Самуилдің 2-жазбасы 16:1—23

  • Сибаның Мепібошетке жала жабуы (1—4)

  • Шимейдің Дәуітті қарғауы (5—14)

  • Абессаломның Хушайды қабыл алуы (15—19)

  • Ахитопелдің кеңесі (20—23)

16  Дәуіт тау басынан+ төмендей бергенде, алдынан Мепібошеттің+ қызметшісі Сиба+ шықты. Ол ерттелген екі есекке 200 күлше нан, 100 мейіз күлше, жаздық мәуеден* жасалған 100 күлше, бір үлкен құмыра шарап артып алыпты+.  Патша одан: “Мыналарды не қыласың?”— деп сұрады. Сиба: “Есектерге патшаның үй ішіндегілер мінсін деп, нан мен жаздық мәуелерді жігіттер азық етсін, ал шарапты шөл далада қалжырағандар ішсін деп әкелдім”,— деді+.  Патша: “Қожайыныңның баласы*+ қайда?”— деген сұрақ қойды. Сиба: “Ол “Исраил үйі әкеме тиесілі патшалық билікті бүгін маған қайтарып береді” деп, Иерусалимде қалып қойды”,— деп жауап берді+.  Сонда патша: “Мепібошеттікі болғанның бәрі енді сенікі”,— деді+. Сиба мынаны айтты: “Алдыңызда бас иіп тағзым етемін. Тақсыр ием, мені ықыласыңыздан айырмаңыз”+.  Дәуіт патша Бахуримге жеткенде, сол жерден Саулдың әулетіне жататын Гера ұлы Шимей шықты+. Ол айғайлап Дәуітке қарғыс жаудырып келе жатты+.  Шимей Дәуіт пен оның қызметшілеріне, сондай-ақ патшаның екі жағында келе жатқан күллі халық пен мықты жігіттерге тас лақтырумен болды.  Ол Дәуітті былай деп қарғады: “Жоғал, қанішер! Оңбаған, жоғал бұл жерден!  Саулдың үй ішінің қанын төгіп, орнына өзің патша болып едің, енді міне, Ехоба дәл соны өз басыңа келтірді. Қарашы, Ехоба патша тағын ұлың Абессаломға беріп отыр. Сен қанішерсің, сондықтан осы пәлеге душар болдың+!”  Сонда Сарұяның ұлы Әбісай+: “Мына иттің өлімтігі+ патша иемді неге қарғап келе жатыр+?! Рұқсат етсең, барып, басын алайын!”— деді+. 10  Бірақ патша: “Сарұяның ұлдары, онда біздің ісіміз қанша+? Қарғай берсін+, Ехобаның өзі оған “Дәуітті қарға!” десе+, кім тыйым сала алады?”— деді. 11  Сосын Әбісай мен барлық қызметшілеріне тағы мынаны айтты: “Туған балам жанымды алғысы келіп жүргенде+, мына бенияминдіктен+ не күтуім керек?! Мені қарға деп оған Ехобаның өзі айтқан ғой, тимеңдер, қарғай берсін! 12  Бәлкім, Ехоба көрген қорлығыма назар аударып+, Шимейден естіген қарғыстың орнына Ехоба маған батасын берер+”. 13  Осыдан кейін Дәуіт пен қасындағылар өз жөндерімен кете берді, ал Шимей жандарында тау бөктерін жағалай жүріп, айғайлап қарғыс жаудырумен болды+. Ол қыр соңдарынан қалмай, тас лақтырып, топырақ шашып келе жатты. 14  Ақырында, шаршап-шалдыққан патша мен қасындағылар діттеген жерлеріне жетті де, демалуға тоқтады. 15  Осы екі арада Абессалом мен күллі Исраил халқы Иерусалимге кірді. Абессаломның жанында Ахитопел+ де болды. 16  Дәуіттің досы архилік+ Хушай+ Абессаломның жанына келіп: “Патша мың жасасын+! Патша мың жасасын!”— деп дауыстады. 17  Абессалом болса: “Досыңа көрсеткен айнымас сүйіспеншілігің осы ма?! Неге досыңмен бірге кетпедің?— деп сұрап еді, 18  Хушай мынаны айтты: —Жоқ, кетпедім. Өйткені Ехоба, мына халық және бүкіл Исраил елі кімді таңдаса, мен соның қасында боламын. 19  Оның үстіне, досымның ұлына қызмет етпегенде, кімге қызмет етемін?! Әкеңе қалай қызмет етсем, саған да солай қызмет етемін+!” 20  Кейінірек Абессалом Ахитопелге: “Не істесек екен, қандай кеңес бересің+?”— деген сұрақ қойды. 21  Ол болса: “Үйін қарауға қалдырған әкеңнің кәнизактарымен+ жақындас+. Оны осылай қорлағаның күллі Исраилге тарамай қоймайды. Сонда сені қолдайтындар жігерленіп, нығая түседі”,— деді. 22  Содан Абессаломға арнап үй төбесіне+ шатыр тігілді де, ол бүкіл Исраилдің көзінше+ әкесінің кәнизактарымен жақындасты+. 23  Ол кезде Ахитопелдің+ кеңестері шынайы Құдайдың сөзіндей қабылданатын. Ахитопелдің барлық кеңесін Дәуіт те, Абессалом да солай қарастыратын.

Сілтемелер

Негізінен інжірден, сондай-ақ құрмадан да жасалуы мүмкін.
Немесе “немересі”.