Самуилдің 2-жазбасы 20:1—26
20 Сол жерде бенияминдік Бихри ұлы Шеба деген бір бәлеқұмар кісі бар еді+. Ол кернейлетті де+: “Біздің Дәуітке еш қатысымыз жоқ! Есей ұлында еш үлесіміз жоқ+! Ей, исраилдіктер, әрқайсысың өз құдайларыңа* барыңдар!”— деді+.
2 Сонда күллі исраилдіктер Дәуітті тастап, Бихри ұлы Шебаға ерді+. Ал яһудалықтар Иорданнан Иерусалимге дейін патшаларынан бір елі ажырамады+.
3 Дәуіт Иерусалимге оралғанда, үйін+ қарауға қалдырып кеткен он кәнизагын+ күзет қойылған арнайы үйге қоныстандырды. Оларды ас-сумен қамтамасыз етіп отырды, бірақ қайтып олармен жақындаспады+. Осылайша олар күйеуі тірі болса да, жесір қалғандай, өле-өлгенше сол үйде тұрды.
4 Дәуіт патша Ғамасаға+: “Үш күннің ішінде Яһуданың бүкіл ер адамдарын жина. Өзің де осында бол!”— деп бұйырды.
5 Ғамаса яһудалықтарды шақыруға кетті, бірақ белгіленген уақыттан кешігіп жатты.
6 Сонда Дәуіт Әбісайға+: “Бихри ұлы Шеба+ бізге Абессаломнан да көп зиян келтіретін болды+. Иеңнің қызметшілерін ал да, оның соңына түс. Әйтпесе ол бекіністі қалалар тауып, бізден құтылып кетер”,— деді.
7 Осылайша Жоғабтың+ адамдары, кереттіктер мен пелеттіктер+ және мықты сарбаздардың барлығы Әбісайға ерді. Олар Иерусалимнен шығып, Бихри ұлы Шебаның соңына түсті.
8 Гибеондағы+ үлкен тасқа жеткенде, олардың алдынан Ғамаса+ шықты. Жоғаб жауынгерлік киім киіп, беліне белдік тағып алған болатын. Ал белдігіндегі қынабында семсері бар еді. Ол алға қарай ұмтыла бергенде, семсері түсіп қалды.
9 Жоғаб Ғамасадан: “Аман-есен жүрсің бе, бауырым?”— деп сұрады да, оң қолымен оның сақалынан ұстап, бетінен сүйгісі келгендей сыңай танытты.
10 Ғамаса Жоғабтың қолындағы семсерге мән бермеді. Жоғаб болса семсерін оның ішіне сұғып алды+. Ғамасаның ішек-қарны жерге ақтарылып түскенін көрген ол соққысын екінші рет қайталамады. Ғамаса сол жерде қаза болды. Ал Жоғаб бауыры Әбісаймен Бихри ұлы Шебаны қууды жалғастыра берді.
11 Жоғабтың жігіттерінің бірі Ғамаса жатқан жерге келіп: “Кім Жоғаб жағында болса әрі Дәуітті жақтаса, Жоғабқа ерсін!”— деп айғайлады.
12 Ал Ғамаса әлі де үлкен жолдың ортасында қанға малынып жатты. Әлгі жігіт жұрттың барлығы оның жанына тоқтап жатқанын көріп, оны жолдан танапқа қарай сүйреп шығарып, үстіне жамылғы тастай салды.
13 Ғамасаны жолдан алып тастағаннан кейін, адамдардың бәрі Бихри ұлы Шебаны+ қуу үшін Жоғабқа ерді.
14 Шеба Исраилдің барлық руларының жерімен өтіп, Әбел-Бет-Мағаққа+ келді. Бихри әулетінен шыққандардың бәрі жиналып, оған еріп қалаға кірді.
15 Жоғаб пен оның адамдары Әбел-Бет-Мағақты қоршауға алып, қала бекінісіне қарсы үйінді жасай бастады. Барлығы қала қабырғасын қирату үшін астын қазып жатқанда,
16 бір дана әйел қабырғадан: “Ер-азаматтар, сөзіме құлақ түріңдер! Жоғабты шақырыңдаршы, оған айтарым бар!”— деп дауыстады.
17 Жоғаб келгенде, әйел одан: “Сіз Жоғабсыз ба?”— деп сұрады. Ол: “Иә, менмін,— дегенде, әйел: —Күңіңіздің сөзіне құлақ салыңызшы”,— деп өтінді. Жоғаб оған: “Айта бер, құлағым сенде”,— деді.
18 Сонда әйел былай деді: “Бұрын жұрт “Әбел қаласына барып сұраңдар, сонда мәселелерің шешіледі” деуші еді.
19 Мен Исраилдің бейбіт те адал адамдарының атынан сөйлеп тұрмын. Сіз Исраилдегі ана сияқты қаланы құртқалы жатырсыз. Неге Ехобаның меншікті иелігін+ жалмап қоймақсыз?”
20 Жоғаб болса мынаны айтты: “Жалмау да, құрту да ойымда болған жоқ еді.
21 Мәселе мүлдем басқада: Ефрем таулы өңірінен+ шыққан Бихри ұлы Шеба+ Дәуіт патшаға қарсы бас көтерді. Соны ұстап берсеңдер, кері шегінемін”. Сонда әлгі әйел: “Жарайды, оның басы сізге қабырғадан лақтырылады!”— деді.
22 Сосын дереу қала тұрғындарымен сөйлесіп, дана кеңес берді. Сонда олар Бихри ұлы Шебаның басын шауып алып, Жоғабқа лақтырып жіберді. Бұдан кейін Жоғаб кернейлетті де, қаладан кері шегініп, адамдары үйді-үйіне тарап кетті+. Өзі де патшаның қасына, Иерусалимге оралды.
23 Жоғаб күллі Исраил жасағының әскербасы болды+. Ал Еходай+ ұлы Бенаях+ кереттіктер мен пелеттіктерді басқарды+.
24 Адорам+ басыбайлы жұмысшылардың үстінен қарады, Ахилуд ұлы Жосафат шежіреші+,
25 Шаба хатшы, Садық+ пен Әбиятар+ діни қызметкерлер,
26 жайырлық Ира Дәуіттің тұсында лауазымды қызметкер* болды.