Таңдаулы ән 1:1—17

  • Таңдаулы ән (1)

  • Бойжеткен (2—7)

  • Иерусалим қыздары (8)

  • Патша (9—11)

    • “Өзіңе арнап алтын әшекей жасап береміз” (11)

  • Бойжеткен (12—14)

    • “Қымбаттым менің мүр салынған қалташадай” (13)

  • Қойшы жігіт (15)

    • “Қандай сұлу едің, сүйіктім!”

  • Бойжеткен (16, 17)

    • “Сен де әдемісің, қымбаттым” (16)

1  Сүлейменнің таңдаулы әні*+:   “Сүйсе екен мені еріндерің,Шараптан да артық сенің еркелеткенің+.   Иісмайыңның жұпары аңқыған+,Есімің иісмайдай жағымды+,Содан да қыздар ғашық саған.   Алып кетші мені, кетейік қашып,Өйткені патша ішкі бөлмелеріне алды мені кіргізіп! Бірге қуанып, шаттанайық,Еркелеткеніңді шараптан да көп мадақтайық. Олардың* махаббатына сенсің лайық.   Қара торы болсам да, сұлумын мен, уа, Иерусалим қыздары,Өңім ұқсайды Кедар шатырларына+, Сүлеймен шатырының жабуына+.   Қара торы екен деп, қарамаңдаршы тесіле,Күн сәулесі күйдіріп еді денемді. Ағаларым маған ашуланып,Жүзімдіктерін қаратып қойып еді,Ал өз жүзімдігім қараусыз қалып қойды.   Айтшы маған, жанымдай сүйген аяулым,Қай жерде отарыңды бағасың+,Тал түсте қайда оны жусатасың? Айтшы маған, жүрмейін бетін жапқан* әйелдей,Жолдастарың баққан отарлар арасынан сені іздеп”.   “Уа, әйел затының ең сұлуы, егер сен білмесең,Жүре бер отардың ізіне түсіп,Лақтарыңды шопан шатырларының маңында бағып”.   “Сүйіктім, өзіңді перғауын күймесінің сәйгүлігіне теңедім мен+. 10  Жүзің сенің көрікті әшекейлеріңмен*,Мойның да әдемі моншақтарыңмен. 11  Өзіңе арнап күміспен өрнектелгенАлтын әшекей жасап береміз”. 12  “Патша дастарқан басында отырғанда,Аңқып тұрады майымның жұпар иісі+. 13  Қымбаттым менің мүр+ салынған қалташадайКеудемде ілулі тұратын түні бойы. 14  Аяулым менің қынагүл шоғындай+ Ен-Геди+ жүзімдіктерінің арасындағы”. 15  “Қандай сұлу едің, сүйіктім! Қос жанарың көгершіндікіндей, сондай әсем ажарың!”+ 16  “Сен де әдемісің, қымбаттым, көріктісің+! Төсегіміз болар жапырақтан, 17  Зәулім үйіміздің тіреніші қарағайдан,Ал белағашы аршалардан.

Сілтемелер

Немесе “өлеңдердің өлеңі”.
Яғни қыздардың.
Немесе “қара жамылған”.
Мүмкін: “өрілген шашыңның арасындағы”.