Шежірелер 1-жазба 11:1—47

  • Исраил ақсақалдарының Дәуітті патша етіп майлауы (1—3)

  • Дәуіттің Сионды жаулап алуы (4—9)

  • Дәуіттің мықты сарбаздары (10—47)

11  Біраз уақыт өткен соң күллі исраилдіктер Хебронға+ келіп, Дәуітке былай деді: “Біз сенің бауырларыңбыз*+.  Елді Саул билеп тұрғанда, Исраилді жорықтарға бастап жүрген өзің едің+. Ехоба саған: —Халқым Исраилдің бағушысы әрі басшысы болатын сенсің,— деген еді ғой+”.  Осылайша Исраилдің күллі ақсақалдары Хебронға келді де, Дәуіт олармен Ехобаның алдында келісім жасасты. Сосын олар Ехобаның Самуил арқылы айтқан сөзіне сай+, Дәуітті Исраилдің патшасы етіп майлады+.  Кейінірек Дәуіт пен күллі Исраил Иерусалимге, яғни ебустіктер+ тұрып жатқан Ебус қаласына+ қарсы аттанды.  Бірақ Ебустің тұрғындары: “Сен ешқашан мұнда кірмейсің!”— деп, Дәуітті мазақ қылды+. Алайда Дәуіт Сион+ қамалын басып алды. Ол қазір “Дәуіттің қаласы”+ деп аталады.  Дәуіт: “Кім бірінші болып ебустіктерге шабуыл жасаса, сол қолбасшы әрі бекзада болады!”— деді. Сонда Сарұяның ұлы Жоғаб+ қалаға бірінші болып көтерілді де, қолбасшы болды.  Дәуіт сол қамалға келіп орнықты, сондықтан жұрт оны “Дәуіттің қаласы” деп атап кетті.  Патша Миллодан* бастап қалада құрылыс жұмыстарын жүргізді. Жоғаб болса қаланың қалған бөліктерін қайта тұрғызды.  Дәуіт барған сайын күшейе беріп+, Әскербасы Ехоба оған жар болып жүрді. 10  Оның мықты сарбаздарының есімдері төменде келтірілді. Ехобаның Исраилге берген уәдесіне сай, олар күллі Исраилмен бірге Дәуітті патша ету үшін оған мықты қолдау көрсетті+. 11  Дәуіттің батыр сарбаздарының тізімі мынау: біріншісі — үш батырдың басшысы болған хахмонилік Яшобам+. Бір шайқаста ол 300 адамды найзамен түйреп өлтірді+. 12  Екіншісі — ахохилік+ Додо ұлы Елазар+. Ол үш батырдың бірі еді. 13  Елазар філістірлер шайқасқа жиналған Пас-Дамимде+ Дәуітпен бірге болды. Сол жерде арпа бітік шыққан танап бар еді. Жұрт філістірлерден кейін шегінді. 14  Бірақ Елазар танаптың ортасына тұрып алып, філістірлермен шайқасып, егінді қорғады. Осылай сол күні Ехоба Исраилге зор жеңіс сыйлады+. 15  Отыз басшының үшеуі Адоллам үңгіріне Дәуітке келді+. Бұл кезде філістірлер әскері Рефаимдер аңғарына қос тіккен еді+. 16  Олардың қарауыл тобы Бетлехемде болды, ал Дәуіт адам аяғы баспайтын жерде еді. 17  Бір уақытта Дәуіт шөлдеп: “Қазір Бетлехем+ қақпасының жанындағы құдықтан* бір жұтым су болса ғой, шіркін!”— деді. 18  Сонда әлгі үшеуі філістірлер қосының арасымен өтіп, Бетлехем қақпасының жанындағы құдықтан су алып келді. Бірақ Дәуіт оны ішпей, Ехобаның алдында жерге төкті. 19  Ол: “Мына суды қалай ішпекпін?! Бұлай істеуден Құдай сақтасын! Бұл — бастарын қатерге тіккен батырлардың қаны ғой+!”— деп, суды ішпей қойды. Үш батыр осындай істер жасаған еді. 20  Жоғабтың бауыры Әбісай+ осы үшеуінен басқа үш батырдың басшысы болды. Ол 300 адамды найзамен түйреп өлтіріп, әлгі үш батыр сияқты атақты болды+. 21  Әбісай үш батырдың екеуінің басшысы әрі олардан атақты болғанмен, алғашқы үш батырдың дәрежесіне жетпеді. 22  Еходайдың Бенаях+ деген ержүрек ұлы Кәбселде+ талай ерлік жасады. Ол моабтық Ариелдің екі ұлын мерт қылды және қар жауып тұрған күні су сақтайтын шұңқырға түсіп, бір арыстанды өлтірді+. 23  Сондай-ақ ол бойы бес шынтақ* алып мысырлықтың көзін құртты+. Мысырлықтың қолында тоқымашының кергі ағашындай найзасы бар еді+. Ал Бенаях таяқпен ғана шығып, оның найзасын жұлып алды да, сонымен алыптың өзін сұлатып салды+. 24  Еходай ұлы Бенаях осындай істер жасап, әлгі үш батыр сияқты атақты болды. 25  Ол 30 батырдан атағы жоғары болғанмен, үш батырдың+ дәрежесіне жетпеді. Сөйтсе де Дәуіт оны оққағарларының басшысы етіп тағайындады. 26  Әскердегі мықты сарбаздар мыналар еді: Жоғабтың бауыры Асахел+, бетлехемдік Додо ұлы Елханан+, 27  харорлық Шаммот, пелондық Хелес, 28  текоялық Икеш ұлы Ира+, анатоттық Әбиезер+, 29  хушалық Сибекай+, ахохилік Илай, 30  нетопалық Махарай+, нетопалық Бағанах ұлы Хелед+, 31  Бениямин+ жеріндегі Гибеядан шыққан Рибай ұлы Етай, пиратондық Бенаях, 32  Гағаш+ өзен аңғарларынан шыққан Хұрай, арабалық Әбиел, 33  бахуримдік Азмаует, шағалбондық Елияхпа, 34  гизондық Хашемнің ұлдары, харарлық Шаги ұлы Жонатан, 35  харарлық Сакар ұлы Ахиям, Ур ұлы Елипа, 36  мекераттық Хефер, пелондық Ахия, 37  кармилдік Хесрай, Езбай ұлы Нағарай, 38  Натанның бауыры Жоел, Хагри ұлы Мибхар, 39  аммондық Селек, бероттық Нахарай, Сарұяның ұлы Жоғабтың қару-жарағын алып жүретін жігіт, 40  итірлік Ира, итірлік Ғареп, 41  хеттік Ұрия+, Ахлай ұлы Забад, 42  рубендіктердің басшысы болған Шиза ұлы Адина және оған ерген 30 сарбаз, 43  Мағақ ұлы Ханан, митнилік Жошафат, 44  аштароттық Ұзия, арогерлік Хотамның ұлдары Шама мен Жейел, 45  Шимри ұлы Едиел және оның бауыры тистік Жоқа, 46  махабтық Елиел, Елнағамның ұлдары Ерібай мен Жошаях, моабтық Иетмах. 47  Елиел, Ғабит, месобайлық Ясаил.

Сілтемелер

Сөзбе-сөз “сүйегің мен етіңбіз”.
Еврей сөзінің мағынасы “үйінді”.
Немесе “су қоймасынан”.
Шамамен 2,23 м. Ә14 қосымшасын қараңыз.