Салоникалықтарға 1-хат 3:1—13

  • Афинада қалған Пауылдың бауырластарын уайымдауы (1—5)

  • Тімөте әкелген жақсы хабар (6—10)

  • Салоникалықтар үшін дұға ету (11—13)

3  Сондықтан бұған әрі қарай шыдай алмай, өзіміз Афинада+ қалуды дұрыс көріп,  сендерге бауырласымыз әрі Мәсіх туралы ізгі хабарды жариялап жүрген Құдайдың қызметшісі* Тімөтені+ сенімдерің берік болу үшін сендерді нығайтсын, жұбатсын деп жібердік.  Сонда осы қиындықтар ешқайсысыңды шайқалтпайды. Өйткені олардың бізді айналып өтпейтіні өздеріңе мәлім+.  Оның үстіне, қиындыққа кезігуіміз керектігін өздеріңмен бірге болғанда айтып жүруші едік. Міне, сол айтқанымыз болды, бұны өздерің де білесіңдер+.  Сондықтан да мен бұған әрі қарай шыдай алмай, адал болып жүрсіңдер ме, әлде Азғырушы*+ еліктіріп әкетіп, бар еңбегіміз зая кетті ме деп уайымдап, соны білу үшін сендерге Тімөтені жіберген едім+.  Ол жаңа ғана сендерден келіп, адалдықтарың мен сүйіспеншіліктерің туралы жақсы хабар әкелді+. Сондай-ақ бізді ылғи жақсылықпен еске алып, біз сияқты, сендердің де бізді көруді аңсап жүргендеріңді айтты.  Бауырластар, адал болып жүргендерің мұқтаждық пен қиындық көріп жатқан біздерді жұбатты+.  Өміріміз қайта жанданды, өйткені Иемізбен байланыстарыңда берік тұр екенсіңдер.  Сендер үшін, Құдайымыздың алдында бізге сыйлаған бар қуаныштарың үшін оған қалай алғыс білдірсек екен? 10  Жүздеріңді көрсек әрі сенімдеріңе не жетпесе, соны толықтырсақ екен деп, күні-түні бар ынтамызбен жалбарынудамыз+. 11  Құдай Әкеміздің өзі және Иеміз Иса сендерге барар жолымызды оңғара көрсін. 12  Біздің өздеріңе деген сүйіспеншілігіміздің мол болғаны сияқты, Иеміз сендердің де бір-біріңе және барлық адамдарға деген сүйіспеншіліктеріңді арттырсын, иә, молайта берсін+. 13  Сонда Иеміз Иса барлық қасиеттілерімен бірге осында болатын кезде*+ Құдай Әкеміздің алдында жүректерің берік, мінсіз де қасиетті болады+.

Сілтемелер

Мүмкін: “Құдайдың қызметтесі”.
Немесе “Әзәзіл”.
Түсіндірмедегі “Исаның осында болуын” қараңыз.