Тімөтеге 1-хат 4:1—16

  • Жындардың ілімдерінен сақтандыру (1—5)

  • Мәсіхтің ізгі қызметшісі бол (6—10)

    • Денені жаттықтыру мен шын берілгендіктің айырмашылығы (8)

  • Беріп жатқан тәліміңе ден қой (11—16)

4  Алайда Құдай рухы мынаны анық айтады: кейбіреулер Құдайдан келгендей көрінетін алдамшы сөздерге және жындардың ілімдеріне ден қойып, сенімнен тайып кететін кез келеді+.  Бұл ар-ұждандары қызған темірмен күйдірілгендей сезімсіз болып қалған екіжүзді өтірікшілердің кесірінен болады+.  Олар некеге тұруға тыйым салады+, қандай да бір тағамдарды жемеуді бұйырады+. Ал бұл тағамдарды Құдай сенімі бар әрі шындықты жақсы білетін адамдар ризашылық білдіріп жеу үшін+ жаратқан+.  Себебі Құдайдың жаратылыстарының бәрі керемет+. Ризашылықпен қабылданған ешқандай тағамнан бас тартпаған дұрыс+.  Өйткені бұндай тағамдар Құдай сөзімен және дұға арқылы қасиетті болады.  Бауырластарға осы кеңесті бергенде, сен Мәсіх Исаның ізгі қызметшісі, яғни сенім туралы сөздерден және өзің берік ұстанатын керемет ілімнен нәр алатын қызметші боласың+.  Кексе әйелдердің қасиеттіні қор қылатын аңыздары іспетті әңгімелерден аулақ бол+. Оның орнына, Құдайға шын берілгендік дамытуды мақсат етіп, жаттыға бер.  Денені жаттықтырудың шамалы пайдасы бар, ал шын берілгендік барлық жағынан пайдалы, өйткені ол қазіргі және болашақ өмірге деген уәдемен байланысты+.  Бұл сөздер сенімді, әрі оны толық қабылдау қажет. 10  Сондықтан да біз жан сала еңбек етіп, күш салып жүрміз+, себебі тірі Құдайға үміт артамыз. Ол — әртүрлі адамдардың+, әсіресе адал адамдардың Құтқарушысы+. 11  Осыларды ұстануды бұйыр, әрі оларды үйрете бер. 12  Ешкімнің өзіңді жассынып, менсінбей жүруіне жол берме. Қайта, адал болып жүргендерге сөзіңмен, жүріс-тұрысыңмен, сүйіспеншілігіңмен, сеніміңмен және пәк тазалығыңмен үлгі көрсет. 13  Мен барғанша, өзгелердің алдында оқуды+, оларға насихат айтуды*, тәлім беруді бар ықыласыңмен жалғастыра бер. 14  Ақсақалдар кеңесі үстіңе қолдарын қойып, өзің туралы пайғамбарлық еткенде алған сыйыңды елемей жүрме+. 15  Осылар туралы ой жүгірт, өзіңді соларға арна, осылайша жетістіктерің жұрттың бәріне анық көрінетін болсын. 16  Өзіңе және беріп жатқан тәліміңе әрдайым ден қой+. Ұдайы осыларды істей бер, сонда өзіңді де, тыңдаушыларыңды да құтқарасың+.

Сілтемелер

Немесе “жігерлендіруді”.