Самуилдің 2-жазбасы 8:1—18

  • Дәуіттің жеңістері (1—14)

  • Дәуіттің сарайындағы лауазымды қызметкерлер (15—18)

8  Біраз уақыт өткеннен кейін Дәуіт філістірлерді+ жеңіп, өзіне бағындырды+. Ол філістірлерден Метег-Амма қаласын тартып алды.  Бұдан кейін моабтықтарды да жеңді+. Дәуіт оларды жерге жатқызып, арқанмен өлшеді: екі өлшеммен алынғандарды өлімге кесіп, ал толық бір өлшеммен алынғандарды тірі қалдырып отырды+. Осылай моабтықтар Дәуітке қызмет етіп, оған салық төлейтін болды+.  Дәуіт Евфрат өңірінде билігін қайта нығайтуға бара жатқан Соба елінің+ патшасы Рехоб ұлы Ададәзерге шабуыл жасап, оны жеңіп шықты+.  Ол Ададәзердің 1700 салт атты сарбазы мен 20 000 жаяу әскерін тұтқынға алды. Ал арбаға жегілетін барлық аттарының тілерсектерінің сіңірлерін кесіп тастады, 100-ін ғана аман қалдырды+.  Соба патшасы Ададәзерге көмектесу үшін Дамаскіден+ сириялықтар келгенде, Дәуіт олардың 22 000 адамын қырып тастап+,  Сириядағы Дамаскіде қарауыл тобын қойды. Осылай сириялықтар оған қызмет етіп, салық төлеп тұратын болды. Дәуіт қайда аттанса да, Ехоба оған жеңіс сыйлады+.  Бұған қоса, Дәуіт Ададәзердің қызметшілерінің дөңгелек алтын қалқандарын жинап алып, Иерусалимге әкелді+.  Сондай-ақ Дәуіт патша Ададәзердің қарамағындағы Бета мен Беротай қалаларынан өте көп мөлшерде мыс әкелді.  Хамат+ патшасы Той Дәуіттің Ададәзердің күллі әскерін жеңгенін естігенде+, 10  баласы Жохрамды жіберіп, Дәуіт патшадан амандық сұрасып, жеңісімен құттықтады. (Себебі Ададәзер мен Тойдың арасында соғыс үзілмейтін.) Жохрам күміс, алтын, мыстан жасалған бұйымдар әкеліп, патшаға сыйға тартты. 11  Дәуіт бұларды Ехобаға бағыштады+. 12  Ол өзі бағындырған сириялықтар, моабтықтар+, аммондықтар, філістірлер+ мен амалектіктерден+ түскен күміс пен алтынның бәрін, сондай-ақ Соба патшасы Рехоб ұлы Ададәзерден түскен олжаны да Құдайға бағыштаған еді+. 13  Тұзды аңғарда едомдықтардың 18 000 әскерін талқандап келгеннен кейін, Дәуіттің атағы кең жайылды+. 14  Ол Едомда, күллі Едом жерінде, қарауыл топтар орналастырды. Осылай едомдықтардың бәрі Дәуіт патшаның қызметшілеріне айналды+. Дәуіт қайда барса да, Ехоба оған жеңіс сыйлады+. 15  Дәуіт күллі Исраилге патшалық құрып+, халыққа әділ сот жүргізді+. 16  Оның тұсында Сарұяның ұлы Жоғаб қолбасшы+, Ахилуд ұлы Жосафат шежіреші+, 17  Ахитұп ұлы Садық+ пен Әбиятар ұлы Ахимәлік діни қызметкерлер, Сераях хатшы болды. 18  Еходай ұлы Бенаях+ кереттіктер мен пелеттіктерге+ басшылық етті. Дәуіттің ұлдары болса діни қызметкер* болды.

Сілтемелер

Немесе “лауазымды қызмет атқарды”.