Софония 1:1—18

  • Ехобаның соттайтын күні жақын (1—18)

    • Ехобаның күні тез жақындап келеді (14)

    • Күміс те, алтын да құтқара алмайды (18)

1  Яһуда патшасы Амонның+ ұлы Жосияның+ күндерінде Ехоба* Құдайдың Софонияға* арнаған сөзі (Софония Құшидың, Құши Ғодалияхтың, Ғодалиях Амарияхтың, Амариях Езекияның ұлы болатын):   “Мен барлығын жер бетінен жоқ қыламын”,— дейді Ехоба+.   “Мен адам мен жануарды,Аспандағы құс пен теңіздегі балықты,Сүріндіретін тастарды*+ да, зұлымдарды да жоямын+,Жер бетінен адамдардың көзін құртамын”,— дейді Ехоба.   “Мен қолымды Яһудаға,Күллі Иерусалим тұрғындарына қарсы созып,Осы жерде Бағалдың+ бірде-бір жұрнағын қалдырмаймын,Бөтен тәңірлердің абыздары мен жалған діни қызметкерлердің есімін өшіремін+,   Сондай-ақ үй төбелерінде аспан денелеріне* тағзым ететіндердің+,Ехобаға адал боламыз деп ант ете тұра+,Малхамға адал боламыз деп ант ететіндердің+ көзін құртамын.   Ехобадан бас тартып, оған ермейтіндерді+,Ехобаны іздеп, одан басшылық сұрамайтындарды жоямын+”.   Әлемнің Әміршісі Ехобаның алдында үн шығармаңдар,Өйткені Ехобаның күні жақын+. Ехоба құрбандық дайындады,Өзі шақырғандарын қасиетті етті.   “Мен, Ехоба, құрбандығымды шалатын күні әміршілерді,Патша ұлдарын+, жатжерлік киім кигендердің бәрін жауапқа тартамын.   Сол күні мен мінбеге* көтерілген әркімді,Қожайынының үйін зорлық пен қулық-сұмдыққа толтырғандарды жауапқа тартамын. 10  Сол күні,— дейді Ехоба,—Балық қақпасынан+ айқай-шу,Қаланың Екінші ауданынан+ зарлаған дауыс,Ал төбелерден қирап жатқанның гүрсілі естіледі. 11  Мактештің* тұрғындары, зар илеңдер,Себебі барлық саудагерлердің үні өшті,Күміс өлшейтіндердің бәрі жойылды. 12  Сол уақытта мен Иерусалимді шамдармен мұқият қарап шығып,Бейқам жүргендерді* жауапқа тартамын,Өйткені олар іштей “Ехоба жақсылық та, жамандық та жасамайды” деседі+. 13  Олардың байлығы тоналып, үйлері қаңырап бос қалады+. Үй соққанымен, олар онда тұрмайды,Жүзімдік отырғызғанмен, оның шарабын ішпейді+. 14  Ехобаның ұлы күні жақын+! Ол күн жақын, тез жақындап келеді*+! Ехобаның күнінің дауысы ащы+. Сол кезде мықты жауынгер өкіріп жылайтын болады+. 15  Ол күн — қаһар күні+,Қасірет пен азап күні+,Дауыл тұратын, қаңырап қалатын күн,Қараңғылық пен түнек күні+,Бұлт қаптаған, түнерген күн+, 16  Бекіністі қалалар мен бұрыш-бұрыштағы биік мұнараларға+ қарсыМүйіз керней тартылып, атой салынатын күн+. 17  Адамдарға қасірет жіберемін,Сонда олар соқыр адамдай жүреді+. Себебі олар Ехобаға қарсы күнә жасады+. Олардың қаны топырақ сияқты аяқасты болады,Ал ішек-қарындары ақтарылып, тезек іспетті жатады+. 18  Ехобаның қаһар күні оларды күмісі де, алтыны да құтқара алмайды+. Оның құлшынысы от іспетті бүкіл жер бетін жалмап қояды+,Өйткені жердің күллі тұрғынына қырғын, тіпті жантүршіктіретін қырғын салады+”.

Сілтемелер

Мағынасы “Ехоба жасырды (сақтады)”.
Бұл — Құдайдың есімі. Түсіндірмені қараңыз.
Пұтқа табынушылықпен байланысты заттар не іс-әрекеттер болса керек.
Сөзбе-сөз “көк әскеріне”.
Патша тағы тұратын мінбе болса керек.
Иерусалимнің Балық қақпасы маңындағы бөлігі болса керек.
Сөзбе-сөз “тұнба болып шөккендер”, яғни шарап құйылған ыдыстағы тұнба іспетті.
Немесе “қатты асығуда”.