Самуилдің 2-жазбасы 23:1—39

  • Дәуіттің соңғы сөздері (1—7)

  • Дәуіттің батырларының ерліктері (8—39)

23  Дәуіттің соңғы айтқан сөздері мынадай+: “Дәрежесі жоғарылатылған+,Жақыптың Құдайы тағайындаған+,Исраил әндерін әдемілеп шырқаған+,Есей ұлы Дәуіттің+ айтқан сөздері:   Ехобаның рухы мен арқылы сөйледі+,Аузымда Құдайдың сөзі болды+.   Исраилдің Құдайы,Арқа сүйер Жартасы+, маған былай деді: “Ел билеушісі әділ болса+,Құдайдан қорқып билік құрса+,   Билігі оның таң шапағындай+,Таң сәрідегі ашық аспандай болар. Жерден көк өсіріп шығаратын+Жаңбырдан кейінгі күн нұрына ұқсар”.   Менің әулетім Құдай алдында осындай емес пе? Ол толық реттелген әрі еш мызғымасМәңгілік келісім жасасты ғой менімен+, Келісімі оның қорғанышым әрі қуанышым.Сондықтан оны жүзеге асырады емес пе+?!   Ал сұмдар лақтырып тастайтын+ тікенді бұталарға ұқсайды,Оларды қолмен ұстауға да болмайды.   Соларды ұстамақ болғандарТемір қару мен найза сабын қолданар.Ақыры сұмдар отқа жанып, түбегейлі жоғалар”.  Дәуіттің үш батыр сарбазы бар еді+. Біріншісі — соларға басшы болған тахамандық Жошеп-Башебет+. Бір шайқаста ол 800 адамды найзамен түйреп өлтірген еді.  Батырлардың екіншісі — Ахохидің ұрпағы Додо+ ұлы Елазар+. Ол — Дәуітпен бірге філістірлерді мазақ еткен үш батырдың бірі. Філістірлер шайқасуға келіп, исраилдіктер олардан қаша жөнелгенде, 10  Елазар тұрып алып, жауды қырумен болған еді. Філістірлерді шаба бергеннен оның қолы әбден шаршап, семсерін ұстаған күйі қарысып қалған болатын+. Сол күні Ехоба үлкен жеңіс сыйлады+. Қашып кеткен жасақ болса қайта оралып, Елазардың соңынан жүріп, өлген філістірлерді тонады. 11  Одан кейінгі батыр — харарлық Аге ұлы Шамах. Філістірлер Лехиде жиналды, сол жерде жасымық бітік шыққан танап бар еді. Исраилдіктер жаудан кері шегінді. 12  Бірақ Шамах танаптың ортасына тұрып алып, філістірлермен шайқасып, егінді қорғады. Осылай сол күні Ехоба Исраилге зор жеңіс сыйлады+. 13  Егін орағы кезінде 30 басшының үшеуі Адоллам үңгіріне Дәуітке келді+. Бұл кезде філістірлер Рефаимдер аңғарына қос тіккен еді+. 14  Олардың қарауыл тобы Бетлехемде болды, ал Дәуіт адам аяғы баспайтын жерде еді+. 15  Бір уақытта Дәуіт шөлдеп: “Қазір Бетлехем қақпасының жанындағы құдықтан* бір жұтым су болса ғой, шіркін!”— деді. 16  Сонда осы үш батыр філістірлер қосының арасымен өтіп, Бетлехем қақпасының жанындағы құдықтан су алып келді. Бірақ Дәуіт оны ішпей, Ехобаның алдында жерге төкті+. 17  Ол: “Ехоба, мына суды қалай ішпекпін?! Бұл — бастарын қатерге тіккен батырлардың қаны ғой+!”— деп, суды ішпей қойды. Үш батыр осындай істер жасаған еді. 18  Сарұяның ұлы+ Жоғабтың бауыры Әбісай+ осы үшеуінен басқа үш батырдың басшысы еді. Ол 300 адамды найзасымен түйреп өлтіріп, өзі басқарған үш батыр сияқты атақты болды+. 19  Әбісай сол үш батырға басшылық етіп, олардан жоғары болғанмен, алғашқы үш батырдың дәрежесіне жетпейтін. 20  Еходайдың Бенаях+ деген ержүрек ұлы Кәбселде+ талай ерлік жасады. Ол моабтық Ариелдің екі ұлын мерт қылды және қар жауып тұрған күні су сақтайтын шұңқырға түсіп, бір арыстанды өлтірді+. 21  Сондай-ақ ол бір алып мысырлықтың көзін құртты. Мысырлықтың қолында найзасы бар еді. Ал Бенаях таяқпен ғана шығып, оның найзасын жұлып алды да, сонымен алыптың өзін сұлатып салды. 22  Еходай ұлы Бенаях осындай істер жасап, әлгі үш батыр сияқты атақты болды. 23  Ол 30 батырдан атағы жоғары болғанмен, әлгі үш батырдың дәрежесіне жетпеді. Сөйтсе де Дәуіт оны оққағарларының басшысы етіп тағайындады. 24  Жоғабтың бауыры Асахел+ де 30 сарбаздың қатарында еді. Олардың арасында мыналар да болды: бетлехемдік Додо ұлы Елханан+, 25  хародтық Шамах пен Елиқа, 26  пәлеттік Хелес+, текоялық Икеш ұлы Ира+, 27  анатоттық+ Әбиезер+, хушалық Мебунай, 28  ахохилік Салмон, нетопалық Махарай+, 29  нетопалық Бағанах ұлы Хелеп, Бениямин жеріндегі Гибеядан шыққан Рибай ұлы Иттай, 30  пиратондық Бенаях+, Гағаш+ өзен аңғарларынан шыққан Хиддай, 31  арабалық Әбиғалбон, бахуримдік Азмаует, 32  шағалбондық Елияхпа, Яшен ұлдары, Жонатан, 33  харарлық Шамах, харарлық Шарар ұлы Ахиям, 34  мағақаттық кісінің ұлы Ахасбайдың баласы Елипелет, ғилондық Ахитопел+ ұлы Елиям, 35  кармилдік Хесрай, арабтық Пағарай, 36  собалық Натан ұлы Иғал, ғадтық Бани, 37  Сарұяның ұлы Жоғабтың қару-жарағын алып жүретін аммондық Селек пен бероттық Нахарай, 38  итірлік+ Ира мен итірлік Ғареп, 39  хеттік Ұрия+ — барлығы 37 адам.

Сілтемелер

Немесе “су қоймасынан”.