Самуилдің 2-жазбасы 10:1—19

  • Аммон мен Сирияны жеңу (1—19)

10  Біраз уақыт өткен соң аммондықтардың+ патшасы Нахаш қайтыс болып, орнына ұлы Анон таққа отырды+.  Мұны естіген Дәуіт: “Нахаштың маған танытқан айнымас сүйіспеншілігін мен оның ұлы Анонға танытайын”,— деп, әкесінің өліміне көңіл айту үшін қызметшілерін жіберді. Содан Дәуіттің қызметшілері Аммон жеріне келді.  Бірақ аммондық бекзадалар патшаларына: “Дәуіт мына қызметшілерін әкеңізді сыйлағандықтан, сізге көңіл айту үшін жіберді дейсіз бе? Оларды қаланы барлап шығып, бәрін біліп алып, талқандау үшін жіберіп отыр емес пе?”— деді.  Сонда Анон Дәуіттің қызметшілерін ұстап алып, сақалдарының бір жағын қырып+, киімдерінің етегін жамбастарына дейін қиып тастады да, кері қайтарып жіберді.  Дәуіт бұл жайлы ести сала, қатты масқараланған қызметшілерінің алдынан адам жіберіп: “Сақалдарың өскенше Иерихонда+ қала тұрыңдар, содан кейін қайтып келесіңдер”,— деді.  Дәуітті өздеріне өшіктіріп алғанын көрген аммондықтар өкілдерін жұмсап, Сириядағы Бет-Рехоб+ пен Собадан+ 20 000 жаяу әскер, Мағақ+ патшасы мен оның 1000 әскерін және Иштобтан 12 000 әскер жалдады+.  Дәуіт мұны естігенде, Жоғаб бастаған күллі әскерімен қоса, ең мықты сарбаздарын аттандырды+.  Аммондықтар шайқасқа дайындалып, қала қақпасының сыртына сап түзеді. Ал Соба мен Рехобтан келген сириялықтар, иштобтықтар мен Мағақ өз адамдарымен жазыққа орналасты.  Жоғаб өз әскерінің алдынан да, артынан да қыспаққа алынып, екі жақтан соғысу керектігін көргенде, Исраилдің ең мықты сарбаздарынан біразын іріктеп алып, сириялықтарға қарсы сапқа тұрғызды+. 10  Әскердің қалған бөлігін інісі Әбісайдың+ қолына беріп, аммондықтарға+ қарсы сап түзеуді тапсырды. 11  Жоғаб былай деді: “Егер сириялықтардың күші менен басым болып бара жатса, сен маған көмекке кел. Ал аммондықтардың күші сенен басым болып бара жатса, мен саған көмекке келемін. 12  Еш қаймықпай халқымыз үшін, Құдайымыздың қалалары үшін батыл шайқасайық+! Ал Ехоба дұрыс деп тапқанын істесін+”. 13  Сонымен, Жоғаб пен адамдары сириялықтармен шайқасты да, жау қаша жөнелді+. 14  Мұны көріп, аммондықтар да Әбісай бастаған әскерден кері шегініп, қалаға барып бекінді. Сонда Жоғаб аммондықтармен шайқасуды доғарып, Иерусалимге оралды. 15  Сириялықтар исраилдіктерден жеңіліп қалғанын көргенде, бәрі бір жерге жиналды+. 16  Ададәзер+ Евфрат өңіріне+ елшілерін жұмсап, сондағы сириялықтарды шақырды. Оларды Ададәзер әскерінің қолбасшысы Шобақ Еламға бастап әкелді. 17  Бұл жайлы Дәуітке хабар жеткенде, ол дереу күллі Исраилдің басын қосты да, Иорданнан өтіп, Еламға келді. Сириялықтар Дәуітке қарсы сап түзеп, онымен шайқасты+. 18  Бірақ олар Исраил әскерінен қаша жөнелді. Дәуіт олардың 700 арбакешін, 40 000 салт атты сарбазын жер құштырды, қолбасшылары Шобақты да сұлатып салды. Ол сол жерде өлді+. 19  Ададәзерге бағынышты патшалардың бәрі Исраилден жеңілгендерін көргенде, бейбіт бітім жасасып, оған бағынышты болды+. Сириялықтар жүрексініп, бұдан былай аммондықтарға көмектеспейтін болды.

Сілтемелер