Титке 2:1—15

  • Жас пен кәріге арналған дұрыс ілім (1—15)

    • Құдайға ұнамсыз жүріс-тұрыстан бас тарт (12)

    • Игі істерге ынталы халық (14)

2  Ал сен бұдан былай да дұрыс ілімге сай келетінді айта бер+.  Жасы үлкендеу ер адамдар барлық жағынан байсалды, салиқалы, есті, сенімі берік, сүйіспеншілігі мен төзімділігі зор болуы тиіс.  Сол сияқты жасы үлкендеу әйелдердің де жүріс-тұрыстары қасиеттілерге лайық болуы керек. Сондай-ақ олар жалақор, шарапқа құмар болмай, қайта, ізгілікке үйретсін.  Олар өзінен кішілерді ақылға шақырып, өз күйеулері мен балаларын сүюге,  есті, пәк таза, үй шаруасына ұқыпты әрі ізгілікті болуға, күйеулеріне мойынсұнуға үйретсін+. Сонда Құдай сөзі жамандалмайды.  Жас жігіттерді де естілікке шақырудан талма+.  Барлық жағынан игі істеріңмен үлгі көрсет. Барынша салиқалы болып, пәк таза нәрселер жөнінде* тәлім бер+.  Сөздерің ешкім сынға алмайтындай дұрыс болсын+, сонда қарсыластар бізді жамандауға себеп таппай, ұятқа қалады+.  Құлдар өз қожайындарына барлық жағынан мойынсұнып+, көңілдерінен шығуға тырыссын. Оларға қарсы сөйлемесін, 10  ештеңесін ұрламасын+, қайта, толықтай сенім артуға тұрарлықтай болсын. Осылайша Құтқарушымыз Құдайдың ілімін барлық жағынан көркейтсін+. 11  Әртүрлі адамдардың құтқарылуына жол ашып+, Құдай өз рақымын анық көрсетті. 12  Бұл рақым бізді оған ұнамсыз жүріс-тұрыстан және осы дүниелік құмарлықтардан+ бас тартуға, сондай-ақ осы заманда* есті, әділ әрі оған шын беріліп өмір сүруге үйретеді+. 13  Біз керемет үмітіміздің+ ақталуын әрі ұлы Құдайдың және Құтқарушымыз Иса Мәсіхтің салтанатпен көрінуін күте жүріп, осылай өмір сүруіміз керек. 14  Бізді түрлі заңсыздыққа толы өмірден азат ету+ үшін және өзінің ерекше меншігі, яғни игі істерге ынталы халқы, етіп тазарту+ үшін Мәсіх өмірін қиды+. 15  Осыларды әрі қарай да айта бер, өйткені саған ақыл-кеңес беруге* әрі түзетуге барлық билік берілді+. Ешкімнің өзіңді менсінбеуіне жол берме.

Сілтемелер

Мүмкін: “пәк тазалықпен”.
Немесе “жігерлендіруге”.