Титке 3:1—15

  • Билікке бағыныңдар (1—3)

  • Ізгі істер жасауға дайын болыңдар (4—8)

  • Мәнсіз айтыстан, секта құратындардан аулақ бол (9—11)

  • Титке айтылған өтініштер; сәлем жолдау (12—15)

3  Мыналарды әрі қарай да естеріне сала бер: олар үкімет пен билік иелеріне бағынсын+, мойынсұнсын, барша игі іске дайын болсын,  ешкімді тілдемесін, даукес болмай, қайта, бәріне бірдей жұмсақтық танытсын+, есті*+ болсын.  Себебі біз де кезінде түйсіксіз, тілазар болдық, адасып жүрдік, түрлі қалауымыз бен құмарлықтарымыздың құлы болдық, зұлымдық пен қызғанышқа беріліп өмір кештік, өзгелерге жексұрын болдық, бір-бірімізді де жек көрдік.  Алайда Құтқарушы Құдайымыздың мейірімі+ мен адамзатқа деген сүйіспеншілігі көрсетілгенде,  ол бізді қандай да бір әділ істеріміз үшін емес+, мейірімді болғандықтан құтқарды+. Мұны ол бізді өмірге әкелу үшін тазарту*+ және киелі рухпен жаңарту арқылы істеді+.  Құтқарушы Иса Мәсіх арқылы ол бізге киелі рухын молынан берді+.  Біз оның рақымымен әділ деп жарияланғаннан кейін+, үмітімізге сай, мәңгілік өмірді+ мұра етеміз+.  Бұл — сенім артуға тұратын сөздер. Құдайға сенетіндер ізгі істер жасай беруге ден қою үшін, осы жайттарға әрдайым баса назар аударғаныңды қалаймын. Өйткені бұлар адамдарға ізгілікті әрі пайдалы.  Мәнсіз айтыстардан, шежірелерді зерттеуден, дауласудан, Заң туралы тартыстардан аулақ бол. Олар еш пайдасыз, бос әурешілік+. 10  Секта құратын+ әркімге бір-екі рет ескерту жаса+, тыңдамаса, онымен байланысты үз+. 11  Мұндай адамның жолдан адасып, күнә жасап жүргенін әрі өз үкімін өзі шығарғанын білесің. 12  Артеманы не Тихикті+ саған жібергенімде, мүмкіндігінше, Никополға келуге тырыс, себебі мен сол жерде қыстап шығуды шештім. 13  Заңды жетік білетін Зенаға және Аполлосқа жолдарына қажеттінің бәрін жақсылап дайындап беруге тырыс+. 14  Біздің бауырластар да өз мұқтаждықтарын қанағаттандыру үшін игі істер жасай беруді үйренсін+, сонда қызметтері өнімді болады+. 15  Қасымдағылардың бәрі де саған сәлем айтып жатыр. Бізді жақсы көретін бауырластарға сәлемімді жеткіз. Барлығыңа Құдайдың рақымы жаусын!

Сілтемелер

Немесе “иліккіш”.
Сөзбе-сөз “жуындыру”.