Самуилдің 2-жазбасы 18:1—33

  • Абессаломның жеңілуі мен өлімі (1—18)

  • Дәуітке Абессаломның өлгенін естірту (19—33)

18  Дәуіт қасындағы адамдарын санап шығып, олардың үстінен жүзбасылар мен мыңбасылар тағайындады+.  Сосын жасағын үш топқа бөліп, біріншісіне Сарұяның ұлы+ Жоғабты+, екіншісіне оның бауыры Әбісайды+, ал үшіншісіне ғаттық Иттайды+ басшы етіп қойды. Патша жігіттеріне: “Мен де сендермен барамын!”— деді.  Бірақ олар: “Жоқ, бармаңыз+! Бәріміз қаша жөнелсек, олар бұған көңіл бөлмейді. Тіпті жартымыз қырылып қалсақ та, ешкім мән бермейді, ал сіз бір өзіңіз он мыңымызға татисыз+. Сондықтан қалада қалып, бізге осы жерден көмектескеніңіз жақсы”,— деп қарсы болды.  Патша келісіп: “Жарайды, айтқандарың болсын”,— деді. Содан сарбаздар жүз-жүз, мың-мың болып қаладан шығып жатқанда, ол қала қақпасының алдында тұрды.  Патша Жоғаб, Әбісай және Иттайға: “Мен үшін жас жігіт Абессаломға мейірімді болыңдар”,— деп бұйырды+. Қолбасшыларының үшеуіне де осылай деп тапсырғанын бүкіл жасақ естіді.  Сонымен, Дәуіттің жасағы исраилдіктерге қарсы аттанып, алаңға шықты. Екі жақ Ефрем орманында шайқасты+.  Исраилдіктер+ Дәуіттің қызметшілерінен ойсырай жеңілді+. Үлкен қырғын болып, сол күні 20 000 адам жер құшты.  Шайқас ушыға түсіп, бүкіл аймаққа жайылды. Сол күні семсерден өлгендерден ну орманда қаза тапқандар көп болды.  Бір кезде Абессалом Дәуіттің қызметшілеріне кезігіп қалды. Ол қашып бара жатқанда, астындағы қашыры үлкен ағаштың астына қарай шаба жөнелді. Сонда Абессаломның қалың шашы ағаштың бұтақтарына шырмалып қалып, ол ағашқа ілінген күйі салбырап тұрды. Қашыры болса әрі қарай шауып кете барды. 10  Бұны біреу көріп, Жоғабқа+: “Абессаломның үлкен ағашта ілініп тұрғанын көрдім!”— деп айтып келді. 11  Жоғаб: “Оны көрдім дейсің бе? Неге сол жерде өлтіре салмадың? Мен саған он күміс ақша, беліңе белбеу берер едім”,— деді. 12  Әлгі адам оған мынаны айтты: “Тіпті 1000 күміс ақша берсеңіз де, патшаның ұлына қол көтермес едім. Патшаның Әбісай, Иттай үшеуіңізге “қай-қайсысың болсаң да, жас жігіт Абессаломға қарайлап жүріңдер” дегенін бәріміз өз құлағымызбен естідік қой+. 13  Мұны елемей, баласын өлтірсем, бұл патшадан жасырын қалмас еді. Ал сіз мені қорғамас едіңіз”. 14  Сонда Жоғаб: “Сенімен сөйлесіп тұра беретін уақытым жоқ!”— деді де, үш жебе* алып, оларды үлкен ағаштың бұталарында ілініп, әлі тірі тұрған Абессаломның жүрегіне қадады. 15  Жоғабтың қару-жарағын алып жүретін он қызметшісі болса Абессаломды қоршап алды да, өлтіріп тастады+. 16  Бұдан кейін Жоғаб кернейлетіп белгі берді, сонда Дәуіттің жасағы исраилдіктерді қууын доғарды. 17  Олар Абессаломның денесін ормандағы бір үлкен шұңқырға лақтырып, үстіне үлкен етіп тас үйіп тастады+. Ал күллі Исраил үйді-үйлеріне қашып кетті. 