Патшалар 2-жазба 8:1—29

  • Шунемдік әйелдің жері өзіне қайтарылды (1—6)

  • Еліше, Бен-Хадад, Хазаел (7—15)

  • Жорам — Яһуда патшасы (16—24)

  • Ахазия — Яһуда патшасы (25—29)

8  Бір күні Еліше өзі баласын тірілтіп берген әйелге+: “Тұр да, үй ішіңмен бірге, өзің бара алатын жаққа көшіп, сол жерде жатжерлік ретінде біраз тұрып келіңдер. Өйткені Ехоба мына елге жеті жылға созылатын ашаршылық жібермек+”,— деді.  Содан әйел шынайы Құдай адамы айтқандай, тұрды да, үй ішімен філістірлер жеріне+ көшіп барып, сонда жеті жыл тұрды.  Жеті жылдан кейін ол філістір жерінен еліне оралып, үйі мен танабын қайтаруын сұрамақ болып патшаға барды.  Тап сол кезде шынайы Құдай адамының қызметшісі Гехезимен әңгімелесіп отырған патша одан: “Маған Елішенің ұлы істері жайлы айтып берші”+,— деп сұраған еді.  Гехези патшаға Елішенің өлген баланы тірілткені жайлы айтып беріп жатқанда+, сол баланың анасы үйі мен танабын қайтаруды сұрап келді+. Оны көре сала Гехези: “Тақсыр ием, әлгі әйел — осы, ал мынау — оның Еліше тірілткен ұлы”,— деді.  Патша не болғанын әйелдің өзінен сұрағанда, ол бәрін айтып берді. Сонда патша әйелдің мәселесін шешуге сарай қызметкерлерінің бірін тағайындап, оған: “Мына әйелге бар меншігі мен басқа елге кеткен кезінен күні бүгінге дейін жерінен түскен бар өнімін қайтарып алып бер!”— деп тапсырды.  Бірде Еліше Дамаскіге+ барды. Бұл кезде сырқаттанып жатқан Сирия патшасы Бен-Хададқа+ “қалаға шынайы Құдай адамы+ келіпті” деген хабар жетті.  Сонда патша Хазаелге+: “Қолыңа сыйлық алып, шынайы Құдай адамының алдынан шық+. Мына ауруымнан айығамын ба, жоқ па — сол арқылы Ехобадан сұрап білші”,— деп тапсырды.  Хазаел Дамаскінің жақсы-жақсы заттарынан 40 түйеге сыйлық артып алып, жолға шықты. Ол Елішенің алдына келіп: “Мені Сирия патшасы ұлыңыз Бен-Хадад сізден: —Мына ауруымнан айығамын ба, жоқ па?— деп сұрауға жіберді”,— деді. 10  Еліше Хазаелге: “Бар да, оған: —Міндетті түрде айығасың,— де. Бірақ Ехоба маған оның өлетінін көрсетті+”,— деп жауап берді. 11  Сосын ол Хазаелден көз алмай, қадала қарап тұрды. Хазаел ыңғайсызданып кетті. Бұдан кейін шынайы Құдай адамы жылай бастады. 12  Хазаел одан: “Мырза, неге жылайсыз?”— деп сұрады. Еліше мынаны айтты: “Себебі мен сенің Исраил еліне қандай зұлымдық жасайтыныңды білемін+. Сен олардың бекіністерін өртеп, батырларын семсермен қырасың, нәрестелерін тасқа ұрып өлтіресің, жүкті әйелдерінің іштерін жарып тастайсың+”. 13  Хазаел: “Қызметшіңіздің иттен артық жері жоқ қой, оның қолынан мұндай іс келуші ме еді?— деп еді, Еліше: —Ехоба маған сенің Сирия патшасы болатыныңды ашты+”,— деп жауап берді. 14  Бұдан кейін Хазаел Елішенің қасынан кетіп, қожайынына оралды. Патша: “Еліше не айтты?— деп сұрағанда, Хазаел: —Ол сіздің міндетті түрде сауығып кететініңізді айтты”,— деді+. 15  Бірақ келесі күні ол бір жамылғыны суға малып алды да, сонымен патшаның бетін жауып, тұншықтырып өлтірді+. Ал өзі оның орнына патша болып алды+. 16  Исраил патшасы Ахаб ұлы Жорамның+ билік құруының бесінші жылы Жосафат ұлы Жорам+ Яһуда елінің патшасы болды. 17  Патша тағына отырғанда ол 32 жаста еді. Жорам Иерусалимде сегіз жыл билік етті. 18  Ол Исраил патшаларының жолымен жүріп+, Ахабтың үйі істегенді істеді+. Өйткені оның әйелі Ахабтың қызы еді+. Осылай ол Ехобаның алдында ұнамсыз істер істеді+. 19  Бірақ Ехоба қызметшісі Дәуітті құрметтегендіктен, Яһуданы құртып жібергісі келмеді+. Ол Дәуітке уәде етіп, өзінің және ұлдарының шырағын ешқашан өшірмейтінін айтқан еді+. 20  Жорамның тұсында Едом Яһудаға қарсы бас көтеріп+, өздеріне патша тағайындап алды+. 21  Сонда Жорам бүкіл арбаларымен Сайырға аттанды. Ол түнде тұрып, өзін қоршауға алған едомдықтар мен олардың арбакештерінің басшыларын қырып тастап, жеңіске жетті. Ал жасақшылар үйді-үйіне қашып кетті. 22  Бірақ едомдықтар Яһудаға қарсы күні бүгінге дейін бас көтеріп келеді. Сол кезде Либна қаласы+ да бас көтерген еді. 23  Жорамның басқа да істері Яһуда патшаларының тарихы баяндалған кітапта жазылған. 24  Ақырында ол көз жұмып, ата-бабаларына қосылды да, сүйегі арғы атасы Дәуіттің қаласына қойылды+. Оның орнына ұлы Ахазия+ патша болды. 25  Жорам ұлы Ахазия Яһуда тағына Исраил патшасы Ахаб ұлы Жорамның билік құруының он екінші жылы отырды+. 26  Ол 22 жасында патша болып, Иерусалимде бір жыл билік етті. Оның анасы Исраил патшасы Омридің+ немересі Аталия еді+. 27  Ахазия Ахаб үйінің жолымен жүрді+. Ол Ахаб үйінің істегенін қайталап, Ехобаға ұнамайтынды істеді. Өйткені ол Ахабтың үйімен туыс болатын+. 28  Сондықтан ол Ахаб ұлы Жорамға еріп, Сирия патшасы Хазаелмен соғысуға Рамот-Ғалақатқа+ барды. Бірақ сол шайқаста сириялықтар Жорамды жаралады+. 29  Жорам Рамақта Сирия патшасы Хазаелмен соғысқанда алған жарақатын емдеу үшін Езрехелге+ келді+. Сонда Яһуда патшасы Жорам ұлы Ахазия науқастанып жатқан Ахаб ұлы Жорамның халін сұрау үшін Езрехелге ылдилап барды.

Сілтемелер