Патшалар 2-жазба 7:1—20

  • Елішенің аштықтың аяқталатынын алдын ала айтуы (1, 2)

  • Сириялықтардың қосынан табылған мол ас-ауқат (3—15)

  • Елішенің пайғамбарлығы орындалды (16—20)

7  Еліше былай деді: “Ехобаның сөзіне құлақ түріңдер! Ехоба мынаны айтады: —Ертең шамамен осы уақытта Самария қақпасының алдында* бір сеа* таңдаулы ұнның құны бір шекел* күміске, екі сеа арпаның да құны бір шекел күміске тең болады+”.  Сол кезде патшаны демеп жүретін көмекшісі шынайы Құдай адамына: “Ехоба көк қақпаларын ашып жіберсе де, бұлай болуы мүмкін емес!”— деді+. Еліше оған: “Сен мұны өз көзіңмен көресің+, бірақ жемейсің!”— деп жауап берді+.  Қала қақпасының кіреберісінде алапеспен ауыратын төрт кісі отыратын+. Олар өзара былай десті: “Осында өлім күтіп отыра береміз бе?  Егер қалаға баруды шешсек, сол жерде аштан+ өлеміз. Осында отыра берсек те, бәрібір өлеміз. Сондықтан сириялықтардың қосына барайық. Олар жанымызды алса — өлерміз, алмаса — аман қалармыз”.  Кеш түскенде төртеуі тұрып, сириялықтардың қосына бет алды. Қостың шетіне таяп барып қараса, онда тірі жан жоқ екен.  Өйткені Ехоба Сирия қосына соғыс арбаларының сатырын, аттар мен қалың қолдың дүбірін естірткен еді+. Сонда олар: “Құрыдық! Исраил патшасы бізге қарсы Хет патшалары мен Мысыр патшаларын жалдапты!”— десті.  Сөйтіп, екі кештің арасында орындарынан тұра сала, шатырларын, аттары мен есектерін, бүкіл қостарын сол күйі тастап, бассауғалап қаша жөнелді.  Қостың шетіне таяп келген алапес кісілер болса шатырлардың біріне кіріп, ішіп-жеп алды да, ондағы алтын-күміс пен киім-кешекті алып кетіп, тығып қойды. Сосын қайта оралып, басқа бір шатырға кірді де, ондағы заттарды да алып, жасырып қойды.  Ақырында, олар бір-біріне: “Мұнымыз дұрыс емес! Мына жақсы хабарды жұртқа айту керек! Таң атқанша жұртқа айтпай күтіп отыра берсек, жазаға тартыламыз. Жүріңдер, патшаның үйіне хабарлайық”,— деді. 10  Содан олар қалаға барып, қақпа күзетшілеріне: “Біз сириялықтардың қосына барып келдік. Онда тірі жан жоқ екен, айнала тым-тырыс. Тек байлаулы тұрған аттар мен есектерді ғана көрдік, шатырлары да сол күйі қалыпты!”— деп дауыстады. 11  Сол-ақ екен қақпа күзетшілері патша үйіндегі адамдарға дауыстап, хабарды жеткізді. 12  Патша түнде төсегінен тұрып, қызметшілеріне мынаны айтты: “Сириялықтардың бізге не істегендерін түсіндіріп берейін: олар біздің ашығып жүргенімізді біледі+. Сондықтан “Олар қаладан шығады, сонда өздерін тірідей ұстап алайық та, қалаларына басып кірейік” деген оймен қостарын тастап, далада жасырынып жатыр+”. 13  Сонда қызметшілерінің бірі патшаға: “Бірнеше адам қалада қалған бес атты алсын да, болған жайттың мән-жайын анықтап келсін. Сол жақта қаза болса, еш өкініш жоқ. Өйткені осында қалса, күллі Исраил жұртымен бірге бәрібір өледі. Ерте ме, кеш пе — бәріміз аштан қырыламыз. Одан да оларды сонда жіберейік”,— деп ұсынды. 14  Осылай олар екі арбаға ат жегіп, сириялықтардың қосына адамдар жіберді. Патша оларға: “Барып, мән-жайды біліп келіңдер”,— деп тапсырды. 15  Әлгілер сириялықтардың ізімен Иорданға дейін барды. Жол бойында абдырап қашқан жаудың тастап кеткен киім-кешектері мен жабдықтары көп екен. Хабаршылар көрген-білгендерін патшаға айтып келді. 16  Бұдан кейін халық қаладан шығып, сириялықтардың қосын тонады. Сонда Ехобаның сөзіне сай, бір сеа таңдаулы ұнның құны бір шекел күміске, екі сеа арпаның да құны бір шекел күміске тең болды+. 17  Патша өзін демеп жүрген көмекшісін қақпа күзетін басқаруға тағайындады. Бірақ ол қақпадан өткен жұрттың аяғының астында қалып, тапталып өлді. Осылай шынайы Құдай адамының патша оған келгенде айтқан сөзі жүзеге асты. 18  Бәрі де шынайы Құдай адамының патшаға айтқанындай болды. Ол: “Ертең шамамен осы уақытта Самария қақпасының алдында бір сеа таңдаулы ұнның құны бір шекел күміске, екі сеа арпаның да құны бір шекел күміске тең болады”,— деген еді+. 19  Сол кезде патшаның көмекшісі: “Ехоба көк қақпаларын ашып жіберсе де, бұлай болуы мүмкін емес!”— деген болатын. Еліше болса: “Сен мұны өз көзіңмен көресің, бірақ жемейсің!”— деп жауап берген еді. 20  Солай болды да, өйткені қақпадан өткен жұрт оны таптап өлтірді.

Сілтемелер

Немесе “Самария базарларында”.
1 сеа 7,33 л-ге тең. Ә14 қосымшасын қараңыз.
1 шекел 11,4 г-ға тең. Ә14 қосымшасын қараңыз.