Римдіктерге 5:1—21

  • Мәсіх арқылы Құдаймен татуласу (1—11)

  • Адам арқылы өлім, Мәсіх арқылы өмір келді (12—21)

    • Күнә мен өлім күллі адамзатқа тарады (12)

    • Бір әділ іс (18)

5  Сонымен, сенім арқылы әділ деп жарияланғандықтан+, Иеміз Иса Мәсіх арқылы Құдаймен тату болып қала берейік*+.  Мәсіхке сенгеніміздің арқасында өзіміз ие болып отырған рақымға жол ашылды+. Сондықтан Құдайдың ұлылығына ортақтасамыз деген үмітімізге шаттанайық*!  Тек бұған ғана емес, қиындық көрген кезде де шаттанайық*+! Өйткені біз қиындықтарда табандылық туатынын білеміз+,  ал табандылық Құдайдың ықыласына бөлейді+, Құдайдың ықыласы болса үміт береді+,  ал бұл үміт ақталмай қалмайды+. Себебі өзімізге берілген киелі рух арқылы жүрегіміз Құдайдың сүйіспеншілігіне кенелді+.  Біз әлі де күнәкар* болып жүргенде+, белгіленген уақытта Мәсіх күнәкарлар үшін өмірін қиды.  Әділ адам үшін біреудің өз өмірін құрбан етуі екіталай, ал ізгі адам үшін өмірін қиятын біреу табылатын шығар.  Құдай болса бізге сүйіспеншілік танытты, өйткені әлі де күнәкар болып жүрген біздер үшін Мәсіх өмірін қиды+.  Сондықтан Мәсіхтің қаны арқылы әділ деп жарияланған+ біздердің Мәсіх арқылы Құдайдың қаһарынан аман қалатынымызға сеніміміз арта түсті+. 10  Себебі Құдайға қас болған кезімізде Ұлының өлімі арқылы онымен татуласқан болсақ+, енді татуласқандар ретінде Мәсіхтің өмірі арқылы құтқарылатынымызда күмән жоқ. 11  Сондай-ақ Иеміз Иса Мәсіх арқылы Құдаймен қарым-қатынаста болғанымызға шаттанамыз, өйткені Мәсіх арқылы Құдаймен татуластық+. 12  Сонымен, бір адам арқылы дүниеге күнә, ал күнә арқылы өлім келді+, осылайша адамдардың бәрі өлетін болды, себебі бәрі күнә жасады+. 13  Күнә дүниеде Заңға дейін де болған, ал заң жоқ жерде адам күнәсі үшін айыпталмайды+. 14  Сонда да өлім Адам атадан Мұса пайғамбарға дейін патшалық етіп келді. Ол тіпті болашақта келуі тиіс кісіге ұқсас болған Адам атанікіндей күнә жасамағандарға да билік жүргізді+. 15  Бірақ Құдайдың сыйы мен Адам атаның күнәсінің нәтижесі екі түрлі: бір кісінің күнәсінің кесірінен көп адам өлді, ал Құдайдың рақымы мен сыйы көп адамды теңдесі жоқ игіліктерге жеткізді+. Бұл сый бір кісінің, яғни Иса Мәсіхтің, рақымымен бірге берілді+. 16  Құдайдың сыйы мен Адам атаның күнәсінің+ нәтижесі келесі жағынан да екі түрлі: бір күнә жасалғаннан кейін бүкіл адамзат айыпталды+, ал көп күнә жасалғаннан кейін, көптеген адам әділ деп жариялану үшін сый берілді+. 17  Егер бір кісі жасаған күнәнің кесірінен өлім патшалық еткен болса+, онда зор рақым мен әділдік сыйын+ қабылдағандардың да бір кісінің, яғни Иса Мәсіхтің+, арқасында өмір сүріп, патшалық ететіндері сөзсіз+. 18  Сонымен, бір күнәнің кесірінен барлық адамдар айыпталған болса+, бір әділ істің арқасында барлық адамдар+ өмір сүру үшін әділ деп жарияланады+. 19  Бір кісінің мойынсұнбауы көп адамды күнәкар етсе+, дәл солай, бір кісінің мойынсұнуы көп адамды әділ қылады+. 20  Заң адамдардың күнәлары көбейе түскенін көрсету үшін берілді+. Бірақ қаншалықты көп күнә жасалса да, Құдайдың рақымы одан да асып түсті. 21  Не үшін? Күнәнің өліммен бірге патшалық еткеніндей+, рақымның да Иеміз Иса Мәсіхтің арқасында мәңгілік өмірге жеткізетін+ әділдік арқылы патшалық етуі үшін.

Сілтемелер

Мүмкін: “Құдаймен татумыз”.
Мүмкін: “шаттанамыз”.
Мүмкін: “шаттанамыз”.
Сөзбе-сөз “әлсіз”.