18  Көзі тірісінде Абессалом “Менің атымды жалғастыратын ұлым жоқ қой”+ деп, өз құрметіне тас бағана жасатып, Патша аңғарына+ қойдырған еді. Абессалом сол бағанаға өз атын берген болатын, ол әлі күнге дейін “Абессаломның ескерткіші” деп аталады. 19  Садық ұлы Ахимағас+ Жоғабқа: “Жүгіріп барып, патшамызға Ехобаның оны жауларынан арылтып, әділдік орнатқанын+ хабарлайыншы”,— деді. 20  Бірақ ол: “Бүгін сен хабаршы болатын күн емес, басқа күні бола жатарсың. Өйткені бүгін патшаның ұлы қаза тапты”,— деп қарсы болды+. 21  Содан соң бір құштық+ кісіге: “Бар да, көрген-білгеніңді патшаға жеткіз”,— деп тапсырды. Ол Жоғабқа иіліп тағзым етті де, жүгіре жөнелді. 22  Бірақ Садық ұлы Ахимағас тағы да: “Не болса, о болсын. Мен де құштық кісінің артынан жүгірейінші”,— деп өтінді. Жоғаб: “Жүгіріп қайтесің, балам, сен апаратын хабар да жоқ қой?”— деді. 23  Бірақ ол: “Не болса, о болсын, мен де жүгірейінші”,— деп қоймады. Сонда Жоғаб: “Жарайды, жүгір!”— деді. Ахимағас Иордан өңірі арқылы жүгіре отырып, құштық кісіні басып озды. 24  Бұл кезде Дәуіт сыртқы және ішкі қақпалардың арасында отырған еді+. Бір кезде күзетші+ қақпаның үстіндегі шатырға шығып қараса, жалғыз адам жүгіріп келе жатыр екен. 25  Күзетші дауыстап, бұны патшаға мәлімдеді. Патша: “Жалғыз келе жатса, хабаршы болу керек”,— деді. Әлгі адам жақындай берді. 26  Күзетші тағы біреудің жүгіріп келе жатқанын көріп, қақпашыға: “Қара, тағы біреу жүгіріп келе жатыр!”— деп айғайлады. Патша: “Ол да хабар әкеле жатыр”,— деді. 27  Сонда күзетші: “Біріншісінің жүгірісі Садық ұлы Ахимағастікіне ұқсайды+,— деп еді, патша: —Ол — жақсы адам. Жақсы хабармен келе жатыр”,— деді. 28  Ахимағас патшаға келіп: “Бәрі де жақсы!”— деп дауыстады да, жерге дейін иіліп тағзым етті. Сосын: “Тақсыр иеме қарсы бас көтергендерді бағындырып берген Құдайыңыз Ехоба мадақталсын!”+— деді. 29  Патша болса: “Жас жігіт Абессалом аман ба?”— деп сұрады. Ахимағас: “Жоғаб бір қызметшіңізбен қоса мені жіберіп жатқанда, қатты толқу болып жатқанын көргенмін, бірақ себебін білмедім”,— деді+. 30  Патша: “Былайырақ тұра тұр”,— деді. Ол әрірек барып тұрды. 31  Осы кезде құштық кісі де келіп жетті+. Ол: “Патша иеме әкелген хабарым бар: бүгін Ехоба сізді өзіңізге қарсы шыққандардан арылтып, әділдік орнатты”+,— деді. 32  Патша болса: “Жас жігіт Абессалом аман ба?”— деп сұрады. Құштық кісі былай жауап берді: “Тақсыр иемнің жаулары да, оған қастық ойлап, қарсы шыққандар да сол жігіттің кебін кисін!”+ 33  Сонда патша қатты абыржып, қақпа үстіндегі бөлмеге қарай беттеді. Ол жол-жөнекей: “Сорлы ұлым, Абессалом! Ұлым-ай, ұлым Абессалом! Сенің орныңа мен өлгенде ғой! Ұлым Абессалом, ұлым-ай!”— деп жылаумен болды+.

Сілтемелер

Мүмкін: “сүңгі; найза”.