Таңдаулы ән 4:1—16

  • Қойшы жігіт (1—5)

    • “Неткен сұлусың, сүйіктім!” (1)

  • Бойжеткен (6)

  • Қойшы жігіт (7—16а)

    • “Жүрегімді жаулап алдың, қалыңдығым” (9)

  • Бойжеткен (16ә)

4  “Неткен сұлусың, сүйіктім! Неткен әдемісің! Бетперденің астындағы көздерің көгершіндікіндей. Шаштарың Ғалақат тауларынанТөмен жосыған ешкі отарындай+.   Тістерің ұқсайды қой отарынаЖаңа қырқылып, суға шомылып шыққан. Әрқайсысы егіз туып,Ешқайсысы қозысын жоғалтпаған.   Еріндерің ал қызыл жіптей,Сөздерің жанға жағымды. Бетпердемен жабылған екі бетің* Екі бөлігі іспетті анардың.   Мойның+ сенің Дәуіттің мұнарасындай+,Тастан жақсылап қаланған,Мың қалқан оған ілінген,Батырдың дөңгелек қалқаны бәрі де+.   Екі төсің ұқсайды екі төлге,Лалагүлдер арасында жайылып жүргенКиіктің егіз лағына+”.   “Самал жел соғып, көлеңке кетпей тұрғанда,Барайын мен мүр тауына,Көтерілейін ладан жотасына+”.   “Сүйіктім, тұла бойың сұлулық+,Тал бойыңда еш мін жоқ.   Қалыңдығым, Ливаннан кетейік, маған ер,Ливаннан+ кетейік, менімен жүр. Түсе ғой Амана* шыңынан,Сенирдің, Хермонның ұшар басынан+,Арыстандардың апанынан, қабыландардың тауынан.   Жүрегімді жаулап алдың+, қарындасым, қалыңдығым,Жүрегімді баурап алды жалт етіп бір қарағаның,Жалғыз ғана асыл тасы мойныңдағы алқаңның. 10  Еркелеткенің қандай ғажап+, қарындасым, қалыңдығым! Еркелеткенің шараптан да артық маған+,Әтіріңнің жұпар иісі артық хош иіс атаулыдан+! 11  Қалыңдығым, ерніңнен тамады кәрез балы+,Бал мен сүт тіліңнің асты+,Киіміңнен аңқиды Ливанның жұпар иісі. 12  Қарындасым, қалыңдығым, жабық бақтай,Ол жабық бақтай, мөрленіп бекітілген қайнардай. 13  Өскіндерің* анар бағындай,Онда таңдаулы жемістер, қынагүл мен нард өседі, 14  Нардпен+ қатар бәйшешек, хош иісті қамыс+, даршын+,Түрлі ладан ағаштары, мүр, алоэ+ өседі,Әртүрлі жұпар иіс+ аңқиды. 15  Сен бақтағы бұлақтайсың, суы мөлдір құдықтайсың,Ливаннан сылдырап аққан жылғадайсың+. 16  Ояншы, солтүстік желі,Соқшы, оңтүстік желі. Есші менің бағыма,Жайылсыншы хош иісі”. “Асылым менің өз бағына келсінші,Ең жақсы жемісінен үзіп жесінші”.

Сілтемелер

Немесе “самайың”.
Немесе “Антиливан”.
Мүмкін: “терің”.