Самуилдің 2-жазбасы 1:1—27

  • Дәуіт Саулдың өлімі жайлы хабар алды (1—16)

  • Дәуіттің Саул мен Жонатанды жоқтауы (17—27)

1  Осылай Саул қаза тапты. Ал Дәуіт амалектіктерді жеңіп, Секелагқа+ оралып, сол жерде екі күн болды.  Ал үшінші күні Саулдың қосынан бір жігіт келді. Ол киімінің өңірін айырып, басына топырақ сеуіп алыпты. Дәуіттің алдына келгенде, әлгі жігіт жерге жығыла кетіп, тағзым етті.  Дәуіт: “Қайдан келдің?— деп сұрағанда, ол: —Исраилдіктердің қосынан келіп тұрмын, жаудан қашып құтылдым”,— деп жауап берді.  Сонда Дәуіт: “Ол жақта не болды, айтып берші?”— деп өтінді. Ол: “Жұрт ұрыс алаңынан қашып, көбісі қаза болды. Саул мен ұлы Жонатан да өлді”+,— деді.  Дәуіт жігіттен: “Саул мен Жонатанның өлгенін қайдан білесің?— деп сұрап еді,  ол мынаны айтты: —Кездейсоқ Гелбоя тауына+ барған едім. Қарасам, найзасына сүйеніп Саул тұр екен. Оған жаудың соғыс арбалары мен атты әскері таяп қалыпты+.  Айналасына қараған ол мені көріп, қасына шақырды. Мен: —Тақсыр, тыңдап тұрмын,— дегенімде,  ол: —Сен кім боласың?— деп сұрады. Мен амалектік+ екенімді айттым.  Сонда Саул: —Бері жақындап, мені өлтірші. Жаным шықпай*, қатты қиналып тұрмын,— деді. 10  Қатты жараланғандықтан оның бәрібір аман қалмайтынын білдім де, қасына барып, өлтіріп тастадым+. Ал басындағы тәжі мен қолындағы білезігін шешіп алып, өзіңізге әкелдім”. 11  Бұны естігенде, Дәуіт киімінің өңірін қапсыра ұстап, айырып жіберді. Қасындағылар да солай етті. 12  Олар семсерден өлген Саул мен оның ұлы Жонатанды, Ехобаның* халқы мен Исраил үйі үшін+ зар еңіреп, көз жастарын төгіп, кешке дейін ораза тұтты+. 13  Бұдан кейін Дәуіт әлгі жігіттен: “Қай жерденсің?”— деп сұрады. Ол: “Исраилде тұрып жатқан жатжерлік амалектік бір кісінің ұлымын,— дегенде, 14  Дәуіт: —Ехоба тағайындаған патшаға қолыңды көтеріп өлтіруге қалай ғана қорықпадың?!”— деді+. 15  Сосын жігіттерінің бірін шақырып алып: “Мынаны шауып өлтір!”— деп бұйырды. Жігіт оның бұйрығын орындады+. 16  Дәуіт: “Ехобаның тағайындаған патшасын өлтірдім” деген сөзің өзіңе қарсы куәлік болды. Енді өз обалың өзіңе”,— деді+. 17  Сосын Дәуіт Саул мен Жонатанға арнап жоқтау айтты+. 18  Бұдан кейін Яһуда ұлдарына оны жаттап алуды тапсырды. “Садақ” деп аталған осы жоқтау жыры Яшар кітабында+ жазылған. Оның сөздері келесідей: 19  “Уа, Исраил, батырларың тау басында жатыр сұлап+, Қалай ғана мықтыларың қалды құлап?! 20  Ғат қаласында бұл жайлы айтпаңдар+,Ашкелон көшелерінде де жарияламаңдар.Філістірлердің келіншектері қуанып,Сүндеттелмегендердің қыздары жүрмесін шаттанып. 21  Гелбоя таулары+, үстеріңе шық пен жаңбыр түспесін,Танаптарың қасиетті тартуға ұсынатын өнім бермесін+.Сол жерде мықтылардың да, Саулдың да қалқаны масқараланды,Енді маймен сыланған ешбір қалқан қалмады. 22  Жонатанның садағы жау қанын төкпей, мықтылардың тәнін шаншымай қоймайтын+.Саулдың да семсері құр қайтпайтын+. 23  Саул мен Жонатан+ көзі тірісінде ақжарқын еді, жаны жайдары,Өлім де оларды ажыратпады+. Ұшқыр еді-ау олар қыраннан+,Басым еді күштері арыстаннан+. 24  Исраил қыздары, өздеріңе ал қызыл қымбат киім кигізген,Шапандарыңды алтын өрнекпен көмкерген,Саулды жоқтаңдар азалы әнменен. 25  Батырларың сұлады қиян-кескі шайқаста! Жонатан жер бауырлады тау басында+! 26  Аза тұтып жоқтаймын өзіңді, бауырым Жонатан,Айнымас досым жаныма жақын тұтқан+. Әйел махаббатынан артық еді сүйіспеншілігің маған+. 27  Батырлардың жер бауырлап құлағаны-ай!Соғыс қаруларының құрып жоғалғаны-ай!”

Сілтемелер

Немесе “Әлі өлмей”. Түсіндірмедегі “Жан” сөзін қараңыз.
Бұл — Құдайдың есімі. Түсіндірмені қараңыз.