Рут 3:1—18

  • Нағиманың Рутқа нұсқау беруі (1—4)

  • Рут пен Бағоздың қырманда кездесуі (5—15)

  • Руттың Нағимаға келуі (16—18)

3  Бір күні Нағима келіні Рутқа мынаны айтты: “Қызым, жағдайың жақсы болу үшін саған жайлы баспана тауып берсем қайтеді+?  Өзіңе қызметші қыздарымен бірге жүруге рұқсат берген Бағоз — біздің туысымыз+. Міне, бүгін кешке ол қырманда арпа суырады.  Жуынып, үстіңе иісмай жағып, киін де, қырманға бар. Бағоз ішіп-жеп болғанша, көзіне түспе.  Оның қайда жататынын біліп ал. Кейін сонда барып, жамылғысының аяқ жағын ашып, сол жерге жат. Не істеу керектігін саған өзі айтады”.  Бұған Рут: “Айтқаныңыздың бәрін істейін”,— деп жауап берді.  Сөйтіп, қырманға барып, бәрін енесі тапсырғандай істеді.  Бағоз ішіп-жеген соң, көңілі көтерілді, кейін үйілген астықтың шетіне барып жатты. Сонда Рут білдіртпей келіп, жамылғысының аяқ жағын ашып, сол жерге жатты.  Түн ортасында Бағоздың денесі түршігіп, оянып кетті. Басын көтеріп қараса, аяқ жағында бір әйел жатыр екен.  Бағоз: “Сен кімсің?”— деп сұрағанда, ол: “Сіздің күңіңіз Рутпын. Мені қанатыңыздың* астына ала көріңіз, өйткені сіздің туысқандық міндетіңіз бар+”,— деді. 10  Сол кезде Бағоз былай деді: “Қызым, Ехоба сені жарылқасын! Осы көрсеткен айнымас сүйіспеншілігің бұрынғысынан да асып түсті+, себебі өзіңе жар болатын адамды бай не кедей жас жігіттердің арасынан іздемедің. 11  Ал енді, қызым, еш қорықпа. Өтінішіңнің бәрін де орындаймын+, сенің тамаша адам екенің бүкіл қала* халқына белгілі. 12  Иә, менің туысқандық міндетім бар екені рас+, бірақ менен де жақын туысың бар+. 13  Бүгін осы жерде түне. Таңертең сол кісі өз міндетін алуға келіссе, онда жақсы, солай болсын+. Ал бас тартса, бұл міндетті өзім аламын, бұл сөзім — Ехобаның тірі екеніндей хақ. Таң атқанша осында жата тұр”. 14  Рут таң атқанша оның аяқ жағында жатып, әлі ешкімнің бет-жүзі анық көрінбейтін елең-алаңда тұрды. Бағоз оған: “Қырманға әйелдің келгенін ешкім білмей-ақ қойсын”,— деді. 15  Сондай-ақ ол: “Орамалыңды жайып ұстай ғой”,— деді. Рут орамалын жайғанда, алты өлшем* арпа салып, көтертіп жіберді. Өзі болса қалаға қарай жүріп кетті. 16  Рут келгенде, енесі: “Қалай болды*, қызым?”— деп сұрады. Рут әлгі кісінің не істеп, не қойғанының бәрін айтып берді. 17  Сөйтті де: “Ол маған енеңе құрқол қайтпа деп, мына алты өлшем арпаны беріп жіберді”,— деді. 18  Сонда Нағима: “Қызым, мұның соңы немен аяқталатынын білгенше, күте тұр. Бұл кісі осы істі бүгін тындырмайынша, тыным таппайды”,— деді.

Сілтемелер

Сөзбе-сөз “етегіңіздің”.
Сөзбе-сөз “қақпа”.
Бұл 6 сеа болса керек немесе шамамен 44 л. Ә14 қосымшасын қараңыз.
Сөзбе-сөз “Сен кімсің?”