маған еріңдер, іздеп жүрген адамдарыңа апарайын”,— деді де, оларды Самарияға+ ертіп барды. 20  Самарияға жеткенде, Еліше: “Уа, Ехоба, олардың көздерін аша көр!”— деді. Сонда Ехоба көздерін ашты да, олар Самария қаласының ортасында тұрғандарын көрді. 21  Жауды көрген Исраил патшасы Елішеден: “Оларды қырып салайын ба? Қырып тастайын ба, әке?”— деп сұрады. 22  Пайғамбар мынаны айтты: “Жоқ, оларға тиме! Шайқаста семсер-садағыңмен қолға түсірген тұтқындарыңды қырып тастамас едің ғой. Қайта, оларға нан мен су бер. Ішіп-жеп алсын да+, қожайындарына оралсын”. 23  Осылай патша оларға үлкен қонақасы беріп, ішіп-жеп болған соң, қожайындарына қайтарып жіберді. Осыдан кейін Сирияның тонаушы топтары Исраил жеріне шапқыншылық жасамайтын болды+. 24  Бірақ кейінірек Сирия патшасы Бен-Хадад бүкіл әскерін жинады да, Самарияға аттанып, оны қоршауға алды+. 25  Содан Самарияда қатты аштық басталды+. Қоршауда ұзақ болған қалада есектің басының+ құны 80 күміс ақшаға, ал төрттен бір каб* кептер қиының құны 5 күміс ақшаға жетті. 26  Бір күні Исраил патшасы қала қабырғасының үстімен кетіп бара жатқанда, бір әйел: “Тақсыр ием, көмектесе көріңіз!”— деп айғайлады. 27  Ол: “Ехобаның өзі көмектеспесе, менің қолымнан не келеді?! Мен саған астық, шарап не май бере алады деп ойлайсың ба?”— деп жауап берді. 28  Сосын: “Жарайды, бұйымтайыңды айта бер”,— деп қосты. Әйелдің жауабы мынау болды: “Мына әйел маған: —Балаңды бер, сенікін бүгін жейік, ал менің баламды ертең жейміз,— деген еді+. 29  Осылай менің баламды екеуміз асып жедік+. Келесі күні мен оған: —Енді сен балаңды бер, жейік!— десем, ол баласын тығып қойыпты”. 30  Әйелдің сөзін естіген патша киімінің өңірін айыра жыртып жіберді де+, дуалының үстімен кете барды. Ал жұрт оның киімінің ішінен азалы киім* киіп алғанын көрді. 31  Патша: “Бүгін Шафат ұлы Елішенің басы алынбаса, Құдай мені жазалаған үстіне жазаласын!”— деді+. 32  Бұл кезде Еліше ақсақалдармен бірге үйінде отырған еді. Патша өзінен бұрын бір кісіні жіберген болатын. Бірақ әлгі хабаршы келмей тұрып, Еліше ақсақалдарға былай деді: “Анау кісі өлтірушінің ұлы+ менің басымды алуға кісі жібергенін білесіңдер ме? Байқаңдар, хабаршы келгенде, оны кіргізбей есікті жауып, итеріп тұрыңдар. Оның артынан келе жатқан қожайынының басқан қадамдарының дыбысы да естіліп тұр емес пе?!” 33  Еліше осыны айтып жатқанда, хабаршы келді. Патша да келіп: “Мына пәле Ехобадан келді. Енді Ехобаны күтіп қайтемін!?”— деді.

Сілтемелер

1 каб 1,22 л-ге тең. Ә14 қосымшасын қараңыз.