Самуилдің 2-жазбасы 21:1—22
21 Дәуіттің тұсында елді үш жыл бойы аштық жайлады+. Дәуіт Ехобаға сиынып осы жайында сұрап еді, Ехоба: “Саул гибеондықтарды өлтірді, сондықтан олардың қаны соның және әулетінің мойнында”+,— деп жауап берді.
2 Сонда патша гибеондықтарды+ шақырып алып, олармен сөйлесті. (Гибеондықтар исраилдіктерге жатпайтын аморлықтардан+ қалған халық болатын. Кезінде исраилдіктер оларға жоймаймыз деп ант берген-ді+. Бірақ Саул бұл халықтың Исраил мен Яһуданың арасында тұрып жатқанына төзбей, оларды жойып жібергісі келген еді.)
3 Дәуіт гибеондықтардан: “Сендер үшін не істейін? Ехобаның меншікті иелігіне бата берулерің үшін, кінәні қалай өтей аламын?”— деп сұрады.
4 Олар: “Саул мен оның әулетінен бізге күміс те, алтын да керек емес+. Исраилде біреуді өлтіретін құқымыз да жоқ”,— деді. Бұған Дәуіт: “Айтқандарыңның бәрін орындаймын”,— деп уәде етті.
5 Сонда гибеондықтар мынаны айтты: “Халқымызды қырып, бүкіл Исраил жерінен жойып жібергісі келген адам үшін+
6 оның ұрпағынан бізге жеті ер адам берілсін. Біз олардың денелерін Ехоба таңдаған Саулдың+ қаласы Гибеяға+ апарып, Ехобаның алдында іліп қоямыз+”. Патша бұған: “Мен оларды сендерге беремін”,— деді.
7 Алайда Дәуіт Мепібошетке+ жаны ашып, оны аман алып қалды. Өйткені кезінде Мепібошеттің әкесі Саул ұлы Жонатанмен Ехобаның алдында сөз байласқан еді+.
8 Сөйтіп, гибеондықтарға Аях қызы Риспаның+ Саулға туып берген екі ұлы Армони мен Мепібошетті және Саул қызы Михалдың*+ мехолалық Барзилай ұлы Әдіриелге+ туып берген бес ұлын берді.
9 Гибеондықтар оларды өлтіріп, Ехобаның алдында денелерін тауда іліп қойды+. Осылай олардың жетеуі бірдей қаза болды. Олар науқанның алғашқы күндерінде, арпа жинау науқаны басталғанда өлтірілді.
10 Сонда Аях қызы Риспа+ жартасқа қара мата төсеп алды да, науқан басталған кезден көктен жауын жауғанша сол жерде отырды. Ол ілулі тұрған денелерге күндіз құстарды, түнде аңдарды жолатпады.
11 Дәуітке Саулдың кәнизагы Аях қызы Риспаның не істегені туралы хабар жеткенде,
12 ол Ябес-Ғалақат+ басшыларына* барып, Саул мен оның ұлы Жонатанның сүйегін әкелді. Себебі Саулды Гелбояда өлтірген соң, філістірлер Жонатан екеуінің денелерін Бет-Шанға апарып, қала алаңына іліп қойған болатын. Ал Ябес-Ғалақаттың адамдары сол жерден олардың денелерін жасырын алып кеткен еді+.
13 Дәуіт Саул мен Жонатанның сүйегімен қоса, әлгі жетеуінің де сүйектерін ілулі тұрған жерінен түсіріп әкелді+.
14 Саул мен Жонатанның сүйегі Бениямин жеріндегі Селахқа+ апарылып, Саулдың әкесі Қиштың+ қабіріне қойылды. Мұның бәрі патшаның бұйрығына сай орындалды. Осыдан кейін Құдай олардың өтінішіне құлақ асып, жерге батасын берді+.
15 Філістірлер мен Исраил арасында қайтадан соғыс болды+. Дәуіт қызметшілерімен бірге ылдилап барып, ұрысқа араласты. Бірақ бір кезде шаршап қалды.
16 Сонда рефаимдер+ ұрпағынан шыққан Ишби-Беноп Дәуітті өлтірмек болды. Оның қолында салмағы 300 шекел* мыс найза+, белінде су жаңа семсері бар еді.
17 Сол сәтте Сарұяның ұлы Әбісай+ көмекке келіп+, әлгі філістірді мерт қылды. Сонда Дәуіттің адамдары ант етіп, патшаға: “Бұдан былай бізбен шайқасқа шықпайсыз+! Исраилдің шырағын өшірмеңіз+!”— деді.
18 Бұдан кейін Гобта філістірлермен тағы да соғыс болды+. Сол шайқаста хушалық Сибекай+ рефаимдердің+ тағы бір ұрпағы Сафтың көзін құртты.
19 Гобта болған келесі бір шайқаста+ бетлехемдік Жағари-Өргемнің ұлы Елханан ғаттық Ғолиятты жер құштырды. Әлгі філістірдің найзасының сабы тоқымашының кергі ағашындай еді+.
20 Бұдан кейін Ғатта соғыс бұрқ етті. Сол жерде аяқ-қолдарында алты-алтыдан — барлығы 24 саусағы бар ерекше үлкен кісі болды. Ол да рефаимдер ұрпағынан еді+.
21 Осы алып исраилдіктерге тіл тигізе берген соң+, Дәуіттің ағасы Шимейдің+ ұлы Жонатан оны өлтіріп тастады.
22 Рефаимдер ұрпағынан шыққан осы төрт алып та Ғаттан еді. Төртеуі де Дәуіт пен оның қызметшілерінің қолынан қаза тапты+.
Сілтемелер
^ Мүмкін: “Мерабтың”.
^ Мүмкін: “жер иелеріне”.
^ Шамамен 3,42 кг. Ә14 қосымшасын қараңыз.