Таңдаулы ән 3:1—11

  • Бойжеткен (1—5)

    • “Түнде сүйіктімді сағындым” (1)

  • Сион қыздары (6—11)

    • Сүлейменнің салтанатты шеруі

3  Төсегімде жатып талай түн,Сүйіктімді ойлап сағындым+. Қасымда жоқ, оны аңсадым+.   Сонда: —Тұрып қаланы аралайын,Көшелері мен алаңдарын. Сөйтіп, сүйіктімді іздейін,— дедім. Іздедім, бірақ таба алмадым.   Қаланы қорып жүрген күзетшілерге кезіктім+,—Сүйіктімді менің көрдіңіздер ме?— деп сұрадым.   Жанынан олардың өте бере,Сүйіктімді кездестірдім. Оны ұстай алып, жібермедім,Анашымның үйіне алып келдім+,Шешемнің ішкі бөлмесіне кіргіздім.   Уа, Иерусалим қыздары, өзі оянбайынша жүрегімде,Махаббат отын тұтатпауды ант етіңдерКиіктермен, дала маралдарымен+”.   “Мүр мен ладанның хош иісіндей,Саудагердің жұпар иісті ұнтақтарындай аңқыған,Бұл не екен айдалада түтін бағанындай көтерілген?”+   “Қараңдар, ол — Сүлейменнің күймесі ғой,Айналасында оның алпыс мықты жігіт бар,Исраилдің білекті азаматтарынан іріктелген+.   Бәрі семсермен жасақталған,Соғысқа әбден машықталған. Түнгі қауіп-қатерден қорғау үшін,Әрбірі семсерін беліне байлаған”.   “Ол — Сүлеймен патшаның салтанатты күймесі,Өзіне арнап жасатқан Ливан ағаштарынан+. 10  Бағандары оның күмістен,Тіреуіштері алтыннан. Отырғышы күлгін түбітпен қапталған,Ал ішін Иерусалим қыздарыБар ықыласпен безендірген”. 11  “Уа, Сион қыздары, шығыңдар,Сүлеймен патшаға мұқият қараңдар. Басына ол киіпті неке тәжін*,Анасы+ жасап берген оған отау тіккен күні,Жүрегі қуанышқа толған күні”.

Сілтемелер

Немесе “гүлдестені”.