Самуилдің 2-жазбасы 15:1—37

  • Абессаломның қастандығы мен бүлігі (1—12)

  • Дәуіттің Иерусалимнен қашуы (13—30)

  • Ахитопелдің Абессаломның жағына шығуы (31)

  • Хушайдың Ахитопелге кедергі жасауға жіберілуі (32—37)

15  Осыдан кейін Абессалом өзіне арба мен оған жегілетін аттар алды. Алдында жүгіріп жүретін 50 адамы да болды+.  Ол таңертең қала қақпасына апаратын жол бойына тұрып алатын да+, патшаның төрелігіне жүгініп+ келген адамнан: “Қай қаладан келдің?”— деп сұрайтын. Ол Исраилдің қай руынан екенін айтқанда,  Абессалом: “Бұл істе шындық пен әділдік сенің жағыңда екен, бірақ патшаның сені тыңдайтын ешкімі жоқ”,— дейтін.  Артынан: “Мына елге билік айтуға мені қойса ғой! Арызданып келген әрбір кісі маған келер еді, ал мен оның мәселесін әділ шешіп берер едім!”— деп қосатын.  Ал біреу алдына келіп, тағзым етпек болса, Абессалом оны құшақтап, бетінен сүйетін+.  Ол патшаның төрелігіне жүгініп келген исраилдіктердің бәріне осылай етіп, халықтың жүрегін жаулап, өзіне қарата бастады+.  Төрт* жылдан кейін Абессалом патшадан былай деп өтінді: “Хебронға+ барып, Ехобаға берген уәдемді орындауға рұқсат етіңізші.  Қызметшіңіз Сириядағы Гесурда+ жүргенде, “Ехоба мені Иерусалимге қайтарса, Ехобаға арнап құрбандық шаламын” деп ант еткен еді+”.  Патша: “Аман-есен барып кел”,— деген соң, Абессалом Хебронға жол тартты. 10  Абессалом Исраилдің күллі руларына тыңшылар жіберіп: “Керней даусын естігенде, “Абессалом Хебронда+ патша болды!” деп жар салыңдар”,— деген хабар жолдады. 11  Оған Иерусалимнен 200 адам ерді. Олар Абессаломға еруге шақырылғанмен, еш арам ойлары жоқ, істің мән-жайынан да мүлдем бейхабар болатын. 12  Құрбандық шалынып жатқанда, Абессалом Ғилоннан+ Дәуіттің кеңесшісі+ Ахитопелді+ де шақыртты. Осылайша Абессаломды қолдайтындардың саны көбейіп, Дәуітке қарсы қастандық күшейе түсті+. 13  Біраз уақыттан кейін Дәуітке “исраилдіктердің көңілі Абессаломға ауып кетіпті” деген хабар жетті. 14  Дәуіт мұны ести сала, Иерусалимдегі барлық қызметшісіне: “Жүріңдер, қашайық+, әйтпесе Абессаломнан ешқайсысымыз құтыла алмай қаламыз! Тезірек жолға шығайық, ол тап беріп, қаладағылардың бәрін семсермен қырып тастап жүрер!”— деді+. 15  Сонда олар: “Патша иеміз не айтса, қызметшілеріңіз соны істеуге дайын”+,— деп жауап берді. 16  Осылайша патша бүкіл үй ішімен жолға шығып, он кәнизагын+ ғана үйді қадағалауға қалдырып кетті. 17  Патша мен оған ергендердің бәрі Бет-Мерхаққа келіп тоқтады. 18  Қызметшілерінің бәрі патшаның алдынан өтіп жатты. Ол өтіп жатқан күллі кереттіктер мен пелеттіктерді+ және күллі ғаттықтарды+, Ғат қаласынан+ оған* қосылып шыққан 600 адамды, бақылап тұрды. 19  Сосын патша Иттайға+ былай деді: “Бізге неге ердің? Барып, жаңа патшаның қасында қал. Өйткені сен жатжерліксің, оның үстіне, өз еліңнен қуылғансың. 