Шежірелер 1-жазба 10:1—14

  • Саул мен ұлдарының өлімі (1—14)

10  Філістірлер Исраилге қарсы аттанды. Исраилдіктер олардан қаша жөнелді. Олардың көбі Гелбоя тауында қаза болды+.  Філістірлер Саул мен ұлдарын өкшелей қуып, оның Жонатан, Әбинадап, Малхишуа+ деген ұлдарын өлтірді.  Ал Саулдың айналасында шайқас күшейе түсті. Сол кезде оған садақшылардың жебесі тиіп, жараланды+.  Сонда Саул қару-жарағын алып жүретін жігітке: “Семсеріңді қынабынан суырып, маған сұғып ал! Әйтпесе мына сүндеттелмегендер келіп, мені қорлап жүрер+”,— деді. Бірақ жігіт қатты қорқып, олай еткісі келмеді. Сонда Саул семсерін алып, өзіне қаратты да, үстіне құлай салды+.  Саулдың өлгенін көргенде, оның қару-жарағын алып жүретін жігіт те семсерінің үстіне құлап өлді.  Осылайша Саулдың өзі, оның үш ұлы мен үй ішінің бәрі қаза болды+.  Аңғарда тұратын исраилдіктер Исраил әскерінің қашқанын, ал Саул мен ұлдарының қаза болғанын көргенде, қалаларын тастап қашып кетті. Філістірлер болса олардың қалаларына кіріп алды.  Келесі күні філістірлер қаза болғандарды тонауға келгенде, Гелбоя тауында өліп жатқан Саул мен ұлдарының мәйітіне тап болды+.  Олар Саулдың басын шауып алды, сауыт-сайманын да сыпырып алып, өздерінің пұттарына+ және жұрт арасында хабарлау үшін філістірлер жерінің шартарабына шабармандар жіберді. 10  Сосын олар Саулдың сауыт-сайманын құдайларының ғибадатханасына, ал басын Дагон деген тәңірлерінің үйіне+ апарып қойды. 11  Ябес-Ғалақат+ тұрғындары філістірлердің Саулға не істегенінің бәрін естігенде+, 12  қаланың ер-азаматтары жиналып, жолға шықты. Олар Саул мен оның ұлдарының денелерін Ябеске әкеліп, сүйектерін Ябестегі бір үлкен ағаштың түбіне көмді де+, жеті күн ораза тұтты. 13  Осылай Саул қаза болды, себебі ол Ехобаның сөзіне мойынсұнбай, Ехобаға опасыздық жасады+. Сондай-ақ ол аруақ шақырушыға жүгінді+, 14  ал Ехобадан басшылық іздемеді. Сондықтан ол оған өлім құштырып, патшалық билігін Есей ұлы Дәуітке берді+.

Сілтемелер