Шежірелер 1-жазба 1:1—54

  • Адамнан Ыбырайымға дейінгі шежіре (1—27)

  • Ыбырайымның үрім-бұтағы (28—37)

  • Едомдықтар, олардың патшалары мен шейхтары (38—54)

1   Адам,Сет+,Енос,  Қайнан,Мақалалел+,Иәрет+,  Енох+,Мәтусала,Ләмех+,  Нұх+,Шам+, Хам және Япші+.  Япшінің ұлдары: Гомер, Магог, Мадай, Ябан, Тұбал+, Мешех+ және Тирас+.  Гомердің ұлдары: Ашкеназ, Рифат, Тоғарма+.  Ябанның ұлдары: Елишах, Тарсис, Киттим және Роданим*.  Хамның ұлдары: Құш+, Мысырайым, Пут және Қанахан+.  Құштың ұлдары: Себа+, Хабила, Сапта, Рахама+ және Саптеха. Рахамадан Шеба және Дедан туылды+. 10  Құштан Нымрод туылды+. Ол жер бетіндегі алғашқы айбарлы адам еді. 11  Мысырайымнан туылған мыналар: Лудим+, Анамим, Лехабим, Нафтухим+, 12  Патрусим+, Қаслухим (одан філістірлер+ тараған) және Қапторим+. 13  Қанаханнан тұңғыш ұлы Сидон+, кейін Хет туылды+. 14  Сондай-ақ одан мыналар тарады: ебустіктер+, аморлықтар+, гергестіктер+, 15  хевтіктер+, аркілер, синдер, 16  арвадтықтар+, семарлар және хаматтықтар. 17  Шамның ұлдары: Елам+, Ашшур+, Арпақсат, Луд және Арам.Сондай-ақ* Ұз, Хұл, Гетер және Маш+. 18  Арпақсаттан Шелах+, Шелахтан Ебер туылды. 19  Ебердің екі ұлы болды. Бірінің аты — Пелек*+, өйткені соның күндерінде жер* бөлінген еді. Ал екіншісінің аты — Жоқтан. 20  Жоқтаннан Алмодат, Шалеф, Хазармабет, Жерах+, 21  Хадорам, Ұзал, Диқла, 22  Обал, Әбімәйіл, Шеба, 23  Опыр+, Хабила+ және Жобаб туылды. Бұлардың бәрі Жоқтанның ұлдары. 24  Шам,Арпақсат,Шелах, 25  Ебер,Пелек+,Регу+, 26  Серух+,Нахор+,Тарах+, 27  Ыбырам, яғни Ыбырайым+. 28  Ыбырайымнан Ысқақ+ пен Ысмағұл+ туылды. 29  Олардан тараған ұрпақ мыналар: Ысмағұлдың тұңғышы Набайот+, одан кейін Кедар+, Әдбел, Мипсам+, 30  Мишма, Дума, Масса, Хадад, Тема, 31  Етур, Нафиш және Кедма. Бұлар Ысмағұлдың ұлдары. 32  Ыбырайымның кәнизагы Кетурадан+ көрген ұлдары мыналар: Зимран, Жоқшан, Медан, Мадиян+, Ишбақ және Шуах+. Жоқшаннан Шеба мен Дедан+ туылды. 33  Мадиянның ұлдары: Ефа+, Ефер, Ханох, Әбида және Елдаға. Бұлар Кетурадан тараған ұрпақ. 34  Ыбырайымнан Ысқақ+, Ысқақтан Есау+ мен Исраил+ туылды. 35  Есаудың ұлдары: Елифаз, Рәгуел, Еуш, Яғлом және Қорах+. 36  Елифаздың ұлдары: Теман+, Омар, Зефо, Ғатам, Кеназ, Тамна және Амалек+. 37  Рәгуелдің ұлдары: Нахат, Зарах, Шамах, және Мизах+. 38  Сейірдің+ ұлдары: Лотан, Шобал, Зибеон, Анах, Дишон, Езер және Дишан+. 39  Лотанның ұлдары: Хори және Хомам. Тамна Лотанның әпкесі болатын+. 40  Шобалдың ұлдары: Албан, Манахат, Евал, Шебо және Онам. Зибеонның ұлдары: Аях және Анах+. 41  Анахтың ұлы Дишон. Дишонның ұлдары: Хемдан, Ешпан, Итран және Керан+. 42  Езердің+ ұлдары: Білхан, Зағауан және Ақан. Дишанның ұлдары: Ұз және Аран+. 43  Исраилдіктерді патша билемей тұрғанда, Едом жерінде+ келесі патшалар билік құрды+: Беғор ұлы Бела, оның қаласы Динхаба деп аталды. 44  Бела қайтыс болған соң, оның орнына босралық+ Зарах ұлы Жобаб патша болды. 45  Жобаб дүниеден өткен соң, орнына темандықтардың жерінен шыққан Хушам патша болды. 46  Хушам көз жұмған соң, Моаб жерінде Мадиянды жеңген Бедат ұлы Хадад оның орнына патша болды. Хададтың қаласы Ауит деп аталды. 47  Ал Хадад қайтыс болғаннан кейін, билік басына масректік Самла келді. 48  Самла дүниеден өткен соң, орнына Шаул патша болды. Ол өзеннің бойында орналасқан Рехоботтан еді. 49  Шаул қайтыс болған соң, орнына Ахбор ұлы Бағал-Ханан билік ете бастады. 50  Бағал-Ханан дүние салғаннан кейін, орнына Хадад патша болды. Оның қаласының аты Пау еді. Ал әйелінің аты — Мехетабел. Ол Матредтің қызы, Месахабтың немересі болатын. 51  Кейін Хадад та қайтыс болды. Едомның шейхтары* мынау: шейх Тамна, шейх Алуах, шейх Етет+, 52  шейх Охолибама, шейх Елах, шейх Пинон, 53  шейх Кеназ, шейх Теман, шейх Мипсар, 54  шейх Магдиел және шейх Ирам. Бұлар Едомның шейхтары.

Сілтемелер

М1ж 10:4-те “Доданим”.
Кейінгілер Арамның ұлдары. М1ж 10:23 қараңыз.
Немесе “жер тұрғындары”.
Мағынасы “бөліну”.
“Шейх” деп рубасын атаған.