Таңдаулы ән 2:1—17

  • Бойжеткен (1)

    • “Мен қарапайым бәйшешекпін”

  • Қойшы жігіт (2)

    • “Менің сүйіктім лалагүлдей”

  • Бойжеткен (3—14)

    • “Өзі оянбайынша, махаббат отын тұтатпаңдар” (7)

    • Қойшы жігіттің сөздері (10ә—14)

      • “Аруым, маған ілесіп жүре ғой” (10ә, 13)

  • Бойжеткеннің бауырлары (15)

    • “Ұстап бер бізге түлкілерді”

  • Бойжеткен (16, 17)

    • “Асылым менікі, ал мен онікімін” (16)

2  Мен жазықта* өсетін қарапайым бәйшешекпін*,Аңғарда шығатын лалагүлмін+”.   “Лалагүл қандай болса тікендер арасында,Менің сүйіктім де дәл сондай қыздар арасында”.   “Алма ағашы қандай болса орман ішінде,Асылым менің дәл сондай жігіттер арасында,Аңсаймын соның саясында отыруды,Жемісі оның тәтті, тілімді үйіреді.   Ол мені тойханаға* алып кірді,Махаббатының жалауын төбемнен көтерді.   Мейіз беріңдер әлденейін+,Алма беріңдер қуаттанайын,Өйткені махаббат дертіне шалдыққанмын.   Сол қолын ол төседі басыма,Оң қолымен алды құшағына+.   Уа, Иерусалим қыздары, өзі оянбайынша жүрегімде,Махаббат отын тұтатпауды ант етіңдерКиіктермен+, дала маралдарымен+.   Мынау асылымның даусы ғой! Қараңдаршы, әне, ол келе жатырТаулардан асып, қырлардан жүйткіп.   Қымбаттым менің ұқсайды киікке, жас бұғыға+. Міне, тұр ол қабырғаның артында,Қарайды терезеден үңіліп,Торынан оның ішке сығалап. 10  Асылым тіл қатып, маған былай дейді: —Сүйіктім, орныңнан тұра ғой,Аруым, маған ілесіп жүре ғой. 11  Қарашы, қыс* бітті,Жауын-шашын басылып, артта қалды. 12  Айнала құлпырып гүлденді+,Жүзімді бұтақтайтын кез де келді+,Далада кептер үні естіледі+. 13  Інжірдің пісті алғашқы жемісі+,Жүзім гүлдеп, аңқиды хош иісі,Тұра ғой, сүйіктім, кел қасыма,Аруым менің, маған ілесіп жүре ғой. 14  Көгершінім, жартаста жасырынған+,Шатқалдардың арасын паналаған,Жүзіңді көрсетші, естіртші маған даусыңды+,Үнің сондай жағымды, көркің сенің сүйкімді+”. 15  “Ұстап бер бізге түлкілерді,Гүлдеп тұрған жүзімдіктіБүлдіріп кетпесін олардың күшіктері”. 16  “Асылым менікі, ал мен онікімін+,Ол қой бағып жүр+ лалагүлдер арасында+. 17  Самал жел соғып, көлеңке жоғалмай тұрғанда,Қымбаттым менің, тезірек оралшы қасыма,Киіктей+, жас бұғыдай+ асып арада тұрған таулардан*.

Сілтемелер

Сөзбе-сөз “жағалаудағы жазықта”.
Немесе “шафран”.
Сөзбе-сөз “шарапханаға”.
Немесе “жауын-шашынды мезгіл”.
Мүмкін: “жарылған таулардан”. Сөзбе-сөз “Бетер таулары”.