Софония 2:1—15
2 Уа, ұятты білмейтін халық+,Жиналыңдар, иә, бәрің жиналыңдар+!
2 Үкім жүзеге аспай тұрғанда,Уақыт* қауыздай ұшып кетпей тұрғанда,Ехобаның лаулаған қаһарына ұшырамай тұрғанда+,Ехобаның қаһар күні бастарыңа түспей тұрғанда,
3 Ехобаны іздеңдер+, жер бетіндегі күллі момындар*,Оның әділ заңдарын орындайтын жандар.
Әділдікті іздеңдер, момындықты* іздеңдер.
Бәлкім, Ехобаның қаһар күні аман қаларсыңдар*+.
4 Өйткені Газа қаласы ел-жұртсыз жатады,Ашкелон қаңырап бос қалады+.
Азоттың тұрғындары тал түсте қуылады,Екрон тамырымен жұлынып тасталады+.
5 “Теңіз жағалауында тұратын керет халқы қасіретке қалады+!
Ехоба сендерге үкім шығарды.
Уа, Қанахан, філістірлер жері, сені жоямын,Сонда бірде-бір тұрғының қалмайды.
6 Теңіз жағалауы жайылымға айналады,Онда қойшылар үшін құдықтар, қойлар үшін қоралар болады.
7 Бұл жерді Яһуда халқынан қалған тамтық+ мекен етеді,Олар сол жерде азықтанады.
Кешкісін Ашкелонның үйлерінде жатады.
Өйткені Ехоба Құдайлары оларға назарын салып*,Тұтқынға кеткендерін қайта жинайды+”.
8 “Мен Моабтың+ мазағын, аммондықтардың+ қорлығын естідім.
Олар халқымды табалап, жерлерін алып қоямын деп бөсті+.
9 Менің тірі екенім хақ болғандай,— дейдіИсраилдің Құдайы, Әскербасы Ехоба,—Моаб Содом сияқты+, Аммон Ғомора іспетті болады+.
Олар қалақай мен тұзды шұңқырларға толы қу дала болып мәңгі жатады+.
Халқымнан аман қалғандар оларды талан-таражға салады,Халқымның тамтығы оларға иелік етеді.
10 Көкірек+ көтергені үшін олармен, міне, осылай болады,Өйткені олар Әскербасы Ехобаның халқын табалап, менсінбеді.
11 Ехобаның оларға қарсы әрекеті қастерлі сезім оятады*.
Ол жер бетіндегі құдайлардың бәрін жоқ қылады.
Аралдардағы халықтар өз жерінде тұрып,Оған иіліп тағзым ететін* болады+.
12 Сендер де, ефиопиялықтар*, менің семсерімнен қырыласыңдар+.
13 Құдай солтүстікке қолын созып, Ассирияны жояды,Ниневияны қаңыратып+, шөл даладай қуратып тастайды.
14 Оның ішінде табындар, түрлі жабайы аңдар жатады.
Құлаған бағаналар арасында бірқазан мен жайра түнейді.
Терезелерден әуендер шығады.
Босағада үйінділер жатады.
Ол қарағай тақтайлардың өңін кетіріп, жалаңаштайды.
15 Бұл көкірек керіп, өзін қауіпсіз сезінген қала болатын.
Ол іштей “мен ғана, менен басқа ешкім жоқ” деуші еді.
Енді, міне, адам шошырлық күйге түсіп,Жабайы аңдар жататын жерге айналды!
Қасынан өтіп бара жатқандар таңғала ысқырады, жұдырық көрсетеді+”.
Сілтемелер
^ Сөзбе-сөз “күн”.
^ Немесе “кішіпейілділер”.
^ Немесе “кішіпейілділікті”.
^ Немесе “ол жасырып қалар”.
^ Немесе “қамын ойлап”.
^ Немесе “үрей туғызады”.
^ Немесе “ғибадат ететін”.
^ Немесе “құштықтар”.