Таңдаулы ән 8:1—14

  • Бойжеткен (1—4)

    • “Бірге туған бауырымдай болсаң ғой!” (1)

  • Бойжеткеннің бауырлары ()

    • “Асылының құшағындағы бұл кім екен?”

  • Бойжеткен (5ә—7)

    • “Махаббат өлімдей құдіретті” (6)

  • Бойжеткеннің бауырлары (8, 9)

    • “Егер ол дуал болса... ал егер есік болса...” (9)

  • Бойжеткен (10—12)

    • “Мен дуалмын” (10)

  • Қойшы жігіт (13)

    • “Маған естіртші даусыңды”

  • Бойжеткен (14)

    • “Жүйрік киіктей тезірек келші”

8  Сен анамның төсін еміп өскен,Бірге туған бауырымдай болсаң ғой! Сүйіп алар ем сені далада кезіккенде+,Сонда мені сөкпес еді ешкім де.   Жетелеп сені қолыңнан,Тәрбиелеп өсірген анамныңӘкелер едім үйіне+. Берер ем дәмдеуіш қосқан шараптан,Анардың жаңа сығылған шырынынан.   Сол қолын төсер еді басыма,Оң қолымен алар еді құшағына+.   Ант етіңдер, уа, Иерусалим қыздары,Өзі оянбайынша, жүрегімде махаббат отын тұтатпауды+”.   “Келе жатқан бұл кім екен айдаладан,Асылының құшағында?” “Сені оятып алдым алма ағашының астынан,Сол жерде анаң қатты толғатқан,Сол жерде қиналып сені дүниеге әкелген.   Мені жүрегіңе мөрдей басшы,Білегіңе мөрдей таңба етші. Махаббат өлімдей құдіретті+,Қалтқысыз берілгендік көр* іспетті қайтпас алған бетінен. Оның жалыны — лаулаған от, Ехобаның* жалыны+.   Махаббатты тасқын сулар өшіре алмас+,Өзендер де шайып жібере алмас+. Махаббат үшін адам бар байлығын ұсынса да,Ол жеркеніш тудырып, қабыл алынбас”.   “Қарындасымыз бар кішкентай+,Қос анары әлі жетілмеген. Қарындасымызды айттырып келген күні,Не істейміз оның игілігі үшін?”   “Егер ол дуал болса,Төбесіне күмістен жиек жасаймыз. Ал егер есік болса,Қарағай тақтаймен бекітіп тастаймыз”. 10  “Мен дуалмын,Қос төсім мұнарадай. Содан да оның көзіндеТыныштық тапқан жанмын. 11  Сүлейменнің жүзімдігі болды+ Бағал-Хамонда,Сеніп тапсырды оны бағбандарға,Әрқайсысы өнімі үшін төлеу керек болды мың күміс ақша. 12  Менің өз жүзімдігім бар иелігімде. Мың күміс ақша, уа, Сүлеймен, сіздікі,Ал екі жүзі өнімін жинаған бағбандардікі”. 13  “Уа, аяулым, бақ ішінде тұратын+,Құрбы-құрдастар естиді даусыңды,Маған да естіртші оны+”. 14  “Асылым, тезірек келші,Жүйрік киіктей+,Жас бұғыдай жетші,Хош иісті шөбі бар таулардан асып келші”.

Сілтемелер

Еврейше “шеол”. Түсіндірмені қараңыз.
Сөзбе-сөз “Ях”. Ях — Ехоба деген есімнің қысқа түрі.