Таңдаулы ән 6:1—13
6 “Уа, әйел затының ең сұлуы,Қымбаттың қайда кетті?
Сенімен бірге іздейік,Асылың қайда бұрылып еді?”
2 “Қымбаттым кетті өз бағына,Хош иісті шөптер өскен гүлзарына,Бақ ішінде отарын бағу үшін,Лалагүлдер теру үшін+.
3 Мен асылыма, ал асылым маған тиесілі+.
Ол бағып жүр қойын лалагүл арасында+”.
4 “Сүйіктім, Тирсадай*+ сұлусың+,Иерусалимдей көркемсің+,Байрақ астына жиналған әскердей таңдай қақтырасың+.
5 Бұрып әкетші менен жанарыңды+,Толқытып жіберді жүрегімді.
Шаштарың ұқсайды ешкі отарынаҒалақаттан төмен жосыған+.
6 Тістерің қойлардай суға шомылып шыққан,Әрқайсысы егіз туып,Ешқайсысы қозысын жоғалтпаған.
7 Бетпердемен жабылған екі бетің*
Екі бөлігі іспетті анардың.
8 Сарайымда алпыс патшайым,Сексен кәнизак,Сансыз көп қыздар болса да+,
9 Көгершінім, мінсіз сүйіктім біреу ғана+.
Ол — анасының жалғызы,Туған шешесінің беткеұстары.
Қыздар көріп, оны бақытты десті,Патшайымдар мен кәнизактар да мақтау айтты:
10 —Кім екен бұл, арайлап атқан таңдай,Әдемі толған айдай, тап-таза күн нұрындай,Байрақ астына жиналған әскердей таңдай қақтырған+?”
11 “Аңғардың көк шалғынын,Жүзім бұтасының жаңа өркенін*,Анар ағашының гүлдегенін көргім келіп,Түсіп едім жаңғақ ағаштар бағына+.
12 Осы оймен келе жатып,Өзім де еш аңдамай жетіп қалыппын,Мейірбан жұртымның күймелеріне”.
13 “Кері қайтшы, шуламдық қыз, кері қайтшы!
Кері оралшы, кәне, кері оралшы,Саған қарап тұрайық біз сүйсіне!”
“Шуламдық қызға неге көз алмай қарайсыңдар?”+
“Ол ұқсайды екі қостың билеген биіне*!”
Сілтемелер
^ Немесе “әдемі қаладай”.
^ Немесе “самайың”.
^ Немесе “бүршік жарғанын”.
^ Немесе “Маханаим биіне”.