Салоникалықтарға 1-хат 5:1—28

  • Ехобаның күні жақындап қалды (1—5)

    • “Бейбітшілік пен қауіпсіздік!” (3)

  • Ұйықтамай, ояу әрі қырағы жүру (6—11)

  • Кеңестер (12—24)

  • Сәлем жолдау (25—28)

5  Ал уақыттар мен мезгілдерге келер болсақ, бауырластар, сендерге бұл туралы жазудың қажеті жоқ.  Өйткені Ехобаның күні+ тап ұрының түнде түсетіні сияқты келетінін+ өздерің де жақсы білесіңдер.  Жұрт: “Міне, бейбітшілік пен қауіпсіздік!”— деп жүргенде, жүкті әйелдің толғағы кенеттен басталатыны іспетті, олардың да жойылатын кезі кенеттен келеді+. Сонда олар еш құтылмайды.  Бірақ, бауырластар, сендер ұрылар сияқты түнекте емессіңдер, сондықтан бұл күн сендер үшін қапылыста келмейді.  Өйткені бәрің де жарықтың ұлдарысыңдар және күннің ұлдарысыңдар+. Біз түндікі де, түнектікі де емеспіз+.  Сондықтан басқаларға ұқсап ұйықтамай+, қайта, ояу+ әрі қырағы жүрейік+.  Себебі ұйықтайтындар түнде ұйықтайды, мас болатындар да түнде мас болады+.  Бірақ біздер — күннің ұлдары — қырағы жүрейік, сенім мен сүйіспеншілікті сауыт қылып, ал құтқарылуға деген үмітімізді дулыға етіп киейік+.  Себебі Құдай бізді қаһарына ұшырату үшін емес, Иеміз Иса Мәсіх арқылы құтқарылу үшін таңдап алды+. 10  Иса біз үшін өмірін қиды+. Ол мұны ояу жүрсек те, ұйықтап жатсақ* та онымен бірге өмір сүруіміз үшін істеді+. 11  Сондықтан бір-біріңді жұбатып, нығайтып жүргендеріңдей+, әрі қарай да солай ете беріңдер. 12  Бауырластар, сендерден сұрайтынымыз — араларыңда ауыр еңбектеніп, Иеміздің ісінде жетекшілік етіп, ақыл-кеңес беріп жүргендерді қадірлеңдер. 13  Оларды еңбектері үшін айрықша құрметтеп+, жақсы көріңдер. Өзара тату болыңдар+. 14  Бауырластар, өздеріңнен тағы мынаны өтінеміз: тәртіп бұзатындарға ескерту жасаңдар+, жаны күйзеліп жүргендерді жұбатыңдар, әлсіздерді қолдаңдар, барлық адамдарға төзімді болыңдар+. 15  Байқаңдар, ешкім жамандыққа жамандықпен қайтармасын+, қайта, әрқашан бір-біріңе де, өзгелерге де жақсылық жасауға ұмтылыңдар+. 16  Әрдайым қуаныңдар+. 17  Ұдайы дұға етіңдер+. 18  Барлық жағдайда Құдайға алғыс айтыңдар+. Өйткені Мәсіх Исамен бірліктегі сендерге қатысты Құдайдың еркі — осы. 19  Рухтың жалынын өшірмеңдер+. 20  Пайғамбарлықтарға немкетті қарамаңдар+. 21  Бәрін тексеріңдер+ де, жақсысын ғана берік ұстаныңдар. 22  Жамандық атаулыдан аулақ жүріңдер+. 23  Тыныштықтың Құдайы сендерді толығымен қасиетті ете көрсін. Иеміз Иса Мәсіх осында болған кезде* өздеріңе ортақ бүкіл рух, жан мен дене барлық жағынан кіршіксіз сақталғай+. 24  Сендерді шақырған Құдай адал, ол бұны жүзеге асырады. 25  Бауырластар, біз үшін дұға ете беріңдер+. 26  Барлық бауырластармен сүйіспеншілікпен сүйіп амандасыңдар. 27  Осы хатты бауырластардың бәріне оқып беріңдер+ деп, сендерге Иеміздің алдында үлкен міндеттеме жүктеймін. 28  Сендерге Иеміз Иса Мәсіхтің рақымы жаусын!

Сілтемелер

Немесе “өлім ұйқысында жатсақ”.
Түсіндірмедегі “Исаның осында болуын” қараңыз.