20  Келгенің кеше ғана, ал бүгін қашан және қайда жүрерімді білмей тұрғанда, сені өзіммен бірге қаңғырып жүруге қалай мәжбүрлеймін? Бауырларыңды алып, кері қайт. Ехоба саған айнымас сүйіспеншілік пен адалдық танытсын+!” 21  Бұған Иттай: “Тірі Құдай Ехоба мен патша иемнің алдында шын айтамын*, патша ағзам қайда барса, мен де сонда барамын. Қызметшіңіз сізбен бірге өлуге де дайын!”— деді+. 22  Дәуіт оған: “Онда, жарайды, өте бер”,— деп жауап берді. Сөйтіп, ғаттық Иттай+ адамдары мен бала-шағасын алып, патшаның алдынан өтті. 23  Жұрт патшаның алдынан өтіп жатқанда, сол жердің тұрғындарының бәрі дауыстап жылап тұрды. Патша Қидрон аңғарында+ тұрған еді, ал жұрт оның алдынан шөл далаға апаратын жолмен өтіп жатты. 24  Олардың арасында Садық+ және шынайы Құдайдың келісім сандығын+ көтеріп жүретін барлық леуіліктер+ де бар еді+. Олар сандықты жерге қойды. Қаладан шыққан жұрт аңғардан өтіп жатқанда, Әбиятар+ да сол жерге келді . 25  Патша Садыққа мынаны айтты: “Шынайы Құдайдың келісім сандығын қалаға қайтар+. Егер Ехобаның ықыласына ие болсам, ол мені де қайтарып, сандық пен оның тұрған жерін қайта көруіме мүмкіндік береді+. 26  Ал “саған көңілім толмайды” десе, онда маған не істесе де, қабыл алуға дайынмын”. 27  Ол діни қызметкер Садыққа тағы былай деді: “Сен көреген* емессің бе+? Ұлың Ахимағас пен Әбиятар ұлы Жонатанды алып, аман-есен кері қайт+. 28  Сендерден хабар келгенше, мен шөл даладағы өткелде тоса тұрамын+”. 29  Содан Садық пен Әбиятар шынайы Құдайдың келісім сандығын алып, Иерусалимге келді де, сонда қалды. 30  Дәуіт болса жылаған күйі Зәйтүн тауының+ бөктерімен өрлеп бара жатты. Оның басы бүркеулі, аяғы жалаңаяқ еді. Қасындағы адамдары да бастарын бүркеп, егіле жылап келе жатты. 31  Дәуітке “Ахитопел де Абессаломның қастандығына+ қосылыпты”+ деген хабар жетті. Сонда ол: “Уа, Ехоба, Ахитопелдің кеңесін ақымақтыққа айналдыра көр!”— деді+. 32  Осылай Дәуіт тау басына, жұрт Құдайға сиынатын жерге жетті. Сол жерде оның алдынан архилік+ Хушай+ шықты. Ол киімінің өңірін айырып, басына топырақ сеуіп алыпты. 33  Дәуіт оған былай деді: “Менімен бірге жүрсең, маған ауыртпалық саласың. 34  Ал қалаға қайтып, Абессаломға “Уа, патша, мен сенің қызметшіңмін. Әкеңе қалай қызмет етсем, саған да солай қызмет етемін” десең+, Ахитопелдің кеңесін жоққа шығарып, маған көмектесесің+. 35  Діни қызметкерлер Садық пен Әбиятар да сол жерде сенімен бірге болады. Патша үйінде естігендеріңнің бәрін соларға жеткізіп тұр+. 36  Садықтың Ахимағас+, Әбиятардың Жонатан+ деген ұлдары да сонда. Естіп-білгендеріңнің бәрін солар арқылы маған хабарлап тұрыңдар”. 37  Содан Дәуіттің досы Хушай+ Абессалом Иерусалимге кіріп келе жатқанда қалаға келіп жетті.

Сілтемелер

Мүмкін: “қырық”.
Яғни 19-тармақта айтылған “Иттайға”.
Немесе “Ехобаның және патша иемнің тірі екеніндей хақ сөзім”.
Мұндағы еврей сөзі Құдай өз еркін түсінуге қабілет берген адамға нұсқайды.