Філімонға 1:1—25

  • Амандасу (1—3)

  • Філімонның сүйіспеншілігі мен сенімі (4—7)

  • Пауылдың Онисым үшін өтінуі (8—22)

  • Хат соңында сәлем жолдау (23—25)

 Мәсіхке деген сенімі үшін түрмеде отырған Пауылдан+ және бауырласымыз Тімөтеден+ сүйікті қызметтесіміз Філімон, саған,  бауырласымыз Әпияға, майдандасымыз Арқыпқа+ және үйіңде жиналатын қауымға+:  Сендерге Құдай Әкеміз бен Иеміз Иса Мәсіх рақымын жаудырып, тыныштық сыйлай көрсін!  Сені дұғаларымда аузыма алғанда, Құдайыма үнемі ризашылық білдіремін+.  Өйткені Иеміз Исаға деген сенімің, сондай-ақ оған және қасиеттілердің бәріне деген сүйіспеншілігің жөнінде естіп жүрмін.  Ортақ сеніміміз саған Мәсіх арқылы көптеген баталарға ие болып жатқанымызды түсінуге көмектессін деп дұғамда сұраймын.  Бауырласым, сенің сүйіспеншілігің мені қатты қуантып, жұбаныш берді, өйткені қасиеттілердің көңілін сергіттің.  Сондықтан Мәсіхтің елшісі ретінде саған дұрыс әрекет етуді еркін бұйыра алсам да,  мен, Пауыл, қария ретінде, сондай-ақ қазір Иса Мәсіх үшін түрмеде отырған тұтқын ретінде, сенің сүйіспеншілігіңе жүгініп сұрап отырмын. 10  Түрмеде отырғанымда баламдай болған+ Онисым*+ жөнінде өтінемін. 11  Кезінде ол сен үшін пайдасыз болған, ал қазір саған да, маған да пайдалы. 12  Бар көңіліммен жақсы көретін оны енді өзіңе қайтарып отырмын. 13  Ізгі хабар үшін бұғауда отырған+ маған сенің орныңа қызмет көрсете беруі үшін, оны қасымда қалдырайын деп едім. 14  Бірақ жақсылықты мәжбүрлеумен емес, өз еркімен жасасын деп+, сенің келісіміңсіз ештеңе істегім келмеді. 15  Мүмкін, оның сенен уақытша кетіп қалғаны, мәңгілікке қабылдауың үшін болған шығар. 16  Енді ол құл емес+, құлдан әлдеқайда жоғары — сүйікті бауырласың+ ретінде өзіңе оралады. Ол мен үшін өте қымбат, ал сен үшін әрі құлың, әрі Иемізге қызмет етіп жүрген бауырласың ретінде одан да қымбат. 17  Мені досым деп есептесең, оны да мені қабылдағандай жылы қабылда. 18  Ал егер ол алдыңда кінәлі не қарыздар болса, онысы менің мойнымда деп есепте. 19  Мен, Пауыл, өз қолыммен жазып отырмын: онысын мен өтеймін. Өзің де өмірің үшін маған қарыздар екеніңді айтпасам да білесің. 20  Сонымен, бауырласым, Иеміз үшін сенен бір пайда көрейін: Мәсіхтің ізбасары ретінде көңілімді сергіт. 21  Сөзіме құлақ асатыныңа сеніп, тіпті менің айтқанымнан да көп нәрсе істейтініңді біліп жазып отырмын. 22  Сондай-ақ маған тұратын жер дайындап қоярсың. Өйткені дұғаларыңның арқасында сендерге қайта ораламын* деп үміттенемін+. 23  Иса Мәсіх үшін менімен қамауда отырған Епафрас+ сәлем жолдауда. 24  Қызметтестерім Марқа, Арыстарқ+, Димас+ пен Лұқа+ да сәлем айтуда. 25  Танытып жүрген жақсы рухтарың үшін Иеміз Иса Мәсіх сендерге рақымын жаудыра берсін!

Сілтемелер

Мағынасы “пайдалы”.
Немесе “сендер үшін босатыламын”.