Таңдаулы ән 5:1—16
5 “Мен өз бағыма кірдім+,Қарындасым менің, қалыңдығым.
Мүр мен хош иісті шөптерімді жинадым+.
Балымды, кәрездегі балымды жедім,Шарабым мен сүтімді іштім+”.
“Жеңдер, қымбатты достар!
Ішіңдер де, махаббатқа мас болыңдар+!”
2 “Ұйықтап жатсам да, көңілім ояу+.
Міне, қымбаттым менің есік қағып тұр!”
“Есікті аш, қарындасым менің, қалыңдығым,Көгершінім, кіршіксіз сүйіктім!
Су болды шықтан басым,Түнгі ылғалдан бұйра шашым+”.
3 “Киімімді шешіп қойдым,Енді қайта киейін бе?
Аяғымды жуып қойдым,Енді қайта былғайын ба?
4 Қымбаттым менің есіктің саңылауынан қолын алды,Сонда көңілім менің толқып кетті.
5 Асылыма есік ашу үшін тұрдым орнымнан,Мүр майы тамып жатты қолымнан,Құлыптың тесігіне саусақтарымнан.
6 Қымбаттыма есік ашсам,Кері бұрылып, кетіп қалыпты.
Кеткеніне көңілім құлазыды*.
Іздеп едім, табылмады+,Шақырып едім, үн қатпады.
7 Қаланы қорып жүрген күзетшілерге кезіктім,Олар мені ұрып-соғып, жарақаттады.
Қамалды күзеткендер жамылғымды жұлып алды.
8 Уа, Иерусалим қыздары, маған ант беріңдер,Егер менің асылымды көріп қалсаңдар,Махаббат дертіне шалдыққанымды оған жеткізіңдер”.
9 “Уа, әйел затының ең сұлуы,Сүйіктің өзгенің сүйіктісінен несімен артық?
Бізден мұндай ант алатындай,Сүйіктіңнің басқаның сүйіктісінен қай жері артық?”
10 “Қымбаттымның жүзі нұрлы, беті нарттай.
Он мыңның арасынан ерекше көзге түсер.
11 Басы оның алтындай, саф алтындай бағалы,Бұйра шашы құрма пальмасының бұтағындай*,Шашы оның қап-қара қарғадай.
12 Көздері ұқсайды көгершіндерге су бойына қонған,Көгершіндерге сүтке шомылған,Хауыздың жиегінде* отырған.
13 Екі беті жұпар иісі аңқыған гүлзардай+,Хош иісті шөптер өскен төбелердей.
Еріндері сұйық мүр+ тамған лалагүлдердей.
14 Саусақтары алтындай, тырнақтары хризолиттей,Іші болса жақұтпен көмкерілген теп-тегіс піл сүйегіндей.
15 Аяқтары алтын тұғырға орнатылған мәрмәр бағанадай,Келбеті оның Ливан жеріндей,Тұлғасы теңдесі жоқ қарағайдай+.
16 Таңдайы оның балдай тәтті,Тұла бойы тұнған сұлулық+.
Уа, Иерусалим қыздары, осындай менің қымбаттым,Осындай менің асылым”.
Сілтемелер
^ Мүмкін: “Ол сөйлегенде, естен тана жаздадым”.
^ Мүмкін: “құрма шоғындай”.
^ Мүмкін: “бұлақтың жағасында”.