Шежірелер 1-жазба 12:1—40

  • Дәуіттің патшалығын қолдағандар (1—40)

12  Дәуіт Қиш ұлы Саулдан жасырынып, еркін жүріп-тұра алмады+. Сол кезде төменде аты аталған кісілер Секелагқа+ келіп, оған қосылды. Бұлар Дәуітке шайқаста қолғабыс еткен мықты сарбаздар еді+.  Олар садақпен қаруланған болатын, әрі оң қолымен де, сол қолымен де+ сақпан+ және садақ ата алатын. Бұл кісілер Саулдың бауырлары, бенияминдіктер еді+.  Дәуітке қосылған мына кісілер: олардың басшысы Ахиезер мен оның бауыры Жоғаш (бұл екеуі гибеялық+ Шемахтың ұлдары еді); Азмауеттің+ ұлдары Езиел мен Пелет, Берах, анатоттық Иқу,  отыз батырдың бірі+ әрі солардың басшысы гибеондық+ Ишмая, Еремия, Жахазиел, Жоханан, гедералық Жозабад,  Елүзай, Еримот, Белиях, Шемариях, хариптік Шафатиях,  қорахтықтар+: Елқана, Ишиях, Азарел, Жохезер және Яшобам,  гедорлық Ерохамның ұлдары Жохелах пен Забадия.  Адам аяғы баспайтын жерлерде жүрген Дәуітке+ бірнеше ғадтық да келіп қосылды. Олар соғысуға машықтанған, қалқан-найзалары әрқашан дайын тұратын мықты сарбаздар еді. Түрлері арыстандай айбарлы, өздері тау киігіндей жүйрік болатын.  Олардың басшысы — Езер, одан кейін — Абадия, үшіншісі — Елияп, 10  төртіншісі — Мишманақ, бесіншісі — Еремия, 11  алтыншысы — Аттай, жетіншісі — Елиел, 12  сегізіншісі — Жоханан, тоғызыншысы — Елзабад, 13  оныншысы — Еремия, он біріншісі — Махбанай. 14  Бұлар ғадтықтар+ әрі қолбасылар еді. Олардың осал дегендері 100, ал мықты дегендері 1000 адамға тойтарыс бере алатын+. 15  Аты аталған қолбасылар бірінші айда суы арнасынан тасып жатқан Иордан өзенін кесіп өтті де, аңғар тұрғындарының бәрін қуып тастап, батыс пен шығысқа бытыратып жіберді. 16  Дәуіт бекініп жатқан жерге+ кейбір бенияминдіктер мен яһудалықтар да келіп қосылды. 17  Сонда Дәуіт олардың алдынан шығып: “Егер бейбіт ниетпен көмекке келген болсаңдар, одақтасым ретінде құшақ жая қарсы аламын. Ал ешкімге жамандық жасамасам да, опасыздықпен жауларыма ұстап беруге келсеңдер, ата-бабамыздың Құдайы мұны көріп, өзі төрелік етсін+”,— деді. 18  Сонда отыз батырдың басы Ғамасайға Құдай рухы қонып+, ол былай деді: “Уа, Дәуіт, біз сенікіміз! Уа, Есей ұлы, біз сенімен біргеміз+! Амандық пен тыныштық болсын! Саған да, сені қолдайтындарға да амандық пен тыныштық болсын!Өйткені сенің көмекшің — Құдай+!” Сонда Дәуіт оларды қабылдап, жасақтарына басшы етіп қойды. 19  Дәуіт філістірлермен бірге Саулға қарсы шайқасқа аттанғанда, оған кейбір манасалықтар да келіп қосылған еді. Бірақ Дәуіт філістірлерге көмектескен жоқ, себебі філістірлердің билеушілері+: “Ол қожайынының жағына өтіп кетіп, басымыздан айырылып қалармыз”,— деп, оны қайтарып жіберген болатын+. 20  Дәуіт Секелагқа+ келгенде, оған манаса руынан мыналар келіп қосылды: Адынах, Жозабад, Едиел, Микайл, Жозабад, Елиху, Силетай. Бұлар манасалықтардың мыңбасылары+ болатын. 21  Олар Дәуітке шапқыншылармен күресуге көмектескен шетінен мықты, ержүрек жігіттер еді+. Кейін олар Дәуіттің әскерінің қолбасылары болды. 22  Күн сайын Дәуітке адамдар келіп қосыла берді+. Ақырында оның әскері Құдай әскері іспетті, қалың қолға айналды+. 23  Ехобаның нұсқауымен Саулдың орнына Дәуітті патша ету үшін, мұздай қаруланып Хебронға+ келген сарбаздар саны төмендегідей+: 24  яһудалықтардан үлкен қалқан және найза ұстаған 6800 кісі. 25  Шимондықтардан 7100 мықты әрі ержүрек сарбаз. 26  Леуі руынан 4600 адам. 27  Харон ұлдарының+ басы Еходай+ мен оған ерген 3700 адам. 28  Садық+ деген мықты әрі ержүрек жігіт және оның әулетінен 22 басшы. 29  Бенияминдіктерден, Саулдың бауырларынан+, 3000 адам. Олардың көбісі кезінде Саул үйінің мүддесін қорғағандар. 30  Ефремдіктерден өз әулеттерінде атағы шыққан 20 800 мықты әрі ержүрек кісі. 31  Манаса руының жартысынан 18 000 адам. Олар Дәуітті патша ету үшін есімдері аталып, арнайы тағайындалғандар. 32  Исахар руынан 200 басшы. Бұл уақыт ағымына қарай Исраилдің не істеуі керектігін айыра білетін кісілер еді. Барлық бауырлары солардың басшылығымен жүретін. 33  Забулон руынан әскерге жарамды әрі түрлі қарумен жабдықталған 50 000 адам. Олар Дәуітке бар жүрегімен берілген сарбаздар еді. 34  Нафталим руынан 1000 басшы, олардың үлкен қалқан және найза ұстаған 37 000 адамы болды. 35  Дан руынан 28 600 адам сап түзеп шықты. 36  Ашир руынан әскерге жарамды 40 000 адам сап түзеп шықты. 37  Иорданның арғы бетіндегі+ рубендіктер, ғадтықтар мен манасаның жарты руынан қару-жарақтың барлық түрімен жабдықталған 120 000 кісі қосылды. 38  Бұлардың бәрі сап түзеп шайқасуға дайын сарбаздар еді. Олар бар жүректерімен Дәуітті патша етуді қалап, Хебронға келген болатын. Сондай-ақ күллі Исраил Дәуітті патша ету үшін бір кісідей жұмылды+. 39  Олар Дәуіттің қасында үш күн болып, ішіп-жеді. Яһудалық бауырлары оларға ас-ауқат әзірлеп қойған еді. 40  Сонымен қатар Исахар, Забулон, Нафталим сияқты алысты-жақынды аймақтарда тұратындар да есек, түйе, қашыр және ірі қара малдарға артып, ұн, інжір және мейіз күлше, шарап, май, сиыр-қой етін көптеп әкеліп жатты. Өйткені күллі Исраил зор қуанышқа бөленген еді.

Сілтемелер