Самуилдің 2-жазбасы 6:1—23

  • Келісім сандығын Иерусалимге әкелу (1—23)

    • Ұзахтың келісім сандығын ұстағаны үшін қаза болуы (6—8)

    • Михалдың Дәуітті кемсітуі (16, 20—23)

6  Дәуіт Исраилдің таңдаулы жасақтарын, 30 000 ер адамды, қайтадан қасына жинап алып,  Құдайдың келісім сандығын әкелу үшін барлығы Бағала-Яһудаға аттанды+. Жұрт сандық қойылған жерге барып, керубтердің үстінде* отыратын+ Әскербасы Ехобаның+ атын атап жалбарынатын.  Дәуіт пен қасындағылар Құдайдың келісім сандығын жаңа арбаға салып+, Әбинадаптың төбе басында тұрған үйінен алып шықты+. Арбаны Әбинадаптың Ұзах және Ахио деген екі ұлы бастап жүрді.  Осылай олар Әбинадаптың төбе басында тұрған үйінен Құдайдың келісім сандығын алып шықты. Ахио сандықтың алдында келе жатты.  Дәуіт пен бүкіл исраилдіктер аршадан жасалған түрлі аспаптарда ойнап, арфа және басқа да ішекті аспаптар тартып+, даңғыра+ мен жез табақшалар қағып+, асатаяқ сілкіп, Ехобаның алдында ән салып, би билеп келе жатты.  Олар Нахон қырманына жеткенде, бұқалар арбадағы келісім сандығын құлата жаздағандықтан, Ұзах қолын созып, сандықты ұстай алды+.  Ұзахтың осындай әрекетке дәті барғанына+ Ехобаның қаһары лаулап, оны жазалады+. Ол сол бойда шынайы Құдайдың келісім сандығының қасында тіл тартпай кетті.  Дәуіт Ехобаның Ұзахқа қаһарын төккеніне ашуланды*. Сондықтан бұл жер әлі күнге дейін Пәрес-Ұзах* деп аталады.  Дәуіт сол күні Ехобадан қорқып+: “Мен тұратын жерге Ехобаның келісім сандығы қалай әкелінбек?”— деді+. 10  Осылайша Ехобаның келісім сандығын өзі тұрып жатқан Дәуіттің қаласына+ әкелгісі келмей, ғаттық Ғабит-Едомның үйіне апарғызды+. 11  Ехобаның келісім сандығы сол үйде үш ай тұрды. Ехоба Ғабит-Едом мен оның бүкіл үй ішін жарылқап отырды+. 12  Дәуіт патшаға “Шынайы Құдайдың келісім сандығының арқасында Ғабит-Едомның бүкіл үй іші мен иелігі Ехобаның батасына кенелді” деген хабар жетті. Сонда ол шынайы Құдайдың келісім сандығын Ғабит-Едомның үйінен зор қуанышпен Дәуіттің қаласына әкелмек болып жолға шықты+. 13  Ехобаның келісім сандығын көтеріп келе жатқандар+ алты қадам жасағанда, Дәуіт бір бұқа мен бір бордақы малды құрбандыққа шалды. 14  Дәуіт үстіне зығыр ефод киіп, Ехобаның алдында барын салып билеп жүрді+. 15  Осылай бүкіл Исраил үйі патшамен бірге шаттана дауыстап+, кернейлетіп+ Ехобаның келісім сандығын+ әкеле жатты. 16  Ехобаның келісім сандығы Дәуіттің қаласына кіргенде, Саулдың қызы Михал+ терезеден қарап тұрған еді. Ол Ехобаның алдында Дәуіт патшаның секіріп, билеп жүргенін көріп, оны іштей кемсітті+. 17  Дәуіт Ехобаның келісім сандығын арнайы жасатқан шатырға қойдырды+. Содан соң Ехобаның алдында түгел өртелетін+ және татулық құрбандықтарын+ ұсынды+. 18  Құрбандық шалып біткен соң, халыққа Әскербасы Ехобаның атымен батасын берді. 19  Ол жиналған бүкіл халыққа, қалың Исраил жұртына, еркек-әйел демей әрқайсысына, бір-бір тесік күлшеден және кептірілген құрма күлше мен мейіз күлшеден берді. Содан кейін жұрт үйді-үйіне тарасты. 20  Дәуіт өз үйіндегілерге батасын беруге келгенде, алдынан Саулдың қызы Михал+ шығып: “Бүгін Исраил патшасы тура бір ақымақтар сияқты, қызметкерлерінің күңдерінің алдында жалаңаш жүріп, зор даңққа бөленді ғой!”— деді+. 21  Дәуіттің жауабы мынау болды: “Қуансам, Ехоба Құдайдың алдында қуандым. Ехоба мені әкең мен оның әулетінің орнына өз халқы Исраилге басшы етіп қойды+. Сондықтан Ехобаның алдында қуанып, 22  бұрынғыдан да кішірейемін, тіпті өз көз алдымда төмен боламын. Бірақ өзің айтып тұрған күңдер арқылы даңқым артады”. 23  Саулдың қызы Михал+ өле-өлгенше құрсақ көтермеді.

Сілтемелер

Мүмкін: “арасында”.
Немесе “ұнжырғасы түсті”.
Мағынасы “Ұзахқа төгілген қаһар”.